Білім берудің мекемелерін басқарудың принциптері мен әдістері

Жоспар.

  1. Кәсіптік білім беруде педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері.
  2. Кәсіптік білім беру кезеңінің педагогикалық кадрларын даярлаудың жүйесі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

а) Негізгі әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы Заңы Алматы, 1990

2.ҚР 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана, 2003

3.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 20004

4.ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005

5.Айтмағамбетов З, Сәрсекеев М. Мектеп және мамандық таңдау. Алматы, 1983

6.Өстеміров К, Шаметов Р, Васильев И.Б. Професиональная педагогика. Алматы, 2005

б) Қосымша.

1.Акулова О.В. Информационная работа в условиях профилного обучения. Каро, 2005

2.Бақтыбаев Қ, Әлмағамбетова Д. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу – жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. Алматы, 2002

3.Гладкая И.В, Ильина С.П, Ривикина С.В. Основы профилного обучения и предпрофильной подготовки. Каро, 2005

Лекция мәтіні

Педагогикада ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді–шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым минситрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда, оларды жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктері тұтас педагогикалық, процесс, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі–мемлекеттік басқарудан мемлекеттік–қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік–қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –білім проблемеларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата–аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Мемлекеттік бсқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата– аналар, жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі– мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін , оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді.Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу– тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді.