Кәсіптік білім беруде педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру

Жоспар.

  1. Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру туралы түсінік.
  2. Кәсіптік білім беруде педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

а) Негізгі әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы Заңы Алматы, 1990

2.ҚР 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана, 2003

3.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 20004

4.ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005

5.Айтмағамбетов З, Сәрсекеев М. Мектеп және мамандық таңдау. Алматы, 1983

6.Өстеміров К, Шаметов Р, Васильев И.Б. Професиональная педагогика. Алматы, 2005

б) Қосымша.

1.Акулова О.В. Информационная работа в условиях профилного обучения. Каро, 2005

2.Бақтыбаев Қ, Әлмағамбетова Д. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу – жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. Алматы, 2002

3.Гладкая И.В, Ильина С.П, Ривикина С.В. Основы профилного обучения и предпрофильной подготовки. Каро, 2005

Лекция мәтіні

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жалпы идеясы педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сәйкес өзгереді, жаңартылады. Педагогикалық еңбек-бұл еңбек түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет жасайды. Сондықтан материалдық өндіріс орындарында қолданылатын еңбекті ғылыми ұйымдастырудан (ЕҒ¦-НОТ) педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың (ПЕҒ¦-НОПТ) айырмашылығы-бұл бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау керек. Біріншісі мұғалім, екіншісі-оқушы.

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру-бұл ынтымақтастық педагогикасы негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек-бұл нақты мақсатқа сәйкесті адамның іс-әрекеті. Іс-әрекетінің бастысы дене, ақыл-ой еңбегі, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т.б. Еңбек өндірілетін материалдық немесе рухани құндылықпен байланысыты. Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру-бұл қазіргі ғылым мен озат практика жетістіктерінің нәтижесінде негізделген еңбекті ұйымдастырудың жетілдіру процесі.

Н.К. Крупская мұғалім уақытын қалай сақтай білуі керек, жұмыс іскерлігін қалай жетілдіруі керек деген сұрақтарға жауап бере келіп, өте құнды пікірлер айтты:

1.Жұмысты істей білу-бұл өзіне нақты мақсат қойып, оны жете түсіну, қойған мақсатты орындауда өте тиімді құралдарды таңдап ала білу.

2.¤з уақытыңды бөле біл, яғни жұмысты өнімді етіп істеуге, өзіңнің жұмыс қабілеттілігіңді көтеруге үйрету.

3.Жұмысты істей білу-бұл өз күшіңді және басқалардың күшін, барлық жұмыс жағдайын есепке алу, істің нәтижесін қорытындылау.

4.Оқытылатын материалды және сабақты ұйымдастырудың ең тиімді әдістерін таңдап алу.

Оқыту мен тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру және жетілдіру, еңбек іс-әрекетінде уақытты, күштерді, әдістер мен құралдарды барлық қатысушылардың толық және тиімді пайдалануы-педагогикалық ұжымның тікелей міндеті. Бұл мәселелерді еңбек процесінде іске асыру интенсификациялау, ізгілендіру мен гуманитарландырудың диалектикалық ұштасуы жағдайында ғана мүмкіншілік алады. Демек, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру – бұл интенсификациялау, ізгілендіру мен гуманитарландыру бірлігі.