1.Карта – математикалық заңдарға негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген көрініс.
План (латынша планус – жалпақ, тегіс) – жер бетінің шағын бөлігінің қағазға белгілі бір масштабқа сәйкес кішірейтіліп, шартты белгілермен түсірілген бейнесі. Картадан айырмасы: онда Жердің шар тәріздес екендігі ескерілмей,жер бетітегіс деп алынады және ірі (1 :2000 және онан да ірі) масштабта сызылады.
2.Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб (немісше мас — өлшеу, штаб – таяқ) дап аталады. Масштабтың алымы әр қашанда 1-ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Мәселен, 1:10 000 десек, бұл – жер бетіндегі қашықтық 10000 есе кішірейтіліп алынды деген сөз. Бөлшек санмен көрсетілген масштаб сан масштаб д.а. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене береді. Мәселен, 1:10 000 масштабы 1:50 000 масштабқа қарағанда ірі. Планның немесе картаның масштабы сөзбен де жазылады, мәселен, 1:10 000 масштабы сөзбен 1 см-де – 100 м (10000 см-ді метрге айналдырғанда – 100 м) деп көрсетеді. Мұны атаулы масштаб д.а. Планнан немесе картадан қашықтықты анықтау үшін екі нүктенің аралығын см өлшейді. Масштабтың мөлшерін алынған см санына көбейтеді.Бұлай есептеп отыру картаны пайдалануда қолайсыздық тудырады. Сондықтан қашықтықты арнайы есептеп жатпай-ақ бірден анықтау сызық масштаб қолданылады. Ол өзара параллель екі қатар сызықтан тұрады. Сызық көлденең сызықшалармен өзара тең кесінділерге бөлінеді. Бұл кесінділердің әрқайсысы атаулы масштабта көрсетілген санға тең етіп алынады. Сол жағындағы ең шеткі кесінді онан әрі ұсақ, бір-біріне тең шағын бөліктерге бөлшектенеді. Бұл – сызық масштабтың ең кіші бөлігі.Планнан немесе картадан алынған кесіндініңұзындығын анықтау үшін өлшеуіш циркульдің бір басы сызық масштабтағы тұтас кесіндіні қамтып қойылады да, екінші басы кіші бөліктерге келтіріледі. Сонда нөлден оңға қарай сандық масштабқа сәйкес келетін тұтас сандар, сол жағынан оған қосымша ұсақ мөлшерлі сандар алынады.
3.Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус д.а. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады.Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде беинелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады. Бұрмаланулар ұзындыққа, ауданға және пішінге, бұрышқа байланысты бұрмаланулар деп жіктеледі . Ірі масштабты топографиялық карталарда бүрмаланулар онша байқалмайды. Ал неғұрлым ұсақ масштапты жалпы геграфиялық карталарда бұрмалану мүмкіншілігі артады. Сондықтан бұрмалану мүмкіншілігі азайту мақсатында геграфиялық карталарда әр түрлі прокциялар қолданылады тең бұрышты, тең ауданды және еркін алынған прокцялар. Тең бұрышты прокция қолданылған картада бұрыштар мен шағын геграфиялық объектілердің пішіндері нақты сақталады, бірақ олардың ұзындығы мен ауданы өте күшті бұрмалануға ұшырайды. Сондықтан мұндай прокцялар теңіз кемелері мен ұштардың жүру жолдары мен ұшу бағыттарын нақтылау мақсатында пайдаланадаы. Ал бұл картадан ауданды нақты анықтау мүмкін емес. Тең апуданды проекця қолданылған карталарда аудани дәл берілгенімен,геграфялық объектілердің бұрыштары мен пішіндері күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проекця қолданылған карталардан материктер мен елдердің, мұқиттардың ауданын нақты анықтауға болады. Еркін алынған проекцялардың неғгізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды беинеленеді. Бұрмаланушылық картаның бір бөлігінде мүлдем байқалмаса, ал екінші бөлігінде керісінше, бұрмаланушылық дәрежесі күрт артады. Еркін алынған проекцялар арасында тең аралықты проеця кеңінен қолданылады. Онда белгілі бір бағытта; меридиан бо йынша немесе параллельдер бойынша бұрмаланушылықтар мүлдем байқалмаиды. Проекциялар жазықтың бетіне көшіру пішініне қарай да жіктеледі. Ең көп қолданылатын түрлері –цилиндрлік, конустық, көп конусты және дзимуттық проекцялар. Циліндірлік проекця көбінесе Жер шары толық беинеленген карталарда пайдаланылады. Мұнда бұрмаланулар экватор маңында мүлдем байқалмайды да, ал полютерге қарай артады. Экватор сызығы кесіп өтетін Африка мен Оңтүстік Америка материктерінің карталары, жекелеген аудандандарның карталарыда цилиндір негізінде жасалады. Конустық проекцялар плюске жақын орналасқан Еуразя мен Солтүстік Америка материктерін карта бетінде беинелену барысында кеңінен қолданылады. Бұл проекця бойынша материктердің пішіндері аудандары бір шама жақсы сақталғанымен,
Жоғары ендіктерде жатқан полюс аймақтары күшті бұрмалануға ұшрайды, ал каталардың орталық бөліктерінде бұрмалану неғұрлым аз байқалады. Көп конусты поекция дүниежүзілік карталарда көп пайдаланады. Онда материктердің пішіні жалпы сақталғанымен, орталық бөліктерінің ауданы бұрмалануға ұшырайды. Азимуттық проекция белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл беинелеу үшін қолданылады. Әсіресе полюстер маңындағы аймақтарды карта бетінде бейнелеу үшінөте қолаилы проекция болып табылады.
Азимут (арабша ас-сумут – жол) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 00-тан 3600-қа дейін есептелінеді. Толық шеңбер 3600-тан тұрады. Соған сәйкес компастың циферблаты 3600-қа бөлінген: 00 – солтүстік, 900 – шығыс, 1800 – оңтүстік, 2700 – батыс бағытқа сәйкес келеді.
Карта бойынша немесе жер бетіндегі азимутты табу үшін компасты дәлдеп қойғаннан кейін алынған нүктеге қарай жүргізілген бағыт циферблаттың қай градусына тура келетінін байқаймыз.
Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылды. Мысалы, А=300.
Қараңғы түнде, қалың тұман, ақ түтек боранда, сондай-ақ орман ішінде немесе тұлдыры жоқ жазық жерде жол тауып жүру қашан да қиын. Мұндай жағдайда алдын ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды компаспен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Бұлай жол тауып жүруды азимут бойынша жүру дейді.
4.Жарты шарлар картасы глобусты меридианның бойымен қақ жарып, пайда болған екі бөлікті жазықтыққа түсірудің нәтижесінде жасалған. Жерді екі жарты шарға бөлі бейнелеу шардың бетін жазықтыққа жазғанда пайда болатын бұрмалану мөлшерін азайтады. Мұны жарты шарлар картасындағы жер бетінің көрінісі глобустағыға ұқсастығынан байқауға болады. Дегенмен зер сала қарасақ, бұд картада да бұрмаланулар айқын көрінеді.
Глобуста барлық меридиандардың ұзындығы бірдей. Ал жарты шарлар картасындағы меридиандар әр жарты шар шеңберінің ортасынан шетіне қарай барған сайын өзінің нақты мөлшеріне қарағанда ұзара береді. Соған орай шеңбердің шетіне жақын жатқан Африканың батыс жағасы, Оңтүстік Америка мен Аустралияның шығыс жағалары глобустағыға қарағанда созыңқы бейнеленген. Дегенмен жарты шарлар картасы бүкіл Жер шарын бірден түгелдей көруге мүмкіндік береді.
5.Карталардың маңызы олар географялық мәліметтердің жинақтауымен анықталады. Мазмұнына қарай барлық карталар жалпы географялық болып бөлнеді. Жалпы географялық карталарда жергілікті жердің басты объектілері түгел және дәл беинеленеді, бұған физикалық карталар мысал бола алады.
Ал ақырыптық карталарда табиғаттың жекелеген компаненттері (жер қыртысының құрлысы климаты, топырақ, өсімдік,), лықтардың орналасуы мен шаруашылық түрлері және т.б берледі. Тақырыптық карталардың мазмұны нақты бір құблысты бинеленуімен анықталады. Тақырыптық карталардың маңызды бір тобы мұхиттық карталардан тұрады. Мұнда Дүние жүзілік мұхит суы және оның құрамдас бөліктері, жағалық, сызықтары, аралдары, мұхит табанының жер бедері температурасымен тұздылығы, беткі ағыстары және тереңдіктері көрсетіледі. Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше копаненттерді және оладың және оладың өзара баиланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.