ХХ ғ 40-60 ж Қазақстандағы педагогикалық теорияның дмуының негізгі мәселелеррі.Р.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогикалық мәселелер. А:Н Сембаевтың ,Т.Тәжібаевтің Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы.

Жоспар:

  1. ХХ ғ 40-60 ж Қазақстандағы педагогикалық теорияның дмуының негізгі мәселелеррі.
  2. Р.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогикалық мәселелер.
  1. Р.Лемберг –Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым.(1883-1965)

1А:Н Сембаевтың -қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зеріттеген ғалым

5Т.Тәжібаевтің –қазақтың тұңғыш психолог ғалымы.

6Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы

Лекцияның мәтіні:

Соғыстан кейінгі жылдарда дидактиканың әр түрлі бағытында зеріттеу жүргізді.40 жылдары “Сабақтың құрылысы проблемасы ””Білімді бекіту және сабақтағы біліктілік ” тб сабақ өтудегі мұғалім білімі мен оның шеберлігіне үлен мән берді,оың дидактикалық негізін қалады.

Ал,50-60 жылдары “Оқыту әдістемесі ”Дидактикалық очерктер ”т б мақалаларында Р.Лемберг оқу процесін психологиялық негізде талдайды деп сипаттайды.Оның оқу құралы ,оқыту жолдарын айқындайды,оқыту әдістемесінің творчестволық жолын белгілеп берді.Лемберк Р елімізде бірінші болып психология-педагогикалық тоқыраудың салдарын жою., жаңадан оның тиімді жолын іздестірудің жаршысы болды.

Оқудың тұрпайылығын жою,сабақты көрнекілікпен өту проблемаларын бірінші кезекке қойды .Оның ғылыми мектебінің шәкірттері –Г.А Уманов пен Н.Д Хмель Лембергтің ілімін жалғастырып , өздері оның білімін таратты.

1 . 1905 ж Жезқазған облысы, Шет ауданында қарабұлақ ауылында туылған . 1931 жылы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік Педагогика институтының химия факультетін бітірді.Педагогикалық жұмысты 1925 ж мектепте мұғалімдіктен бастады.

1966 ж Ғылым докторы ,дәрежесін ,1967 жылы професор атағын алды.Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше –корреспонденті болып сайланды.

Сембаев А Қазақ совет мектебінің қалыптасуын зеріттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым.Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.Ол үлкен қайраткерлері бола жүріп ,Қазақстандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр ,орыс –қазақ мектептеріне байланысты К.Д Ушинскийдің ,Н.К.Крупскаяның педаогикалық мұраларын жан –жақты зеріттеген ғалым.

2.1910 ж Оңтүстік Қазақстан облысы ,Арыс ауданы ,9-ауылда туылған.

1928 жылы Шымкенттегі Педагогикалық техникумды ,1935 ж Москвада Н.К Крупская атындағы Комунистік тәрбие мектебін бітірді.

1957 ж Үндістандағы СССР елшілілігінің кеңесті өкіләі болды.Ал,1961 ж Әл-Фарби атындағы ұлттық университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры және меңгерушісі қызметін атқарды.

Т.Тәжібаев жауапты қоғамдық ,мемлекеттік қызметтер атқарумен бірге , зор ғылыми жұмыстар жүргізді. Оның К.Н Ушинскийдің психологиялық көзқарастары туралы зеріттеулерінің зор ғылыми маңызы болды.

3.Бержанов Қартбай –“Педаогика тарихы”оқулығын қазақ тілінде тұңғыш жазған ғалым .( 1924-1976)

Қ.Бержанов бірнеше оқулықпен монографиялық еңбектің ,200-ге тарта мақаланың авторы.Оның бірі “Қазақстан мұғалімдерінің (1917-1941)қоғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан “атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердің қатарынан орын алады.

Ғамым туындыларының өзегі педагогика тарихының мәселелері болып саналады.Ол ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығы өз еңбегінде ұдайы арқау етіп отырған.