Қарым – қатынастың әлеуметтік субъектілердегі өзара әрекеті

Жоспары.

1.Тілдің психотехникасы.

  1. Қарым – қатынаста өзара түсіністіктің механизмі.
  2. Әлеуметтік жағдайлар Р.Ф.Бейле бойынша.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367

Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

6.История зарубежной психологии МГУ1986

7.История советской психологии труда МГУ 1983

8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984

Лекция мәтіні.

Әлеуметтік психология пәнінің қалыптасуынын алғашқы сатысы XIX ғасырдың 1908 жылы қамтиды.

Әлеуметтік психология алғашқы іргелі мәселелері пайда болды. Осы кезеңде әлеуметтік психология мәселелері көптеген маман иелерін психологтар, социологтар, философтар, этнографтарды елеңдетті. Екінші кезеңде XX-ғасыр 40 жылдардан әлеуметтік психологияпайда болды. Бұл кезеңдегі белгілі әлеуметтік психология өкілі К.Левин болды. Ол топтық динамика теориясын енгізді.

Үшінші кезең 40- жылдардан орта шені.Әлеуметтік мәселелерді тәжірбиелік тұрғыдан шешу кезеңі.

XIX ғасырдың соңы мен XX-ғасырдың басында әлеуметтік психология жөніндегі теориялық концепциялар жасалынды. 1859 жылы Германияда жаңа басылым “Халық психология мен тілтану журналы” аттты еңбек шықты. Оның авторлары: тілтанушы Штейнталь және философ Лацарус еді.

Олар ғылымның негізгі мәнін түсіндіруге тырысты, халықтық психология, халықтық сана жөнінде пікірлер айтты.

Бертін келе әлеуметтік психология тұжырымдарын неміс ғалымы Вундт жасады.

Ол өзінің халықтық психология жөніндегі он томдық еңбегін жазды. Вундт екі психологиялық мәселе жөнінде зерттеді:

Интеракциялық әдіс арқылы өзін — өзі тану мәселелерін, жас тұлғаның санасына ұлттық психологияның ықпал етуі жөнінде мәселелерді зерттеді.

Онда жұртшылық санасына және элиталардың, жалпы мәдениет құралдарынан қоғамдық санаға және жеке тұлға санасына ықпалын зерттеді.

Әлеуметтік мінез – құлық инстинкті тұжырымдамасын Манк – Дугалл жасады.

ГМ.Андреевтің тұжырымдауы бойынша психология және социология әлеуметтік психология ғылымының анасы. Г.М.Адреевтің анықтамасы бойыншаәлеуметтік психология- мінез – құлық заңдылықтарын, адамдармен қарым – қатынасын әлеуметтік топтың ерекшеліктері және психологиялық маңызы жөнінде зерттейді.

Қарым – қатынас әдіснамалық теориялық, эмперикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Қарым – қатынас бұл бірыңғай іс — әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуын жан – жақты үрдісі.Қарым – қатынас – бұл адамдардың бір – бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінсу түрінде аңғарылады. Соңғы жылдары ғылымда “қатынас” ұғымы мен қатар “коммуникация” ұғымы қолданылады.Адам өзінің іс — әрекетінде және күнделікті тұрмысында әр уақытта қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым – қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Сонымен сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым – қатынас үрдісі. Сөйлеу мен тіл бір – бірімен байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.