Әлеуметтік психологияның методологиялық негіздері

Жоспары.

  1. Жалпы методология және жекелеген методология.
  2. Зерттеу әдістерінің түрлері, топтағы бөлінуі.
  3. Мәдени психологиялық тренинг әдістері.
  4. Қарым – қатынастың философиялық және анторпологиялық теориясы.
  5. Диалогты ұйымдастырудың негізгі мөлшері және принциптері.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367

Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

6.История зарубежной психологии МГУ1986

7.История советской психологии труда МГУ 1983

8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984

Лекция мәтіні.

Әлеуметтік психология ғылымы басқа ғылымдар сияқты өз алдына ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасты.

1908 жылдан бастап У.Манк – Дугол және Э.Росс еңбектері жарық көргеннен кейін бұл ғылым кеңінен таныла бастайды.

Өз жұмыстарында алғаш “әлеуметтік психология” терминін қолданды.Алғашқы әлеуметтік психология мәселелері ерте кезде философия ғылымынын зерттеулері XIX ғасырда басталды.

Әлеуметтік психология пәні топтағы қоғамдағы және тұлғаның алатын орнын зерттейді. Психология ғылымы сияқты әлеуметтік психология және тұлғаның психалық процестерін ғана емес, әлеуметттік қарым – қатынастағы ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын зерттейді.

Әлеуметтік психология әлеуметтік сана мен жалпы психаны зерттейді, әлеуметтік психология философия ғылымының құрамдас бір бөлігі болып келді, әлеуметтік психология философия, психология, социология этнография, әдебиет т.б. ғылымдармен байланыста дамиды.

Әлеуметтік психология қоғамдық сананың және тұлғаға әсері қарым – қатынас ықпалын анықтайды:

Адам мен қоғам арасындағы келіспеушілік жағдайларда болдырмау мәселелерін қарастырады.

Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі әдістемелік мәселе қамтылды:

1.Үлкен , ірі топтардағы психологиялық әлеуметтік жағдайлар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар жеткізіледі.

2.Кіші топтардағы психологиялық — әлеуметтік жағдайлар оларға корпарациялар, ұжымдар, топтар т.б. енеді.

3.Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік психологиялық орны, адамның өзін — өзі бағалай білуі, ұстамдылығы, бағыт – бағдары, табандылығы, ұжымшылдығы, тұрақтылығы т.б. зерттеуге мән беріледі.

Әлеуметтік психологиялық зерттеу дегеніміз – жеке және топтық субъектілердің өзара әсерлесу нәтижелерінде пайда болатын психологиялық заңдылықтарын ашу мақсатында жүргізілетін ғылыми зерттеу түрі. Әлеуметтік психологиялық құбылыстардың негізгі қайнар көзі.

а) жекелік және топтың, іс-әрекет пен қатар сипаты;

б) өмір сүру стилі мен ерекшеліктері;

в) даралық және топтық сана ерекшеліктері (әлеуметтік тоқтамдар, құндылықтар, баға пікір, қарым – қатынас, күтім т.с.с.;

г) даралық және топтық шама, сана, сансыздық (әлеуметтік …………);

д) даралық және топтық материалды және рухани іс — әрекеттерінің нәтижелері;

е) жеке адамның, топтық өміріндегі жағдайлар.

Әлеуметтікпсихологиядағы зерттеу әдістер қатарына мыналар жатады.

1.Бақылау әдісі зерттеушінің рөліне байланысты,бақылау қатынасты және қатынассыз болып бөлінеді.

  1. Ұйымдастыруға байланысты: табиғи және лабороториялық
  2. Нәтижелерді талдау әдістері.
  3. Ақпаратты қабылдау тәсіліне байланысты.
  4. Қолдану мақсатына байланысты.
  5. Мәртебесіне байланысты.
  6. Құжаттың деңгейіне байланысты.

Әлеуметтік психологияда сауалнама әдісі пайданылады. Олар :

  1. Алдын ала ақпарат жинауға.
  2. Жаңа әдістемені тәжірибеден өткізу үшін .
  3. Алынған мәліметтерді нақтылау мақсатында.
  4. Әлеуметтік психологиялық ақпарат жинау үшін.

Жеке адамдарды топтық бағалау әдісі қолданылады. Бұл әдіс салыстыру және баллдық шкала бойынша жүргізіледі.