Жоспары
1.Үлкен топтар арасындағы қарым – қатынас.
2.Жеке адам арасындағы “жалпы коммуникация” жүйесінің өзара әрекеттестік деңгейі.
3.Қарым – қатыныстың негізгі функциялары: хабар алмасу- коммуникация, адамдардың өзара түсінігі – интеракция, адамдардың бірін- бірі бағалауы – перцепция.
- Психолог- практиктің әлеуметтік психологияны практикалық іс — әрекет ретіндегі қалыптастыруы.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
- Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:
3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.
4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994
5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983
6.История зарубежной психологии МГУ1986
7.История советской психологии труда МГУ 1983
8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.
Коммуникативтік кедергілердің себебі неде? Неге адамдар өзгенің ақпаратынан алшақтайды? Реципиентке арналған кез – келген ақпарат мазмұнының астарында оның тәртібіне, ахуалына, сезімдеріне, пікірлеріне, талап – тілектеріне толық не жартылай өзгеру мақсатында ықпал етіледі. Бұл жағынан алғанда, коммуникациялық кедергі дегеніміз – ақпарат алмасу кезіндегі өзгенің психикалық ықпалынан психологиялық қорғану түрі.
Коммуникациялық ықпалдау шарттары мен түрлерін талдасақ, оның екі типін анықтаймыз. Коммуникатордың реципиентке жасаған әсерінің мақсаты мен құралдарына орай әміршіл және диалогтық коммуникация типтеріне бөлінеді.
Әкімшіл және коммуникацияны салыстыру кестесі.
Коммуникацияны
талдау көрсеткішлері |
Әкімшіл
коммуникация |
Диалогтық коммуникация
|
||||||||||
1.Психологиялық ұстаным | “жоғарыдан- төменге” | “тепе — тең” | ||||||||||
2.Мәтіннің сипаты
|
а)жалпылама сөздер
ә)тыңдаушы ерекшеліктерін ескермеу б) сезімдері жасыру в) аксималық мазмұн |
а) өз атынан сөйлеу
ә)тыңдаушы ерекшеліктерін ескеру б) өз пікірін ашық жариялау в) пікірталастық сипаттағы мазмұн |
||||||||||
3.Коммуникациялық кеңістік
|
Монофония
|
Полифония
|
||||||||||
4.Коммуникациялық кеңістіктікті ұйымдастыру тәсілдері
|
|
|||||||||||
5. Бейсөздік тәртіп
|
Жабық ишаралар, “тыңдаушыға үстінен қарау”
|
Ашық ишаралар, бір кеңістік деңгейінде
|
Екі типтің айырмашылығы коммуникатордың ұстанымына мәтіннің сипатына,коммуникациялық кеңістікке, кеңістіктің ұйымдастырылуына, бейсөздік тәртіпке орай анықталады.
Психологиялық ұстаным автордың коммуникациялық стилін белгілейді. Әкімшілдік ықпал етуде “жоғарыдан – төменге” ұстанымы, диалогта – “тепе — тең” ұстанымы жүзеге асады. “Жоғарыдан — төменге” ұстанымдағы коммуникатор үшін реципиент бағынышты халде, тек еріксіз тыңдап, коммуникатордың сөзін сынсыз қабылдауы керек. осы бағыттағы коммуникатордың пайымдауынша, реципиенттің өз пікірі жоқ, бар болса да оны коммуникаторға қажетті бағытта өзгерте салады. “Тепе — тең”ұстанымда тыңдаушы коммуникатор жағынан ортақтасудың белсенді, өз пікірін қорғай алатын мүшесі ретінде қарастырылады.