Жоспар.
- Кәсіптік білім алды даярлықтың моделі. Элективті курстар, оны құрудың принциптері, курсты ұйымдастырудың мазмұны мен формасы.
- Оқушылардың ата – аналарымен жұмысты ұйымдастырудың мақсаты мен мазмұны.
- Кәсіптік мектепте оқуды түрлі вариантта жалғастыруда оқушы психологиялық – педагогикалық көмек көрсетудегі іс — әрекетті ұйымдастыру.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
а) Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Білім туралы Заңы Алматы, 1990
2.ҚР 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Астана, 2003
3.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 20004
4.ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005
5.Айтмағамбетов З, Сәрсекеев М. Мектеп және мамандық таңдау. Алматы, 1983
6.Өстеміров К, Шаметов Р, Васильев И.Б. Професиональная педагогика. Алматы, 2005
б) Қосымша.
1.Акулова О.В. Информационная работа в условиях профилного обучения. Каро, 2005
2.Бақтыбаев Қ, Әлмағамбетова Д. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу – жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. Алматы, 2002
3.Гладкая И.В, Ильина С.П, Ривикина С.В. Основы профилного обучения и предпрофильной подготовки. Каро, 2005
Лекция мәтіні
Диалектиканың қарама–қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама–қарсы, бірін–бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым – қатынаста болатын қарама–қарсы жақтардың қарама–қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарам–қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама–қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама–қайшылық.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым–қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс – әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс–тєсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым–қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым–қатынастың зерделетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым–қатынаспен байытуда.
Оқу белсенді топтардың жұмысы. Ұжымдық танымдық іс – әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға, сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс – әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс – әрекет барысында қалаптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.
Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастарудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.
Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санасының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау караточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесі, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.
Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құалдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б.) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал–жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с.; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырылды, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс – әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлі жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақтарда оқушылардың оқу іс–әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық, даралау тәсілдерінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысаоы, дәстүрлі дидактика топтық жұмысты, негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тапсырмалардың көлемі орындалатын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игеру сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту, даралау мақсатында лабораторияларда, оқу шеберханаларында, мектеп жанындағы участоктерде жүргізілетін жұмыстармен байланыста қарастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әрекеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3–8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.
Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырысымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К.Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттауда, сұрақтар мен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың яғни жұптық – ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.