Сүт қоректілер класы

1.Жалпы сипаттама. Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың ерекшеліктері мынадай.

  1. Оларда орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Оның ішіндегі жоғарғы нерв әрекетінің орталығы — үлкен ми жарты шарлары жақсы дамыған (сұр қыртысы). Соның нәтижесінде орта жағдайына байланысты бейімделуі жақсы жетілген:
  2. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын сүтімен қоректендіреді. Бұл сүтқоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді және төлдерінің өніп-өсуіне қолайлы жағлайдар туады.
  3. Дене температуасының тұрақтылығына байланысты, жылу реттелуі жоғары дамыған. Сүтқоректілердің денесінін температурасы шамамен37-48°С. Дененің температурсының бұлай болуы, бір жағынан химиялық терморегуляцияның дамуы болса (организмнің жылу бөлуі), екінші жағынанфизикалық терморегуляцияның жылуды реттеудегі күшінің (терлеу, терініңқан айналысының өзгеру сипатында) дамуына байланысты. Денедегі жылуды реттеуде тері астындағы майдың, қаптап тұрған түктердің маңызы өте зор.

Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері:

Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездері бар. Мысалы, тер бездері — тер шығарады, суды сыртқа шығарады, жылуды реттейді, терморегуляция қызметін атқарады, май безі — одан бөлінген шырын жүндерін, терінің үстін майлап, олардың сынбауына, кеуіп кетпеуіне ұзақ уақыт қызмет жасауына мүмкіндік береді. Иіс безі бір-бірімен қатынас үшін, қорқыту үшін. Сүт безі — (аналық) балаларын сүтпен асырау үшін қажет.

Сүтқоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қаптап тұратын түк болады (волос). Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т.б.) түк тіпті болмайды, болса рудимент түрінде сақталған (екінші рет жойылған). Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның негізгілеріне: Малдың түк (түбіт), қылшық, сезгіш түк (вибрис) т.б. жатады.

Осындай ерекшеліктері әр түрлі жағдайларға қарамастан сүткоректілердің кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Сол таралу жағдайына қарай оларды бірнеше экологиялық топтарға бөледі: көпшілік сүтқоректілер жер бетінде тіршілік етеді (үй малдары, қасқыр, марал, елік т.б.), суда (кит тәрізділер — дельфиндер мен кашалоттар), сирендер — Стеллер жартылай суда — ескек аяқтылар — тюлендер, морждар; камшат, құндыз, ондатр, нутра т.б. ағаш басында (маймылдар, тиіндер т.б.), ауада (жарқанаттар), жер астында — (көртышқан, бұзаубас, соқыртышқан т.б.).

Бұл класқа омыртқалылармен салыстырып қарағанда көптеген өзіндік белгісі бар жануарлар жатады. Терінің үсті азды-көпті жүнмен жабылған. Жүнмен терінің негізгі маңызы организмді сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтаумен қатар, дененің температурасын тұрақты мөлшерде сақтау.

Терінің астында, қалындығы әр түрлі болатын май қабаты бар. Бұл май суық жаққа немесе теңізде тіршілік ететін сүтқоректілерде қалың, мысалы, көк киттің тірі майының қалындығы 30 см дейін. Май қорек жеткіліксіз болғанда жұмсалатын денедегі қоректік заттың қоры да болып есептеледі. Сондықтан қыста ұйықтап жатқан кейбір жануарлардың (күзде) майы көп болады.

Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездер көп болады. Ол бездердің клеткалары бөліп шығаратын заттар шырын деген ортақ атпен аталады. Бездердің өздері бірнеше топқа бөлінеді және секреттерін белгілі түтік арқылы шығарады. Секреттің химиялық құрамы әр түрлі болады. Мысалы, тер бездері -тер шығарады, ал сүт бездері — сүт шығарады т.б. Сүт безі тек сүтқоректілерде ғана болады. Кейбір бездер түтіксіз болғандықтан секреттері қанға қосылады.

Сүтқоректілерде денені қозғалысқа келтіретін әртүрлі бұлшық еттер болады, олар сүйектерге бекиді. Басқа омыртқалылардан сүтқоректілердің тағы бір ерекшелігі дене кеуде және құрсақ қуысына бөлінген, ол екеуінің арасынан көкірек құрсақ пердесі немесе диафрагма бөліп тұрады. Сүтқоректілердің денесін құрайтын әртүрлі мүшелер өздерінің атқаратын қызметіне байланысты бірнеше жүйеге бөлінеді: сүйек, ет, ас қорыту, зәр шығару, қан айналу, нерв жүйесі және тағы басқалар.

Сүтқоректілердің сыртқы құрлысы

Қаңқасы. Ересек сүтқоректілерде қаңқасы сүйекті болады. Хорда тек эмбрионалдық даму кезеңінде айқын білінеді. Омыртқа жотасы — мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқаларының саны әрқашан тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын — ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп аталады. Мойын омыртқасы жеті омыртқадан тұрады. Бірақ сүтқоректілердің мойынының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Демек, олардың мойынының ұзындығының түрліше болуы сүтқоректілердің мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалылардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты.

Арқа омыртқалары көпшілігінде 12-15 болады, ал кейбіреуінде 24 арқа омыртқасы болады. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп өсіп кеткен 3-4 омыртқадан тұрады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмайды. Мысалы, Гиббонда — 3 болса, кесірткеде 49-ға жетеді.

Ми сауыты. Миының үлкен болуына байланысты, сүтқоректілердің ми сауыты да үлкен болады. Жоғарғы жақ, 2 жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Төменгі жақ сүйегі бір жұп тіс сүйегінен қалыптасады. Буындасу сүйегі, есту сүйекшесі — балғаға айналады, шаршы сүйек есту сүйекшесінің екінші бір түрі төске айналады. Бұл екі есту сүйекшелері және үшінші есту сүйекшесі — үзеңгі ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы — дабыл сүйегінен тұрады.

Сүтқоректілердің иық белдеуі негізінен жауырын мен бұғанадан тұрады. Каракоидты сүйектер барлық сүтқоректілерде рудиментті түрде кездеседі. Жамбас белдеуі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тән шонданай (седалищными), шап (лобковыми) жвне мықын (подвздошными) үш сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтасып барып — жамбас сүйегін құрайды. Барлық жер бетіндегі қозғалатын сүтқоректілердің аяқтары бес саусақтан болып келеді.Мысалы,жербетіндежүретінтүрлерінде аяқтары ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінде керісінше қысқа болады.

Нерв жүйесі. Сүтқоректілердің нерв жүйесі өте күрделі. Олардың миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары мен мишыктың көлемді болуына байланысты, ал олар сүтқоректілердің неше түрлі қимылдар жасауына мүмкіндік береді. Алдыңғы ми сауыттарының қыртысы тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның беттік ауданын ұлғайтып тұрады. Баста 12 жұп нерв жүйесі бар.

Сезім мүшелері. Сүтқоректілердің тіршілік әрекетіне қарай жақсы дамыған. Иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Осы мүшелердің көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын бірін-бірі іздеп табады.

Есту мүшелері жақсы жетілген. Оларға сыртқұ құлақ (құлақ қалқаны), ортаңғы және ішкі құлақ енеді. Ортаңғы құлақ қуысында үш сүйек болады. Балға дабыл жарғағына тиіп тұрады, оған қозғалмалы болып төс бекіген. Төс өз тарапынан қозғалмалы болып үзеңгімен байланысқан. Ішкі құлақтың қарылысындағы бір көңіл аударатын нәрсе, улитканың каналында керіліп жатқан мыңдаған жіңішке талшық — кортьев мүшесінің болуы. Дыбысты қабылдаған кезде осы талшықтар оны күшейтіп, жануарлардың нәзік дыбысты естуін қамтамасыз етеді.

Көру мүшесі. Сүтқоректілердің көздері омыртқалылардың көз құрылысына ұқсас. Оларда жоғарғы және төменгі қабағы жақсы дамыған. Аңдарда көздің көру қабілеті құстардікінен нашар.

Сүтқоректілердің дене қуысының айырмашылығы сол, ол диафрагма арқыны бөлінген кеуде қуысы және құрсақ қуысынан тұрады. Кеуде қуысында жүрек пен өкпе жатса, ал құрсақ қуысында — қарын, ішек, бауыр, бүйрек тағы басқа мүшелер болады.

Ас қорыту мүшелері — күрделі және бірнеше бөлімнен тұрады. Ол ауыз қуысынан басталады. Қоректік заттар үстіңгі және астыңғы жақтарға орналасқан тістерден және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі. Сүтқоректілердің тістері — күрек тістер, шошақ тістері жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Олардың азу тістері өте үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген.

Төмендегі жақ сүйегінің арасында етті тіл орналасқан. Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналаскан. Жұтқыншақтың төменгі бөлімінде өңеш тесігі жалғасады. Ауыз қуысында сілекей бездерінің түтіктері ашылып көмірсутек қосылыстардың крахмал мен қантқа ыдырауына себебін тигізеді.

Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі мен құрылысы қоректік заттардың түріне қарай әрбір түрде түрліше болады.

Күйіс қайтаратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылысты. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үлкен қарын; 2) жұмыршақ қарын; 3) жалбыршақ қарын; 4) ұлтабар немесе безді қарын. Үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда — ауызға келіп түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. Нағыз ішек — аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал жануар тектес азықтармен қоректенетіндеріне қысқа болады.

Сүтқоректілердің астың қорытылуында бауырдан бөлінетін өттің, сол сияқты ұйқы безінің және ішек қабырғасында орналасқан бездердің әсері зор.

Тыныс алу мүшелері. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі тыныс алатын көмекей, кеңірдек, бронхылар және өкпе. Кеңірдек көмекейден басталып жұтқыншаққа ашылады. Ауа танау тесіктері арқылы кіріп жылынады және әртүрлі қатты заттар қосылысынан тазартылады. Таңдайдың жақсы жетілуіне байланысты ауа жүретін жол ауыз қуысынан жекеленген, көкірек қуысында кеңірдек екі бронхыға бөлініп өкпеге енеді. Бронхылар өкпеніңішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлініп, жұқа қабырғалы кепіршіктер — альвеолдарды түзеді. Альвеолдар ұяшықтарына капиллярлардың ұшы келіптұрады. Осы капиллярлар арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады. Сүтқоректілердің тыныс алуына және шығаруына көкірек қуысының кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып өкпеден газдың шығуына себепші қабырғаларды көтеретін қабырға аралық еттермен көк еттің (диафрагманың) үлкен әсері бар.

Қан айналу жүйесі. Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі зат алмасу процесінің өркендеуіне байланысты төрт бөлімнен екі жүрекшеден, екі қарыншадан тұрады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-бірінен толық бөлінген. Сондықтан, сүтқоректілердің артерия қаңдары вена қаңдарынан толық бөлінген. Демек, олардың барлық дене мүшелері оттегіне қаныққан бай артерия қаңдарын қабылдайды. Жүректің атқаратын қызметінің көлеміне қарай тамырлары жақсы дамыған. Басқа омыртқалы жануарларменсалыстырғанда жүректің қызметін нервпен қамтамасыз ету жоғарғы дәрежеде дамыған. Дененің барлық бөліктері қоректік заттармен және оттегімен жабдықталған және диссимиляция қалдықтарынан да тез босайды.

Олардың эритроциттерінің құрылысы өзінше сипат алады. Эритроциттері кішкентай ядролары болмайды. Сондықтан олар өте көп мөлшерде кездеседі (1 куб мм миллиондап болады). Соның арқасында эритороциттердің бет көлемі артып оттегін сіңіретін жалпы аумағы артады.

Сүтқоректілердің қаны суық жануарлардікіне қарағанда тез ұйиды. Ол жануарлардың жарақаттанған кезінде қанның көп ақпай, тез тоқтауына әсерін тигізеді.

Қан айналу жүйесі кіші және үлкен қан айналым шеңберінен тұрады. Қан жасап шығарушы мүше — көкбауыр (талак) болады.

Зәр шығару мүшелері. Сүтқоректілердің бүйрегі мықын бүйрегі деп аталады. Қосмекенділерге, балықтарға тән дене бүйрегі эмбрионалдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүтқоректілердің метанефридиалық бүйрегі бұршақ пішінді болады. Ол бел маңайындағы омыртқалар жотасының екі қапталында орналаскан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағаралар шығын, қуыққа ашылады. Қуықтан несеп түтігі арқылы сыртқа шығады. Клоакалы сүтқоректілердің несеп жолы несеп — жыныс қуысына барып, одан қуыққа келеді. Қуықтың несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады. Зәр шығару қызметін аздап та болса тер безі атқарады.

Көбеюі. Сүтқоректілердің көбеюі басқа жануарлардың көбею мүшелерінен ерекше болады. Ең негізгі бір сипаты артқа ішектен жыныс жолдарының толық бөлінуі.

Аталық жыныс мүшелері. Сүтқоректілердір аталық жыныс бездері алғаш дене қуысында болады да, есейген шағында төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен (мошонка) қалтасының ішіне орналасады. Аталық жыныс безіне беттесе орналасқан — ен сабағы болады. Ен сабағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген каналдардан тұрады. Ол шағылыс мүшесінің түп жағынан келіп несеп шығаратын немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады.

Шағылыс мүшесінің түп жағында бір жүп бездері болады. Бұны предстательдік без деп атайды. Бұл бездің де жолы тұқым-несеп каналының ұшына ашылады. Аталық жыныс бездерінің геперматозоидтары жүзіп жүретін сұйықтықтарды осы без бөліп шығарады. Предстатрльдік және тұкымкөпіршік бездерінен бөлінген секреттер сперматозоидтардың қозғалысын шапшандатады.

Аналық жыныс мүшелері. Дене қуысында орналасқан жұп аналық жыныс безінен, бір жұп жұмыртқа жолынан, жұмыртқа жолының жоғарғы иіліп жатқан бөлімі фаллопиев түтігінен, жатын мен қынаптан тұрады. Сүтқоректілердің жатындары бәрінде бірдей болмайды. Кейбір сүтқоректілерде жатын жұп болып, оның оң және сол бөлімі жатын қынабына дербес тесік арқылы ашылады. Мұндай жатынды қос жатын деп атайды.

Кейбір кемірушілердің, жарқанаттардың және жыртқыштардың жатыны төменгі жағынан қысылып — екі айыр жатын құрайды. Кит тәрізділердің, тұяқтылардың және кейбір жыртқыштардың жаныдарының оң және сол жағының көпшілік бөлімінің қосылып кетуінің салдарынан — екі мүйізді жатын пайда болады. Пирматтардың, жарқанаттардың, адамдардың екі жатыны да қосылып дара қарапайым болады.

Сүтқоректілердің кейбіреулері — полигамды болады, демек бір еркегі табынның қожасы болып, сол тобындағы барлық ұрғашы жануарларды ұрықтандырады (мысалы, ақбөкендер, жылқылар т.б.). Екінші біреулер — моногамды болады, демек олар жұптасып тіршілік етеді (мысалы, түлкілер, қасқырлар т.б.). Әрине, олар бір маусымда ғана жұптасуы немесе өмірінің ұзақ жылдарында жұптасып тіршілік етуі ықтимал.

Ұрық орны. Барлық сүтқоректілер қағанақтыларға (амниотаға) жатады. Өйткені ұрықтың даму барысында оларды ұрық қабығы пайда болады. Қазіргі сүтқоректілер балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Төменгі сатыдағы (ехидна, үйрек тұмсық), қалталылар, нашар дамыған, әлі жетілмеген балаларын туады.

Планцентарлы сүтқоректілерде сероздың бет жағында өсінділер пайда болады да, ол борпылдақ дене хорионға айналады. Хорионның бір бөлігі жатынның жұмсақ ұлпаларымен жабыса өсіп күрделі мүше ұрық орны немесе плацента пайда болады. Хорионда да, жатынның жұмсақ ұлпаларында да қан тамырлары өте жақсы дамыған. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өзара ұштасады, бірақ әрқайсысы жеке-жеке жатады. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыңырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.

Дамуы. Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.

Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда, сан жағынан аз бала табады. Ірі сүтқоректілер бір-ақ бала табады.

2.Қазір дүние жүзінде 4500 сүтқоректілердің түрі бар. Соның 3320 түріТМД-да болса, Қазақстанда 178 түрі қолайлы орын тапқан.

Сүтқоректілер класының өкілдері үш класс тармағына бөлінеді.

1-класс тармағы, Жұмыртқа салушы сүтқоректі немесе алғашқы аңдар.

2-класс тармағы. Қалталы сүтқоректілер немесе төменгі сатыдағы аңдар.

3-класс тармағы. Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілер немесе плаценталылар.

1-класс тамағы. Жұмыртқа салушы немесе алғашқы аңдар. Жұмыртқа салушы сүтқоректілердің дене құрылысы өте қарапайым. Олар бауырымен жорғалайтын жәндіктерден алғашқы пайда болған сүтқоректілерге өте ұқсас, сондықтан да бұл бұларды алғашқы сүтқоректілер деп атаймыз. Оның өкілдері үйректұмсық пен ехинда. Бұлардың ішінде үйректұмсык, кебею үшін жұмыртқа салып, сосын оны құстар сияқты басып, бала шығарады. Ехинда да осылай көбейеді, бірақ ол жұмыртқасын өзінің бауырында болатын ерекше қалтасына салып басып шығарады. Олар бір жұмыртқа салады, ал екі жұмыртқа сирек кездеседі. Жұмыртқасының ұзындығы 1-1,5 см басқа сүтқоректілерден айырмасы, зәр шығару мүшелері мен ас қорыту жүйесі бір тесікке клоакаға ашылады. Емшек болмайды, сондықтан сүт безінен шыққан сүт жүн арқылы ағып, жүнді жалаған балаларының ауызына барады. Денесінің температурасы төмен және ол тұрақты емес (2б-35°С).

Алғашқы сүтқоректілер Австралияда және Тасмания мен Гвинея аралдарында кездеседі. Бұлар кішкентай сүтқоректілер (үйректұмсықтың үлкендігі, құйрығын қосып есептегенде 60 см шамасындай). Үйректұмсық су жағасында, інде тіршілік етіп, насекомдармен қоректенеді. Оның терісінің бетін жауып тұратын жүні кірпідей қатты болады.

Үйректұмсықтар өзен жағалауындағы тіршілік етеді және уақытының көбін суда жүзіп өткізеді. Мүйіз қабатты ұзын, жалпақ тұмсығы үйректің тұмсығына ұқсайды. Ересек үйректұмсықтылардың тістері жоқ. Олар жас кезінде шыға бастайды да, кейін оның орнына мүйізді пластинка пайда болады. Үйректұмсық осы пластинкасымен моллюскалардың қатты қабыршақтарын да оңай уатады. Судағы тіршілікке байланысты саусакатарының аралығында жүзу жарғақтары болады. Сондықтан аяқтары жалпақ, қалақ тәрізді суда жақсы жүзуге бейімделген. Ал құйрығы болса суда жүзгенде бағыт беріп отырады. Үйректұмсықтардың жүні қатты және тығыз, сондықтан суды да өткізбейді. Құлақтарының калқаны болмайды, ал құлақтарының тесіктері суға сүңгігенде жабылып қалады. Сөйтіп, үйректұмсықтардың барлық құрылысы сула өмір сүруіне икемделген.

Ехидналар ойлы-қырлы, бұталы жерлерде мекендейді. Мөлшері 1-1,5 см болатын екі жұмыртқа салады. Оны ұрғашысы құрсағындағы тері қалтасына салып қояды. Қалтасының ішіндегі температура 33-35° шамасында болады. Ұрық жұмыртқадан шығып, қалтаның ішінде дамып, ұзындығы 8 см-ге жеткенде қалтадан сыртқа шығады.

Олар Австарлияны мекендейді. Бұлардың аяқтарында ұзын өткір тұяқтары болады, солардың жәрдемімен ін қазып, сол індерінде тіршілік етеді. Ұзын тұмсығы қатты, мүйізді сауытпен қапталған. Насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды жабысқан тілімен жердің жарығынан, тастардың арасынан тауып алады.

Қалталылар класс тармағы

Қалталылар класс тармағының жұмыртқа салушыларымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың плацентасы нашар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да жетілмеген әлсіз бала туады. Көпшілік түрлерінің ұрғасының құрсағында тері қалтасы болады. Қалтаның ішінде жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішінде балаларын емізетін емшектері де ашылады. Жаңа туған бала әлі емшекті сора алмайды, Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайындағы ерекше еттер жиырылып — жазылу арқылы орындалады. Олардың балалары жатыннан гөрі қалталарында ұзағырақ болады. Мысалы, ұзындығы 2 м болатын алып кенгурудың ұрығы жатында 39 күн болса, қалтасында 7 айдан артық уақыт жатады.

Ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп күйінде сақталады, сондықтан қынабында екеу болады. Еркегінің жыныс мүшесі тек қана шағылысу қызметін емес, зәр шығару қызметін атқарады. Ұрғашыларының қынабы екеу болғандықтан, осыған сәйкес еркектерінің де шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады.

Қалталылар бір кезде дүние жүзінде кеңірек тараған. Планцентарлы сүтқоректілердің шығуына байланысты оларды ығыстыра бастаған. Соның салдарынан олар тек Австралияда және оған жақын аралдарда тарап сақталып қалған. Қалталылардың бірнеше түрі Оңтүстік Америкада, бір ғана түрі Солтүстік Америкада тіршілік етеді.

Қалталылардың көпшілік түрі ағаш басында: қалталы тиіндер, қалталы қарақас, қалталы аюлар. Қалталы көртышқаңдар жер астындағы індерде тіршілік етеді. Бұлардың кейбіреулері ашық далалы жерлерді мекендейді. Олар таулы жерлерде, орманда кездеседі. Жейтін тамағының құрамына қарай өсімдік тектес қоректілер (кенгуру, қалталы аю т.б.), жыртқыштар (калталы қасқыр, опоссум т.б.). Кенгурулардың терісі жұмсақ жылы болады, еті де дәмді. Сондықтан оларды еті мен терісі үшін аулайды.

Плацентарлы класс тармағы

Плацентарлы сүтқоректілер дүние жүзінің барлық жеріне таралған, тек Австралияда ғана болмайды. Оларға барлық үй малдары жатады. Плацентарлылардың ең жоғарғы тобы маймылдар — олардың шыққан адам да жатады.

Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілерде жұмыртқа салушы және қалталы сүтқоректілермен салыстырғанда барлық тіршілік жағдайы күрделенген. Алдыңғы ми және ми сыңарлары жақсы жетіліп нерв жүйесі жақсы дамыған, соған сәйкес әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделу қабілеті артты. Сол сияқты жақсы жетілген қимыл, тыныс, қан, ас қорыту тағы баскэ жүйелерін айтуға болады. Дене температурасы тұрақты, зат алмасу процесі үдемелі түрде жүреді. Плацентарлыға тән сипат ұрықтың қолайлы жағдайда дамуы, тірі тууы. Оларда ұрықтарына деген қамқорлық (сүттен қоректендіру, жауларынан қорғау т.б.) басқа жануарлар тобында жоқ планцентарлы сүтқоректілерде жоғарғы сатыда дамыған.

Қазіргі кезде тіршілік ететін плацентті сүтқоректілерге қысқаша сипаттама беріледі.

3.Сүтқоректілер омыртқалылардың ішіңдегі түр жағынан ең көп жануарлар. Сондықтан олар барлық жерлерде кездеседі. Себебі барлық жердің халықтары сүтқоректі жануарлардың етін, майын, тамаққа және жүнін, терісін шаруашылықта қолданады. Сүтқоректілердің кейбір түрлері малдары, жабайы аңдар, олардың ішінде ауыл шаруашылығына зиян келтіретіндері де бар.

Үй малдары, негізінде, жабайы жануарлардан шыққан, бірақ олар адамның көмегінсіз өсіп-өніп тіршілік ете алмайтын күйге келді. Адамның әсер еткені сондай, олар ауыл шаруашылық қажетіне неше түрлі жаңа тұқымдар беріп, көбейіп кеткен. Негізгі үй жануарлары мүйізді ірі қара (сиырлар, қодастар, буйволдар), ұсақ малдар (қойлар, ешкілер) және жылқы, түйе, шошқалар. Біздің ТМД-да елуден артығырақ ірі қара мал тұқымдары (породалар) бар. Мысалы, біздің Қазақстанда сүтті дала қызыл сиыры. Бұл Қазақстанда 33 проценттей орын алады. Ол етті бірақ сүті аз, қазақтың ақбас сиыры 25 процент орын алады. Сүтті де, етті де жақсы беретін Әулиеата сиыры 12-13% срын алады. Дала қазыл сиырдың ұрғашысының салмағы 500 кт-дай, жылына 3200 л сүт бере алады (жеке сиыр ғана). Сүттің майлылығы 3,7%-ке дейін жетеді.

Сұрыптау жұмысының нәтижесінде 150-ден артығырақ қойдың жаңа тұқымы алынды. Олардың азық-түлік (ет, сүт, май) және тері мен жүн алынады. Жүннен мата, киіз, байпақ т.б. заттар жасайды. Терісінен тон, аяқ киім т.б. киімдер тігіледі. Ал кейбір қойлардың тұқымдары бағалы тері сеңсең, елтірі береді.

Қойлардың жүні сапасына қарай үш топка бөлінеді: биязы жүнді, ұяң жүнді, қылшық жүнді. Биязы жүнді қойлардың жүні бірыңғай ұзын және жіңішке, ылғай түбіт, яки жабағы жүн болып келеді. Тері бездерінен шыққан шайыр жүннің талдарын бір-бірімен жабыстырып тастайды. Соның нәтижесінде жабағы пайда болады.

Қазақстандағы осындай биязы жүнді қойлар Қазақстанның жіңішке жүнді меринос, жіңішке жүнді арқар меринос және Солтүстік Қазақстан мериносы болып жіктеледі.

Ұяң немесе жартылай қылшық жүнді қойлардың да жүні бірыңғай болып келеді, бірақ биязы жүнді Қазақстан қойының жүніндей жіңішке емес және биязы жүні аз болады. Осындай жүні бар, ет салмағына да жақсы және майлы құйрықты, біздің Қазақстанда жаңадан қойдың бір асыл тұқымы шығарылады. Ол дегерес қой тұқымы (дегересская порода).

Қойдың осындай асыл тұқымын шығаруда Алматы зоотехникалық малдәрігерлің институтының ғалымдары: Қ.Сабденов, Т.Садықұлов, А.Байжұманов т.б. көп еңбегі сіңірді. Осындай қой тұқымын шығаруда Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының ғалым қызметкерлері көп еңбек сіңірді.

Қазіргі халық шаруашылығында жылқының да маңызы өте зор. Жылқылар ауыл шаруашылығының жұмысықа пайдаланылады және еті, сүті жақсы тамақ болады. Сүттен қымыз, теріден түрлі бұйымдар жасайды. Жылқының да 100-ден аса асыл тұқымдары (породалары) бар. Жылқының тұқымы тигізетін пайдасына сәйкес жеңіл жетістік, салт мінетін және ауыр жүк тартатын деп үш топқа бөлінеді.

Салт мінетін Түркменияда ақалтеке, ал Қазақстанда Қостанай жылқылары бар. Салт мінетін жылқылардың ішінде Дон жылқысы таңдаулы болып есептеледі. Бұл аттың тұқымы өте жақсы үйірмен далада жайылып жүре алады және әскери істе де, жүк тасыған да, басқа ауыл шаруашылығында да шыдамды.

Жылқының жеңіл жетістік тұқымдары да көп, мысалы, Орлов жылқысы, ал Қазақстанда орыс шошка және қазақ жылқылары жетістік жұмысты жақсы атқарады. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы Владимир облысының колхоздарында шығарылған, владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы. Бұл жылықының күштілігі сондай, мысалы, Владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы 22,9 т дейін алып жүре алады.

Қазақстанда аң аулау кәсіпшілігі және аң шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Біздің еліміз аңға бай, аңның терісін дайындауда ол жер жүзінде бірінші орын алады. Қазір республикамызда ірі-ірі аң шаруашылықтары мен аң фермалары құрылып, халық аса қажет етіп отырған товарлар дәмді ет пен бағалы аң терілері көп өндіріле бастады. Мысалы, тек біздің республикамызда 275 тіркелген аң шаруашылығы арнаулы 7 ондарт және 2 ақбөкен шаруашылығы, арнаулы 27 заказник және белгілі бір географиялық аудаңдардағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң-құстар сақтайтын жеті қорық бар.

Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы жер бетінен аңдардың 106 түрінің, құстардың 139 түрінің оралмастай жойылып кеткендігін анықтап отыр. Тек өткен ғасырдың ішівде сүтқоректілер мен құстардың 70 түрі құрып кетсе, ал XX ғасырда 70 жылдың ішінде, жоғарыдағы айтылған санға жануарлардың тағы 40 түрі қосылған.

Шын мағынасында сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлардың қорғау мәселесін біздің мемлекетіміз бірінші күннен бастап маңызды істің бірі деп қарап келді. Соның нәтижесінде көптеген жұмыстар жасалынып, құруға жақын тұрған түрлерінің санын көбейтіп, халық шаруашылығына көптеген пайда келтірді. Мысалы, біздің елімізде бұғынның, бұланның, камшаттың, акбөкеннің т.б. санын көбейтуге мүмкіндік туды. Қазір осы жануарлар елімізге бағалы тері, дәмді ет, медицинаға шикізат панта мен мүйіздер т.б. беруде. Қысқасы, табиғаттың адамға берері мол. Совет Одағында В.И.Ленин 1920ж. табиғатты қорғау туралы қаулы-қарарға қол қойды. Үкіметтің заң жобаларына сәйкес, бағалы және сирек кездесетін аңдардың санын көбейту бағытында көптеген жұмыстар жасалынуда. Республикамызда қолда бар байлықты сақтау үшін қорықтар, зақазниктер т.б. ұйымдар құрылды. Сирек кездесетін аңдар (бұлғын, сусар, камшат) ерекше рұқсатпен ауланады. Бұларды аулау үшін ең алдымен өсімін жыл сайын жоспарлап отырады. Сирек кездесетін аңдардың тек санын біліп қана қоймай, биологиясын зерттеп, оларға тезірек көбейетін жағдай туғызады. Сирек кездесетін аңдарға қысты күні жем беріп және биотехникалық жұмыстар жүргізеді.

Кейбір бағалы аңдарды кеңірек тарату мақсатында бір жерден екінші жерге апарып жерсіндіру жұмысына жүргізеді. Мысалы, жақсы тері беретін ондатрлар, саз камшаты (нутрия) және жыртқыштар отрядына жататын Америка қара күзені, жанат т.б. Қазақстанның көптеген аудаңдарында жерсіндіріліп жақсы көндігуде.

Сонымен бірге сәнді терісі үшін күміс қара түлкіні, көгілдір түлкіні, қара күзенді (норка), саз камшатын колхоз бен совхоздардың аң фермаларында өсіріледі. Ауыл шаруашылығының бұл жаңа саласы табысты өркендеп келеді, Ал аң фермаларындағы түлкілер жабайы аңнан, үй жануарларына айналдырылып барады. Фермаларда жыл сайын аңдардың саны көбейтілуде. Қазір де біздің респубдикамызда онға жуық ферма жұмыс істейді. Олар жылына 1,5-2 миллион сомдық аңдардың елтірісін мемлекетке өткізіп отырады: Сондықтан да аң шаруашылығы халық шаруашылышның бір маңызды саласы болып табылады.

Республикамыда бірқатар сүтқоректілер ауыл шаруашылығына зиянын тигізеді. Мысалы, саршұнақ, қаптесер, тоқалтіс, аламан, егеуқұйрық сияқты зиянкестер кемірушілердің әрекеті салдарынан дәнді дақылдар өнімі жыл сайын шамамен 6-8% кемиді екен. Сонымен қатар, зиянкес кеміргіштер жеміс бағына, бау-бақшаға, қоймадағы астықта, орман алқабына, екпе ағаштарға және мал азығы дақылдарына да едауір залалын тигізеді. Ал көптеген кеміргіштер жұқпалы ауруларды таратады.

Қазақстан территориясында кеміргіштердің жетіспеген астам түрі кездеседі. Оның ішінде отыздан астамы зиянкестерге жатады (кемірушілер отрядының сипаттамасы қараңыз).

Қорыта келгенде сүтқоректілердің экономикалық маңызы өте зор және алуан түрлі.

Сүтқоректілер немесе аңдар класының өкілдері адамдар өміріне өте маңызды. Тұяқтыларды өсіру мал шаруашылығының негізін қалайды, жыртқыштар мен кеміргіштер аң шаруашылығында пайдаланынады. Қазір респулбикамьпда қоректілердің 60-тан астам түрі кәсіптік маңызда ауланып, халық шаруашылығына айтарлықтай үлес қосуда. Мысалы, Қазақстанда 1955 жылдан бері 4 млн. астам ақбөкен ауланып, одан 70 000 тонна ет өндірілсе, соңғы 40 жыл ішінде республикамызда 32 млн. жуық ондатр терісі дайындалған екен. Жалпы алғанда Қазақстан жыл сайын тек еліміздегі аң терісі өнімінің 14-16% беріп, аң шаруашылығының бұл саласында РСФСР-ден кейінгі екінші орынды алады.

Дәмді ет беретін ақбөкен, таутеке, бұлан, елік, марал және жабайы шошқа сияқты жануарлар кәсіптік мақсатта ауланып, тиісті қажеттерге жаратылады. Сол сияқты кәсіптік маңызы бар — кеміргіштер, қояндар, жыртқыштар, су жануарларын кит тәрізділер мен тюленьдер жатады.

Тиімді аңшылық шаруашылығы тек кәсіптік маңызы бар аңдарды аулаумен шектелмейді. Оларды көбейту мақсатында биотехникалық шараларды жүргізеді: азықтық жәңе панасы тиетін өсімдіктерді отырғызу, қосымша азықтандыру, су тасығанда немесе басқа да дүлей табиғаттың апатынан сақтау, құтқару, жерсіндіру және қайта жерсіндіру, тұз жануарларының ауруларымен және паразиттерімен күресу. Осы аталған жұмыстарды жүргізуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана аңшылық шаруашылығының жұмысы алға баспақ. Республикамызда аңшылық шаруашылығының жұмысын дұрыс жүргізу мен ұйымдастыру жауапкершілігі мемлекет тарапынан ҚР экология және биоресурстар министрлігіне жүктелген. Ол өзінің өкілеттілігіне қарай республика территориясында аң аулаудан әдісің, мерзімін және аулайтын аң түрін белгілейді, жалпы ҚазССР-нің 1981 жылғы 1 августа күшіне енген «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» заңының дұрыс орыңдалуын қадағалайды.