1.Әлем дүниесі көптеген космостық денелерден құралған, бір біріне тартылыс күші арқылы белгілі бір күрделі жүйені қалыптастырылған, ол жүйелерге : планеталар және олардың серіктері, Күн системасы, біздің галактика (100 млрд- қа жуық жұлдызы бар ) –Метагалактика( бірнеше млрд галактикалардан құралған)-Әлем дүние .
Әлем дүниенің негізгі “тұрғындары” – жұлдыздар.
Жұлдыздар -өздігінен жарық шығарушы, бүкіл космостың 98 % бөлігін алып жатқан дене. Жұлдыздар –ірі газ тәрізді шар кейіпінде болып, сутегімен гелийден құралған және жоғарғы температура жағдайында иондалатын дене. Жұлдыздар қатты қызған газдан тұратын әрі өзі жарық шығаратын және өзі табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан дүниесі, Жерден өте алыс қашықтықта орналасқан.Айсыз түнде жай көзбен қарағанда аспанда 5-мыңға жуық жұлдызды көруге болады. Ал,күшті телескоппен қарағанда аспандағы миллиондаған жұлдызды қарауға болады. өзара орналасқан өзгертпейтін яғни жылжымайтын жұлдыздарды шоқ жұлдыздар деп атайды. Әлемде 88 шоқ жұлдыздар бар. Мысалы: Жеті қарақшы, қоян, бикеш, ангромеда, персей, бүркіт, арыстан тағы басқалар .Жұлдыздар әр түрлі болып келеді, себебі оның даму статиясы түрлеше жағдайда өтетіндіктен болады. 88 шоқ жұлдыздардың 12 зодиакты жұлдыздар деп атайды.
Олар: Жұлдыздардың химиялық құрамы, температурасы, жарықтануы, диаметрі, массасы, тығыздығы, қозғалысы осының бары жұлдыздардың сәулеленуіне байланысты олардың түсіде ажыратылады. Суық жұлдыздар(-3,6 С0,-6С0) ұзын қызыл түске енеді. Ыстықтығы (+25С0-35С0) қысқа толқынды көкшіл түске сәуленеді. Жарқырауына байланысты, алып жұлдыздар, күшті жарқырайды, көлемі аз болуы арқылы кең көлемде сәулеленеді. XX-басында аспан көрінетін барлық жұлдыздардың оқшауланған жұлдыздар жүйесін галактика деп атайды. Әлемдегі жұлдыздар әртүрлі системаларды құрайды. Жұлдыздардың 60% астамы 2,3,4,10 жұлдызға дейін,олар үшін жалпы салмақ орталығы төңірегінде айналатын шағын системаға біріктірілуі галактикалар деп аталады. Галактикаларда жұлдыздардың саны жағынан да көлемі жағынан да орасан зор .
Галактика – (грек gala – сүт ) құрамына күн жүйесіне енетін аумақты жұлдыздардың жүйе галактика әр текті ондаған миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдыз аралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құрылған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 мың, ал қалың 4 мың парсек (немесе шамамен 15000 парсек 100 мың және 12 мың жарық жылы). Бұлардың кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 парсек (50 жарық жылы) . Галактиканың барлық құрамды бөлігі кіші симметриялық осінен айналатын бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан. Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құсжолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты Галактикада – Құсжолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканың басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде “біздің Галактика” деп атайды.
Жұлдыздар мен жұлдыз аралық газ тозаңдық материя галактиканың өн бойында бір қалыпты таралмаған:олар галактиканың симметрия жазықтығы болатын және оны солтүстік, оңтүстік бөлікке бөлетін галактикалық жазықтықтың айналу осінің маңына шоғырланған. Галактикалық жазықтықтың аспан сферамен қиылысу сызығын қуалай Құсжолы жатады.Құсжолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-біріне алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген км жылдамдықта қозғалтатындығына қарамастан, олар бір-бірімен соқтығыспайды. Жұлдыздарды кеңістікте таралу тығыздығы галактиканың полюстерінің бағытына тым аз болады. Галактиканың солтүстік полюсі Вероника Шашы шоқ жұлдызы орналасқан. Галактикадағы жұлдыз саны шамамен 100 млрд. Жұлдыз аралық затта кеңістікте бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде галактикалық жұлдыздықтың маңына шоғырланған.
2.Күн системасының құрамына 9 ірі планета және сол планеталардың 60 серік планеталары, кометалар, метеоридтер, метеоридті ағындар, космостық шаңдар кіреді.
Күн-(грекше helius –Күн деген сөз)-біздің Күн -орташа көлемді, өз өсінен айналатын (экваторлық гелиоендіктерінде 25,4 жерлік тәулік бойынша, полярлық ендіктерінде өз осінен 30 тәулікте өз осінен айналып өтеді)-сарғыш жұлдыз. Күн Жерден 149,6 млн.км қашықтықта жатыр. Күннің диаметрі Жердің диаметрінен 109 есе ірі, көлемі 1300000 есе ірі, зат тығыздығы Күнде Жерге қарағанда 4 есе аз.
Күн үлкен көлемде энергия шығарушы орталық. Оның 2 млрд-тан тек бір бөлігі ғана Жер бетіне түседі. Күннің бұлай энергия мен жарықтық шығаруын ғалымдар былай түсіндіреді-«Күннің орталығында температура болжамдар бойынша 10 млн К жетеді екен, сол аймақта сутегінің гелийге айнау процесі жүріп соның әсерінен Күннен жарықпен сәуле шашырайды «-дейді ғалымдар.
Күн радиациясы корпускулярлы және электромагнитті сәулеленуге тән.
Корпускуляры сәулелену-протондармен электрондардан таралған, плазмалы ағыс. Ол Жердің атмосферасымен жұтылып (90 км -де) Жерге түспейді.
Электромагнитті сәулелену- Жер бетіне тура, шашаранды, жиынтық радиация түрінде түседі.
Күннің күйі екіге бөлінеді. Олар:» Күннің белсенді күйі», «Күннің тыныш күйі» болып бөлінеді.Күннің белсенді күйі әрбір 11 жыл сайын ауысып отырады.Бірақ 11 жылдың циклден басқа 22 жылдың, ғасырлық 80-90 жылдар аралығында, ұзаққа созылған 900-1800 жылдың белсенділік уақыты болады.
Күннің іс-әрекетінің Жер бетіндегі тірі организмдерге әсерін XX ғасырдың 20 жылдарында А.Л.Чижевский зерттеп, гелиобиология ғылымының негізін салды.Қазіргі кезде Күнмен тірі организмдердің арасындағы қарым-қатынасты ғарыштық станциялар арқылы зерттелуде.
Күннің төңірегін Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері айналып өтеді. Планеталардың Күн төңірегіндегі жолы “орбита” деп аталады. (латынша орбита –із, жол).
Күнге ең жақын айналатын планета – Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутонның орбитасы өтеді.