1.Өсімдіктер мен жануарлар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Сондықтан да олар бірлестік түзеді. Онда әр жеке организм басқаларына әсер етеді және дәл осы мезгілде олардан да әсер алады. Осылай тіршілік ету барлығына пайдалы және әр түрге тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бірлестіктерге мысал ретінде мүк үйіндісі, ескі ағаш түбіртегі, шабындық , батбақ , дала, шөлейт, орманды келтірсе болады. Әр бірлестікте белгілі бір тіршілік иелері мекендейді. Мысалы далалы жерде ғана ақбөкен, сарышұнақ , дуадақты, ал өсімдіктерденақ селеуді не жусанды кездестіруге болады. Жапырақты орманда мекендейтін түрлер басқа, бұларға үйеңкі, емен, жөке, ал жануарлардан жорға торғай, теңбіл торғай, жабайы шошқа, ақ тиін жатады. Бірлестікте тіріорганизмдер бір-бірімен ғана байланысты емес, өлі табиғатпен де байланысты. Бірлестік түзетін тірі организмдер қоршаған ортамен үнемі зат пен энергия алмасып отырады. Міне, осы процестер негізінде бірлестік пен қоршағанорта біртұтас күрделі жүйені құрайды, оны биогеоценоз ( гірекше биос-өмір, гео-жер, ценоз-бірлестік ) немесе экожүйе деп атайды.
Кез келген экожүйеде организмдердің үш тобын бөлуге болады. Бұлардың негізгісі органикалық заттарды өндірушілер-жасыл өсімдіктер. Бұлардың өздерінің фотосинтездеу қабілеті арқылы өздерінде өзгерген күн энергиясын көп мөлшерде жинайды. Оны органикалық заттар түрінде жинап, басқа тірі организмдерге пайдалана алатындай түрге өзгертеді.
Тұтынушыларға әр түрлі өсімдікқоректілер, талғаусыз қоректенетін және жыртқыш жануарлар жатады.
Бұзушыларға көптеген бактериялар, саңырауқұлақтар, топырақ құрттары, көмбекей қоңыздар және басқа да жануарлар жатады.
Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған.Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады.Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроорганизімдер тіршілік ете алмас еді.
Кез келген биосферадағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды. Өсімдіктердің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі. Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да аз, экватор маңында өте қалың және сан алуан.
Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға, солардың ішінде, әсіресе климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына) байланысты. Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйкес, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.
Өсімдік өлі табиғаттың заттарынан, яғни минералдық тұздардан, судан және көмірқышқыл газынан, күн сәулесінің әсерінен тіршілік үшін қажетті зат түзеді және оттегін бөліп шығарады.Өсімдікті шөп қоректі жануарлар жеп күнелтеді. Өз кезегінде шөп қоректілер жыртқыштардың жемі болады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын майда организмдер ыдыратып, өңдеп оны қайтадан өсімдіктер бойына сіңіре алатын қоректік затқа айналдырады.
2.Өсімдік бірлестігі дегеніміз-бірдей жағдайда (топырақ, климат) өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресіп отыратын өсімдік түрлерінің жиынтығы.
Кез келген өсімдік түрінің табиғатта жеке өсуі өте сирек кездеседі. Өсімдіктер су, жарық топырақ және қоректік заттарды қажетсінулеріне, сондай-ақ өздерінің қажет етулеріне ортақ жаулары мен өлі табиғаттың қолайсыз жағдайларына қарсы күресу мүмкіншіліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасайтын күрделі өсімдік жамылғысын түзеді. Өсімдіктер жамылғыларының құрамына қарай өсімдік бірлестіктерін: шалғынды, батпақты, орманды, далалы жерлердің өсімдіктері деп топтастыруға болады. Олар мұнан гөрі де ұсақ бірлестіктерге де бөлінеді. Мысалы, шалғындық жерлер — суарма шалғынды, құрғақ алқаптық шалғынды, тау шалғынды, ал батпақты жер-шымтезекті, шөпті болып бөлінеді.
Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері, өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің белдеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындықтары — әр түрлі болады:өсімдіктердің даму жылдамдығы да әр түрлі:өсімдік жамылғысына кіретін өсімдіктер бір түрден екінші түрге ауысуға икемді болады.
3.Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған организмдер тіршілік бірлестігін құрайды. Жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер бірлестігін биоценоздеп атайды (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ). Биоценоздың мысалы ретінде батпақ, көл, шалғын, тоғай, құмды шөл, сор және т.б.атауға болады.
Өсімдіктер түрлі экологиялық факторларға байланысты бірнеше типтерге бөлінеді.
І.Ылғалға қатысты өсімдіктердің экологиялық типтері
1)Гидрофиттер – сулы ортаға бейімделген өсімдіктер
2)Гигрофиттер – ылғалы мол топырақта өсетін өсімдіктер
3)Мезофиттер – ылғалы жеткілікті қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер
4)Ксерофиттер – ылғалы тұрақты немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер.
ІІ. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық типтері
1)Сциофиттер – қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер
2)Гелиофиттер – жарық мол болса, соғұрлым жақсы өсетін өсімдіктер
Бұдан басқа да өсімдік типтары көптеп кездеседі.
4.Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты.Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып саналады.
Демек, өсімдік — адам үшін азықтың қайнар көзі. Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер-дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), дәнді — бұршақты (соя, бұршақ, асбұршақ), майлы(күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы), талшықты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ, қызан, бақлажан, қарбыз, қауын), дақылдар мен жеміс-жидектер (алма, шие, таңқурай,қара қарақат, грек жаңғағы,т.б.) болып табылады.
Өсімдіктер әлемінен органикалық заттар өте көп өндірілуде, бірақ халықтың саны да жедел өсіп барады. Сондықтан табиғи өсімдіктерден алынатын өнімдерді молайтып, халықты тағаммен, өнеркәсіпті шикізатпен, малды жем — шөппен қамтамасыз ету мәселесі барған сайын маңызды болып түсуде.
“Орман-ел дәулеті, жер сәулеті” дап халық бекер айтпаған. Ағаштардың сүрегінен 20 мыңнан артық бұйымдар дайындалады. Тынымбақтардағы өсімдіктердің хош иісі, сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып,көңіл күйін шаттандырады.