Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типі

1.Құрттар – жануарлардың өте кең таралған тобы.Бұлардың денесі созылыңқы пішінді, аяқтары болмайды, алайда басын айқын ажыратуға болады, ирелеңдеп қозғалады. Құрттар үш типке ажыратылады: жалпақ құрт, жұмыр құрт және буылтық құрт.

Дене пішіні созылыңқы, құрсағы арқасына жабысып жалпайған, кейбіреуінің денесін кірпікшелер қаптаған, еркін тіршілік ететін жәндіктер жалпақ құрттар типіне жатады. Бұлар жалпақ денелі болғандықтан да жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттар теңізде, мұхитта және тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі жыртқыштықпен, біразы паразиттікпен тіршілік етеді. Қазіргі ғылымға жалпақ құрттардың 12 500-ге тарта түрлері белгілі.Жалпық құрттардың 3 класы бар.

1)Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын жалпақ құрттардың бір класы. Бұлардың денесін кірпікшелер қаптап жататындықтан,осы класқа жататын құрттар кірпікшелі құрттар деп аталады.Кірпікшелердің үйлесімді қимылынан жалпақ құрт бірқалыпты еркін қозғалады. Бұлар су түбінде, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді. Ылғалды тропиктік ормандарда, топырақта тіршілік ететін де түрлері кездеседі. Ғалымдардың есептеуіне қарағанда, қазір кірпікшелі құрттардың 3000-ға тарта түрі бар деп есептеледі.

Кірпікшелі құрттар – теңіз, мұхит және тұщы суларда су түбінде тіршілік ететін жалпақ денелі, созылыңқы пішінді жәндіктер. Денесін түк тәрізді кірпікшелер қаптайтындықтан, бұл класқа жататын жәндіктер кірпікшелі құрттар деп аталады.

Кірпікшелі құрттар – жыртқыш жәндіктер, олар судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Кірпікшелі құрттардың денесі үш қабаттан: эктодермадан, энтодермадан және мезодермадан құралады. Бұларда дене қуысы болмайды, ең алғаш мүшелерге жіктелу байқалады.

Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Олар – гермафродиттер. Кірпікшелі құрттар жыныстық жолмен көбейеді. Кірпікшелі құрттарда асқорыту, зәршығару, жүйке және жыныс мүшелері бар. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады, олардың арнаулы тынысалу мүшесі болмайды.

Кірпікшелі құрттар – еркін тіршілік ете алатын, кірпікшелері арқылы қимылдап жүретін жәндіктер.

2)Сорғыш құрттар – балық, қосмекенді, құс және сүтқоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттікпен тіршілік ететін жалпақ құрттар класы. Бұл класқа жататын жәндіктер кейде трематодтар деп те аталады. “Трематода” грекше атау, оның қазақша баламасы “сорғышы бар” дегенді білдіреді. Сорғыш құрттардың дене тұртқы бірнеше миллиметрден 5 сантиметрге дейін жетеді. 5000-нан астам түрі бар деп есептеледі.

Әр турлі жануарлардың ішкі мүшелерінде (көбінесе ішегінде) мекендейтін жалпақ құрттар типінің бір класы – сорғыш құрттар. Бұлар мекендейтін иесінің ұлпалары мен мүшелеріне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы болғандықтан, сорғыш құрттар деп аталған.

Сорғыш құрттар – ішкі мүшелерде паразиттік тіршілік етеді, сондықтан ішкіқұрттар деп аталады. Бұлар нақтылы жалпақ құрттар болғанмен кірпікшелі құрттардан құрылысы мен тіршілік әрекеті жағынан едәуір ерекшеленеді.

Сорғыш құрттар – еркін қозғала алмайтын жәндіктер, сондықтан олардың денесі кірпікшелермен қапталмаған,оның есесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы бар. Денесін жұқа, тығыз қабықша – кутикула қаптайтындықтан, сорғыш құрттардың ішкі мүшелерінде тіршілік ету мүмкіндігі артады. Сорғыш құрттар – гермафродиттер – қос жынысты жәндіктер. Олардың көбеюі өте күрделі. Көбею кезінде негізгі иесі – омыртқалы жануарлар, аралық иесі – былқылдақденелілер (ұлу) және қосымша иесі – құмырсқа болады. Сорғыш құрттардың дернәсілдері кірпікшемен қапталған, сондықтан олардың кірпікшелі құрттардан шығуы да мүмкін. Паразиттік тіршілікке байланысты сорғыш құрттар жұмыртқаны өте мол салады. Бұларда қанайналым және тынысалу жүйелері болмайды, газ алмасуына қатыспайды.

3)Таспа құрттар – жануарлар мен адамның ішегінде, кейде басқа мүшелерінде тек паразиттікпен тіршілік ететін өте қауіпті жәндіктер. Бұлардың сыртқы пішіні таспа тәрізді әрі ұзын болғандықтан, таспа құрттар деген атауға сай келеді. Таспа құрттардың дене тұртқы миллиметрге жетер-жетпес,кейде тіпті 30 метрге дейін жетеді. Қазір таспа құрттардың 3000-нан астам түрі белгілі.

Таспа құрттар – адам мен жануарлардың ішкі ағзасында тіршілік ететін паразит жәндіктер. Сыртқы пішіні жалпақ құрттардың белгісіне сай келеді, денесі ұзын да жалпақ болып біткен.

Паразиттік тіршілікке байланысты таспа құрттарда асқорыту мүшесі жоқ, сондықтан иесі пайдаланатын қоректі бүкіл денесімен сіңіреді.Паразиттік тіршілікке негізгі бейімділігі денесін қорғаныш қабықша қаптайды, иесінің денесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы және қармақшалары бар. Жүйке жүйесі нашар дамыған, сезім мүшелері болмайды.

Таспа құрттардың тіршілік айналымы өте күрделі: негізгі және аралық иенің денесінде дамиды. Бұлар – гермафродиттер, яғни қосжынысты жәндіктер. Таспа құрттардың көбею айналымы: жұмыртқақармақшалы дернәсілфинка (екінші дернәсіл)ересек таспа құрт. Финка негізгі иесінде дамиды, оның қармақшалы және сорғышты басы, қысқа мойны, көпіршік тәрізді денесі болады. Финканың мойнынан буылтықтар пайда болып, олардың саны 1000-ға жетеді. Таспа құрттар өте көп жұмыртқа салады.

2.Жұмыр құрттар – денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20 000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.

Жұмыр құрттар- еркін қозғалатын, денесі буылтықсыз, созылыңқы, көптеген түрлері өсімдіктер мен жануарлар паразиттікпен тіршілік ететін цилиндр пішінді жәндіктер. Бұлардың дене тұрқы 1 миллиметрден 8 метрге дейін жетеді.

Ішексорғы және үшкірқұрт- адамда тіршілік ететін нағыз паразит құрттар. Жұмыр құрттардың денесі кутикуламен қапталған, денесінде қуысы болады, ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі-артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды, тек жан-жағына иіледі. Жұмыр құрттарда тынысалу және қанайналым жүйесі болмайды. Бұлар-дара жынысты жәндіктер, олардың арасында қос жыныстылары да болады. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді, дернәсілін тірі туатын да түрлері бар.

3.Буылтық құрттар- едәуір күрделі құрылысты, денесі екі жақты симметриялы, буылтықтанған ұп-ұзын жәндік. Бұлар теңізде, тұщы суда және топырақта тіршілік етеді. Денесі жұмыр және буылтықтардан құралғандықтан, бұл құрттар буылтық құрттар деп аталады. Буылтық құрттардың тұрқы бірнеше миллиметрден 3 метрге дейін жетеді. Қазір ғылымға 9000-нан астам түрі белгілі.Үлкен екі класқа жіктеледі.

1)Әсіресе топырақта немесе тұщы суда, кейде теңізде тіршілік ететін, денесінде көзге байқалмаса да, сипағанда сезілетін аздаған қылтандары болатын, дене тұрқы өте ұсақ немесе 2,5 метрге дейін жететін буылтық денелі жәндіктер сирекқылтанды құрттар класына жатады. Бұлардың жұмыр құрттардан ерекшелігі- денесінде буылтықтардың және сирек те болса қылтандарының болуы. Бұлар сондықтан сирекқылтанды құрттар деп аталады. Сирекқылтанды құрттар барлық жерде кездеседі, қазір олардың 5000-ға тарта түрі бар.

Сирекқылтанды құрттар-денесінде аз да болса қылтандары болатын, сезім мүшесіз, денесінде буылтықтары бар, қосжынысты болатын,сезім мүшесі нашар жетілген буылтықтары бар, қосжынысты жәндіктер. Бұлардың 200-ге тарта түрі теңізде тіршілік етеді. Бұрынғы КСРО-да 100-ге тарта топырақта, 300-ден астам суда мекендейтін сирекқылтанды құрттар бар.

Сирекқылтанды құрттардың топырақта мекендейтін түрлері топырақтың құнарлығын арттырып, жақсартуға қатысады, судағы түрлері балықтарға керек болумен қатар, суды ластанудан тазартады.

Сирекқылтанды құрттардың денесі сақиналы және біріңғай саласы бұлшықеттен тұратын тері-бұлшықет қапшығы мен қапталады. Оның астында іші сұйықтыққа толы дене қуысы болады, дене қуысы әрбір буылтыққа жеке перделермен бөлінген. Әрбір буылтықта құрттың ішкі мүшелері қайталанады, сондықтан регенерациялық қасиеті күшті дамыған.

Сирекқылтанды құрттардың көлемді ішектен тұратын асқорыту жүйесі бар. Тынысалу жүйесі бүкіл денесі арқылы жүзеге асады, арнаулы мүшесі жоқ. Қанайналымы-тұйық, қанайналым жүйелі, қаны- қызыл. Әрбір буылтықтарда зәр шығару түтіктері орналасады. Денесінің алдыңғы жағында-аузы, соңғы жағында аналь тесігі болады.

Сирекқылтандылар жұмыртқасын белбеушесіндегі шырышты қалтаға салып, содан пілдеге айналады. Пілдеден ұсақ сирекқылтанқұрттар пайда болып, біртіндеп ересек құрттар пайда болады.

2)Денесі екі жақты симметриялы, басым көпшілігі теңіз түбінде мекендейтін, тұрқы 2 миллиметрден 3 метрге дейін жететін, буылтық денелі, денесін өте көп қылтан қаптаған жәндіктер көпқылтанды құрттар класына жатады. Жер бетінде бұлардың 7000-нан астам түрі мекендейді.

Көпқылтанды құрттар-денесінде өте көп буылтықтары бар, алдыңғы буылтықтары ерекшеленіп, бас бөлігіне айналған, буылтық сайын өте көп қылтандар орналасқан, көпшілігі дара жынысты жәндіктер. Қылтандар шоғы буылтықтан өскен қалақшалары орналасады, көпқылтандылар сол қалақшалары арқылы су түбіне жорғалайды, суда жүзеді. Кейбір көпқылтанды құрттардың құлақшасында тынысалу мүшесі-желбезегі де болады.

Көпқылтанды құрттар сирекқылтанды құрттардың арғы тегінен шыққан деп саналады, сондай-ақ бұлар былқылдақденелілер мен буынаяқтыларға бастама береді.

Көпқылтанды құрттардың барлығына дерлігі теңіз түбін мекендейді. Бұрынғы КСРО-да олардың 750-ге тарта түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тері-бұлшықет қапшығы жақсы жетілген және дене қуысы бар. Асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәршығару, жүйке жүйесі және сезім мүшелері едәуір күрделі құрылысты. Олардың қанайналым жүйесі тұйық болады. Көпқылтандылар жұмыртқа және дәрнәсіл арқылы көбейеді. Бұлардың регенерациясы қабілеті күшті дамыған. Көпқылтандылар балдырлар және ұсақ жәндіктер мен қоректенеді.