Жоспар.
- Менеджмент теориясы негіздерінде білім беру мекемелерін басқару.
- Кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың құрлымы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
а) Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Білім туралы Заңы Алматы, 1990
2.ҚР 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Астана, 2003
3.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 20004
4.ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005
5.Айтмағамбетов З, Сәрсекеев М. Мектеп және мамандық таңдау. Алматы, 1983
6.Өстеміров К, Шаметов Р, Васильев И.Б. Професиональная педагогика. Алматы, 2005
б) Қосымша.
1.Акулова О.В. Информационная работа в условиях профилного обучения. Каро, 2005
2.Бақтыбаев Қ, Әлмағамбетова Д. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу – жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. Алматы, 2002
3.Гладкая И.В, Ильина С.П, Ривикина С.В. Основы профилного обучения и предпрофильной подготовки. Каро, 2005
Лекция мәтіні
Басқару туралы идеяның тамыры теренде жатыр. Клод Ст. кіші-Джорждың (басқару саласының американдық теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауынада біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. бастап менеджменттің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.
Жылдары | Жеке тұлға немесе этникалық топ | Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері |
Біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. | Шумерлер | Жазу; фактілерді тіркеу |
4000 |
Мысырлықтар | Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындайды. |
2600 | Мысырлықтар | Басқаруды орталықсыздандыру |
1100 |
Қытайлар | Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды |
400 |
Сократ | Менеджмент әмбебаптығының (универсальности менеджмента) принциптерін қалыптастырады |
900 | Әль-фараби | Басшылыққа талап қояды |
1832 | Чарльз Баббедж | Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті бөлу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндік құндарды есептеу |
Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У.Тейлор, Анри Файоль, Мэри Р.Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер, Игорь Ансофф, Майкл Портер және т.б.
Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағыттары туралы нақты ұғымға ие болу керек.
Неге менеджмент. Өзін менеджермін деп есептейтін неміс өте күшті қиындықтарға душар болады.Бір жағынан,біздің үйреншікті түсінігіміз бойынша менеджер дегеніміз ұзын лимузинде жүретін әлем жұлдыздарының артынан қара папкаларын ұстап,жүгіріп жүрген адамдарды елестетеміз.Біздің ойымызша,олар самолетта немесе үстел үстінде өте қйын қаржы мәселелерін шешеді.Шындығында менеджмент дегеніміз не екеніне үңіліп көрейік.Менеджмент туралы айтылғанда басқару топтары еске түседі.Институт-анализдік менеджменттен мынаны түсінуге болады. Менеджмент бұл белгілі бір ұйымды басқарудағы қолданылатын әдістер мен техникаларды айтамыз.Әрине бұл жерде адам өзінің алдына белгілі бір мақсат қойып,соған жетудегі өзін өзі басқару , өзін өзі жетілдіру туралы да айтылып жатқан болса, қорыта айтқанда, басқару – бұл алға қойған міндеттерді адамгершілік ,ұнемділік пен рационалды жолмен шешудегі адамдарды басқару мен құралдарды қолдану болып табылады.Бұл мәселеге тереңірек қарайық.Кімде кім мақсатқа жету үшін, ол алдымен мақсатты қоя білуі тиіс.Бұл фраза тым асыраьшылық деп қабылдауларыңыз мүмкін, бірақ бұған мойынсынбау өте қауіпті.Бұл қағида орындалмаса, кеінгі қосымша қағидалар мүлдем жоққа шығады.Бұдан келетін зардаптар миллиардтармен өлшеніп кетуі мүмкін.Әрбір ұйымдағы қызметкерлер өздерінің мақсатын нақты білетін болса, онда кеңесшілер мен консультанттар жұмыссыз қалар еді, олардың негізгі міндеті әрбір ұйымның дұрыс даму жолын анықтап, адамгершілік үнемді және рационалды тұрғыдан басқару әдістерін ұсыну болып табылады.
Таңдау шеберлігі мен алға қойған мақсатты ұйымдастыра білу. Оны жүзеге асыру процестерін басқарутабысты басшының негізгі сапалық белгілері және негізгі ерекшелендіріп тұратын сапалар.
“Кімде кім барар жолын анық білмесе, соңында келген жеріне таң қалуы мүмкін” — деген екен МАРК ТВЕН.
Егерде басшыларға да, қызметкерлерге де мақсат түсінікті болмаса, адамдарды басқару мұмкін емес. Басқарубұл анық белгілі мақсатқа адамдарды жұмылдыру болып табылады.
Әрбір жұмыстағы басқару ісіндегі қателіктер көптеген зардаптар алып келеді. Сондықтанда жоспарлай білген адам ғана,жүзеге асыра алады.Тек қана сол адам кім неге жауап беретінін анықтайды ( басқару процесінің құрылымы) нені қандай жолмен қандай бірізділікпен жүзеге асыру керектігін ( процес барысын) ол үшін қандай құралдар қажеттігін ( процесті қамтамасыз ету) және тағы басқаны анықтай алады.