1.Минералдар дегеніміз физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген, яғни физикалық молекулалар құрайтын, жер қойнауларындағы химиялық әрекет өнімдері. Жер қыртысы сан түрлі тау жыныстарының жиынтығы деп есептесек, сол тау жыныстары жекелеген минералдардан санатына тек қана қатты заттарды жатқысса екіншілері олардың сұйық немесе газ күйінде болу мүмкіндіктерін де жоққа шығармайтындығын ескерген жөн. Тағы бір мәселе маңызды: табиғи минералдармен қатар, бүгінгі таңда лабараториялық жағдайларда жасанды минерал кристалдарын “өсіру” тәжрибесі жақсы жолға қойылған олар іс-тәжрибеде жиі қолданылады. Әсіресе асыл тастарды “өсіру” жақсы жолға қойылған. Табиғи минералдар екі топқа бөлінеді, олар органикалық және биорганикалық минералдар. Органикалық минералдардың жаралу тегі органиклық тіршілікпен байланысты, оларға негізінен көміртегімен және оның қосындыларынан тұратын минералдың шағын тобы жатады. (көмір, гранит, таушайыр, шайыр, зәмзәм, кәрібтас т.б.) Минералдық түзілімдердің басым көпшілігі бейорганикалық қосылыстарға жатады.
Әдейілеп дәлме-дәл зерттеуді керек қылмайтын, бірақ минералды дұрыс танып білуге көмектесетін анықтау белгілерінің қатарына жататынды-минералдардың қаттылығы, жымдастығы, түсі, жұқпа түсі, жалтырлығы, меншікті салмағы, мөлдірлігі. Минералды дұрыс анықтаудың қосымша белгілері оларға тән кристал мүсіні және басқада морфологиялық ерекшеліктері, минералдың магниттілігі, жылуөткізгіштігі, электр өткізгіштігі, дәмі сипап көргенде байқалатын әсері исі т.с.с.Аталған минерал қасиеттеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
Минералдардың қаттылығы-негізінен минералдың кристалдық тор ерекшеліктеріне тікелей байланысты бола отырып, олардың өздерінен қаттырақ денелер тарапынан тигізілген механикалық әсерге қарсылық көрсету қабілеті.
Минералдардың салыстырмалы қаттылығын байырғы төл нұсқа ролін атқарады.Аталған тізбектегі минералдар реті төмендегідей; 1)Тальк; 2) Гипс; 3) Калцит; 4) Флюарид; 5) Апатит; 6) Ортоклаз; 7) Кварц; 8) Топаз; 9) Корунд; 10) Алмас. Зерттелмек минералдың бір мен он сандардың аралығындағы бүтін санмен белгіленетін салыстырмалығы қаттылығын анықтау үшін жоғарыда келтірілген минералдардың қайсысы оған сызат түсіре алатындығы және зертелмек минералдың өзі қандай төл нұсқаны сыза алатындығын анықтайды. Зерттелмек минералдың қаттылығы осы екі көрсеткіштің аралығына сәйкес келетін санмен анықталады. Мәселен, зерттелмек минерал кварцпен сызылатындығын, бірақ ортоклазбен сызылмайтындығын анықтадық делік; ал сол минералдың өзі апатитті өте анық, ал ортоклазды болмашы түрде болса да сызатындығы белгілі болсын; бұл деректер зерттелген минерал қаттылығы жеті екендігін дәлелдейді. Минералдың салыстырмалы қаттылығын кейде қолда бар бұйымдар көмегімен де анықтауға болады. Мысалы, адам саусағы тырнағының қаттылығы шамамен 2,25, мыс тиімдігі-3, болат бәнкініңкі-5, терезе шынысының қаттылығы – 5,5 т.с.с.
Минералдардың қаттылығы олардың сызат түсіруге көрсететін қарсылығы тұрғысынан қана анықталады, яғни бұл орайда минералдың ұрлап уатуға деген қарсылығы жайлы ұғым қалыптаспау тиіс. Мысалы, болат балға көмегімен алмас кристалын тас-талқан етіп уату көп қиындық туғызбайды, алайда сол алмас кристалы болатқа опаңай-ақ сызат түсіреді.
Минералдардың жымдастығы-минерал кристалдарының айқын немесе жасырын жақтарына бойлас бағытта басқа бағыттарға қарағанда әлде қайда жеңілірек даралану қабілеті. Минералдардың бұл қасиеті олардың кристалдарының ішкі құрылыс ерекшеліктерінен туындайды. Жымдастық қабілетіне қарай минералдар бес түрге жіктеледі, олар өте анық, орташа, анық, нашар және өте наша жымдастық деген сөз тіркестері арқылы өрнектеледі.
Минералдың түсі — минералдарды анықтау және сипаттау барысында қолданылатын олардың өте маңызды қасиетерінің бірі. Минералдың түсі төрт түрлі жағдайда анықталады, олар-минерал үлгісінің түсі,минерал ұнтағының түсі(бұл түс “жұқпатүс” деп аталады), минералдың тас тілімдегі түсі және минерал кристалдарының шағылысқан жарықтағы түсі.
Минералдардың түсі көп жағдайда оларды дұрыс анықтаудың бірден-бір белгісі рөлін атқарады.Кейбір минералдардың түсі сол минерал атауының негізін құрауы осы айтқанымыздың дәлелі.Мәселен, азурит және лазурит минералдары ашық көк түске бойялған; хлорит-жасыл (“хлорос”) грек тілінде (“жасыл”),радонит-күлгін қызыл (грекше “радон”-“раушан”),гематит –қоңыр-қызыл (грекше “гематос”-“қан”), альбид-ақ (“альбус” грек тілінде “ақ”) түсті. Солай бола тұрсада, көптеген минералдардың түсі тұрақты болмайтындығын да ескерген жөн. Кең тараған кварц минералы мөлдір болуы (тау хрусталі), немесе қара (морион), күнгүрт (раухтопаз), күлгін (слу тас) т.с.с. түстерді иемделуі ықтимал.
Минералдың жылтырлығы – минерал кристалдарының жарық сәулесін сындыру қабілетмен сипатталатын физикалық қасиеті. Минералдың жалтырлығы оларды анықтаушы қасиеттерінің бірі болып табылады, бұл сипат минерал бетінен шағылысқан жарық қарқынының қуаттылығымен анықталады.
Рудалық минералдардың көпшілігі бір шама күшті жылтырлықпен сипатталады, мұндай жылтырлық металдық жылтырлық деп аталады. Бейметалдық жылтырлық өз қарқынының бірте-бірте бәсеңси беруі тұрғысынан төменде аталған түрлерге жіктеледі: алмасша жылтылдайды (алмас, киноварь, күкірт) күнгірт жылтырлық (каолерит, бор); балауыздық жылтырлық (опал сияқты құрылымсыз немесе жасырын кристалды минералдар).
Минералдың меншікті салмағы – минерал салмағының сол минералдың көлеміне қатынасымен өлшенетін шама.
Минералдың мөлдірлігі оның жарық сәулесін өткізу қабілетімен анықталады. Мөлдірлік дәрежесі жағынан минералдар үш топқа бөлінеді, олар-мөлдір минералдар (тау хрустальі, топаз, исландия шпаты); жартылай мөлдір минералдар (халцедон, замартас, киноварь) және мөлдір емес минералдар (пирит, галенит, магнетит
Минералдардың басқа да физикалық қасиеттері бар. Мұндай сипаттардың қатарына жататындар минералдардың магниттілігі (байырғы магнитке тартылу қабілетті), ергіштігі (галит, яки ас тұзы), дәмі (тұзды, қышқылтың, ащы), сипап көргенде қалдыратын әсері (майлы, салқын т.с.с.), исі (жер иісті) т.с.с.
2.Тау жыныстары деп — жер қыртысындағы геологиялық денелерді құрайтын әртүрлі минералдар жиынтығын айтамыз. Тау жыныстары — жер қыртысындағы сан түрлі геологиялық денелерді құрайтын әр түрлі минералдық агрегат тар жиынтығын атайды. Ал минералдар әр түрлі элементтердің химиялық қосындылары. Миниралдардың түрлері мыңдап саналады (қазір минералдардың 2500-ден астам түрлері белгілі), себебі химиялық элементтердің бір-бірімен әрекеттесу мүмкіндіктері мейлінше мол. Дей тұрғанмен, жер қыртасына тән тау жыныстарын құруға қатынасатын басты-басты элементердің ұзын саны жиырмадан аспайды. Олардың ішіндегі сегіз элемент-оттегі, кремний, алюмений, темір, кальций, натрий, калий және магний-ең басты жыныс құрушы болып саналады.
Жер қыртысында табиғи таза күйінде кездесетін жеті-ақ элемент-көміртегі, (көмір, графит, алмас), күкірт, алтын, платина, күміс, мыс және темір, қалған элементтер тек қана химиялық қосындылар түрінде көрінеді. Бұл элементтің басқа элементтермен қосындылары жер бетінде барынша жиі кездеседі.
Табиғи таза элементтерге қысқаша тоқталу.
Көміртегінің табиғатта екі түрі :
а) Алмас,
ә) Графит.
Алмас бұл — грек”адамас” жеңдірмейтін деген сқзден шыққан. Бұл қватты және физикалық әсерлерге төзімді.
Химилық формациясы С түссіз, немесе көкшіл, көк, қоңыр, алмасша жылтылдайды, қаты зат, ұрғанда морт сынады.
Графит бұл — гректің “графо” жазамын деген сөзінен шыққан. Формациясы С, қара және қою сырғылт түсті, жиырылатын метал сияқты. Ол саусаққа немесе қағазға жұғады. Әртүрлі өнеркәсіпте қолданылады.
Күкірт — химиялық формациясы S, алмасша жылтырайды, сары түсті, морт сынғыш, сірінке отынына оңай-ақ жанады.
Алтын – формациясы Ag, ақшыл түсті, жылтырайды, күміс күкіртті қосындысының ыдыруы нәтижесінде түзіледі. Бұдан бұйымдар мен тиындар жасайды.
Мыс — формациясы Cu, сорғылт қызыл түсті, жылтырайды, бұл күміс күкірттің қосындысының нәтижесінде түзледі. Өте сирек мыс рудасы ретінде ретінде пайдаланылады.
Платина – формациясы P, түсі ақшыл, металша жылтылдайды, табиғи таза, күміспен темірге ұқсайды. Олар өнеркәсіптерде, тіс, алтын бұйымдар жасауға қолданылады.
Темір – Fe түсі сұрғылт, металша жылтылдайды, өте жоғары магниттік қасиеттеріңн және ауада тез тотығатындықтанерекшеленеді.
Табиғи таза теміріс–тәжірбеде пайдаланылады.
Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдан тұруы мүмкін. Бір ғана минералдан тұратын тау жыныстарын мономинералды жыныстар деп атайды. Мұндай тау жыныстарының жарқын өкілдері әктастар (негізінен алғанда кальцит минералынан тұрады) мен шақпақтастар (негізінен алғанда кварц минералынан тұрады).
3.Жер бедерінің сипаттамасын жасау үшін рельефтің формаларын анықтап алуымыз қажет.Олар түріне және көлеміне қарай мынадай типтерге бөлінеді:
-планетарлық формалар- көлемі миллиондаған шаршы шақырымға жететін (құрлықтар, мұхит түбінің жер бедері жатады), яғни үлкен аумақты алып жататын рельефтің түрі.
-мегаформа-жүз мыңдаған шаршы шақырымды алып жететін (тау жүйелері, жоталар, жазықтар жатады) яғни үлкен біршама аумақты алып жататын рельефтің түрі.
-макроформа- мегаформалардың бір бөлігі ойпаттар мен үстірттер жататын рельефтің түрі.
-Мезоформалар- бархандар, тау жынысдарының аймақтары.
Бадан басқа микроформалар, наноформалар деген кіші рельеф формаларының түрлері бар.
4.Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера және қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Құрамдас бөліктерінің түрліше болуына байланысты жер қыртысы материктік және мұхиттық болып бөлнеді. Ғалымдардың болжамы бойынша, алдымен мұхиттық жер қыртысы қалыптасқан. Жердің ішкі күштері әсеріне біртіндеп пайда болған жарықтар бойымен магмалық жыныстардың жоғары көтерілуімен жаңак қатты пайда болып, жер қыртысын қалыңдатты. Бұл материктік жер қыртысының түзілуіне, құрлықтың қалыптасуына негіз болған.