Бұқар жырау мен Жиембеттің тәрбиелік қолданбалы және идеялдық –эстетикалық мәні.

Жоспар:

  • Бұқар жыраудың тәрбиелік қолданбалы және идеялдық –эстетикалық мәні.
  • Бұқар жыраудың педагогикалық көзқарастары
  • Жиембеттің педагогикалық көзқарастары

Лекцияның мәтіні:

ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулар ішінде шоқтығы биік, ірі тұлға, Абылай ханға да, қара халыққа да ақылшы бола білген данагөй-дидакт, қарт жырау Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 жж.) болды.

Оның өлеңдеріндегі басты идеялар: дүние көркі – адам; адам көркі – оның жер бетіндегі жасар игілігі, белді қасиеттері; ерлік, елдік, бірлік. Дүние – бай мен жарлы-жақыбайға ортақ алма-кезек, мәңгі байлық та, жарлылық та, көптік те, жалғыздық та жоқ (мұның бәрі шартты). Адамнан ала да, құла да, күшті де, әлсіз де туады. Әркім өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Біреулер көреген, білгір, озық ойлы, қара қылды қақ жаратын әділдігімен көңілден шығады. Енді біреулер, керісінше, ойсыз, талапсыз, надан, озбыр қылықтарымен көзге түседі. Алғашқылардың ерен еңбегі олардың әлеуметтік рөлін көтермелейді. Надандардың әлеуметтік опаты мен зұлымдығын сөзбен жеткізе алмайсың дегендерді білдіреді.

Бұқар өзінің Абылайға деген толғауында ханның мәртебесі біріншіден, халықтың өзара бірлігін сақтай білуінде, екіншіден, халыққа өз саясатын қолдатқыза алған ептілігінде екенін алға тартады. Осыдан – адамды адам ететін – оның ортасы, нақыл тәлім-тәрбиесі деген ұстанымды ұсынады.

Бұқар ер азаматтың нағыз азамат болуы үшін он бір тілектің орындалуы қажет дейді. Ол “тілектер” былайша баяндалады:

  1. Аллаға адал болу, Алла – сенің бүкіл өмірің мен тыныс-тіршілігіңнің негізгі арнасы. Аллаға сыйынғанның бақ-дәулеті орнына келеді, ортаймайды.
  2. Пасық, залым адамның тіліне еріп азба. Қаскөйлерден ылғи да сақтанып жүр.
  3. Қыз-келіншектер, әйел қауымы үнемі үсті-басын таза ұстап, жарасымды киінуді ұмытпасын. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, бүрсігүні – ақ шашты әже. Анаға қарап бала–ұрпақ өседі.
  4. Төсек тартып жатпағын. “Әуелгі байлық – денсаулық” екенін ұмытпа. Сол үшін белсенді әрекет жаса.
  5. Мұсылмандықтың белгісі – бес парызды ұмытпа.
  6. Ардақтаған аяулың бөтен біреуге тегін олжа болмасын. Көрші күштілерге кіріптар боп қалмасын (Бұл жерде орыс, қытайлармен бейбітшілікті сақта деген ой айтылып отыр.)
  7. “Желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, содан сасып тұрмалық” деп ел қорғау мәселесін алға тартады.
  8. Өз ұрпақтарын төтенше жағдайлардан сақтай білуге үндейді. (Табиғи апаттан сақтануды айтып отыр – С.Қ.)
  9. Хан бағдарламасын қолдау да – имандылық. (“Ханның ісі халқымен” дегенді ұрандап отыр.)
  10. “Тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен” аналарды құрметте. Ол адамдық асыл парыз.
  1. Жастық шақты еске ала келіп, әр жастың өзіндік ерекшелігіне баға беріп, өмірді мәнді өткізуді, оның қадір-қасиетін бағалай білуді уағыздайды.

Жалпы ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне,ой қиял өрістеу өресіне,қимыл,әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп:жауынгер жыраулар. Доспамбет,Жиенбет,Ақтанберді,Махамбеттер);мәмілегер(Асан қайғы,Сыпыра жырау,Үмбетей,Бұқар);тәлімгер(Шал,Базар,Майлықожа)жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады.Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп,ел ұйытқысы,тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Таным тармақтары (қытай тарихшыларының көне тарихымыз туралы пайымдаулары) (құраст. Қ.Салғарин) – Алматы: “Санат”, 1998.

2 Н.Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: “Жалын” , 1994.

3 М.Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: “Қазақстан”, 1995.

4 Қ.Салғарин. Династия ханов. – Алматы: “Жалын”, 1991.

5 Из истории казахов. – Алматы: ТОО “Жалын”, 1999.

6 Қ.Жарықбаев, С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: “Санат”, 1995.

7 С.Қалиев. ХҮ–ХІХғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. – Алматы: “Рауан”, 1990.