Әлеуметтік психолгияның ғылыми білімдер жүйесіндегі дамуы

Жоспары.

  1. Әлеуметтік психолгия пәнінің міндеттері.
  2. Әлеуметтік психологияның теориялық және эмпирикалық қайнар көзі. Г.Гиби, М.Форберг
  3. Маркстік әлеуметтік психолгияға кіріспе.
  4. Методология, феноменология, праксипология.
  5. Қазіргі кездегі психология пәніне қатысты негізгі үш түрлі көзқарастарға сипаттама.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
  2. Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367

Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

  1. История зарубежной психологии МГУ1986
  2. История советской психологии труда МГУ 1983
  3. Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
  4. Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
  5. Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984

Лекция мәтіні.

Әлеуметтік психология пәні мынадай құбылыстарды қарастырады.

1.Түрлі әлеуметтік топтар (отбасы, түрлі ұжымдар т.б.), әлеуметтік қатынас жүйесі, (саяси басқару) және адам бірлік барады т.б. психологиялық процестерді қасиеттерді көңіл жүйелерді зерттейді.

2.Адамдардың өзара ықпал ету, әсерлесу феноменін зерттейді. Мысалы: ерлі-зайыптылар, жеке топ т.б.

3.Тұтас құрылым реттегі түрлі топтағы психологиялық процестер, қасиеттермен, күйлер.

4.Көпшілік мінез – құлқы өсек, сән, бұқаралық интузиазизм, апатия, қорқыныш, үрей т.б. сенімді бұқаралық психологиялық құбылыстар. Сонымен әлеуметтік индивитті және топты сипаттайтын психологиялық құбылыстарды (психологиялық процестер күйлер) зерттейді.

Әлеуметтік психологиялық зерттеудің нысанасына әлеуметтік психологиялық құбылыстарды тудырушылар жатады. Оларға: топтағы жеке адам “Жеке – жеке адам” жүйесі (ата-ана, бала), кіші топ (семья, достар т.б.), “Жеке адам – топ жүйесі” (жеке адам лидер – бағын-р), “Топ-топ жүйесі” үлкен әлеуметтік топ (партия т.б. жатады). Әлеуметтік психологияның құрылымы түрлі тарихи кезеңдері екі өзара тығыз байланысты процестердің нәтижесі болып табылады.

Дифференсация – яғни әлеуметтік психологияны тарау, бөлімге бөлу. Интеграция – мұнда әлеуметтік психологияны тек психологиялық ғылымдар мен емес сонымен қатар ғылымның басқа салаларымен байланыстырып біріктіру. Әлеуметтік психологияны бөлу үрдісі көптеген негіздерге сүйенеді. Біз бірнеше басты бағыттарды қарастырайық.

1.Көптеген әлеуметтік психологиялық құбылыстарды талдау, әдістемесінің бағыттары : теориялық, эмперикалық эксперименттерді және тәжірибелік әлеуметтік психологияны тудырады.

2.Адам өмірінің түрлі қырларын қарастыра келе әлеуметтік психологияның еңбек, қарым-қатынас әлеуметтік таным, шығармашылық ойын т.б. секілді салалары қалыптасады.

3.Қоғамдық өмірге әлеуметтік психологияның: өндірістік ауыл-шаруашылық сауда білім, спорт, өнер, салалары қамтиды. Қазіргі кезде экономика жарнамасы, туризм, әлеуметтік психологиясы қарқынды дамуды.

4.Негізгі зерттеу нысанасына сәйкес қазіргі әлеуметтік психология келесі бөлімдергебөлінген. Жеке адам әлеуметтік психологиясы, өзара қарым-қатынас психологиясы; кіші топтар әлеуметтік психологиясы; топ аралық қарым-қатынас психологиясы; үлкен әлеуметтік топттардан бұқаралық құбылыстар психологиясы.