Тамыр жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктердің негізгі вегатативтік мүшесінің біреуі
Өсімдік тамыр арқылы топыраққа бекінеді. Тамыр оны зәкір сияқты мықты ұстайды, сондықтан қатты дауыл өсімдіктітамырмен жұлып ала алмауын айтпағанда, оны құлатуы сирек кездеседі. Тамыр тармақталып тамыр жүйесін түзеді. Онда негізгі, қосалқы және жанама тамырды ажыратады. Өсімдіктерде негізгі тамыры жақсы дамыған кіндік тамыр жүйесі (сарғалдақ , үрмебұршақ , бақ-бақ ) және негізгі тамыры нашар дамыған немесе ерте солып қалатын шашақ тамыр жүйесі ( күріш , бидай , жуа) болады. Мықты тамыр жүйсі өсімдікті тек топыраққа бекітіп қана тұрмайды, топырақтан су мен онда еріген қоректік заттарды сіңіреді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, сәбіз, қызылша мен шалғамда негізгі тамыр мен өркеннің негізгі қоректік затты жинайтын орын болып табылады. Ал нарғызгүл ( георгин) өсімдігінде қоректік зат қосалқы тамырда жинақталады.
Оттегі аз топырақта өсетін кейбір өсімдіктер ( мысалы, тропиктік мангр ағаштары) ауа тамырларын түзеді. Бұлар жер асты жанама тамырлардан дамып, су не топырақ бетінен тік жоғары көтеріліп, өсімдіктің жер асты бөлігін ауамен қамтамасыз етеді. Ал, кейбір өсімдіктерде ( мысалы, тропиктік бадьян өсімдігінде ) сүйеме тамырлары болады. Сабағы әлсіз өсімдіктер ілме тамырларының көмегімен қабырға бойымен, көрші ағаш діңіне сүйеніп, жоғары өседі.
Өсімдіктің тағы бір маңызды мүшелерінің бірі-өркен. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркендепаталады. Өркен негізінен сабақтанжәне жапырақтардан тұрады.
Бүршік-жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы менөсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.
Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегатативтік мүшесі.Оның атқаратын қызметі- фотосинтез, споралы өркендер сол сияқты гүл де көбею қызметінатқарады
Өркеннің тамырдан басты айырмасы жапырақтыңболуы. Сабақтың жапырақ өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында асты тұқымдастарда, қалампырларда, қырық буындардасабақтың буынорналасқанжері біреуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдектерде ол нашарбайқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса ашық буын деп аталады.
Сабақтағыбір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буынаралығы делінеледі. Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы деп аталады. Өсімдіктердің алуан тірлігініне қарай буын аралығынын қашықтығы да түрліше болады Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса, оны қасқарған өркен деп атайды. Капуста, қызылша, сәбіздің бас бөлігіндей бірінші жылғы жертаған жапырақтары егер буын аралықтары бір-біріне қашық болса оны ұзарған өркен деп атайды.
Сабақжапырақтарды жарыққа шығарады, онда бүршіктер, дамып келе жатқан өркендер, гүлдер мен жемістер орналасады. Сабақ өсімдікке тіреу қызыметін атқарады, оның барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырады, оның бойымен су, минералды және органикалық заттар қозғалады. Сонымен қатар сабақ қор жинау қызыметін де атқарады, мысалы, картоп түйнегі, құртқашаштың тамыр сабағы.
Жапырақ сабақтың бүйір жағында орналасады және көбіне оған сағақ арқылы бекінетін жапырақ тақтасынан тұрады. Көп өсімдіктер жапырақтарының сағағы болмайды, мұндай жапырақтарды отырмалы деп атайды. Жапырақтыңтөменгі жағы оның негізгі, ал сағақөсінділерін қосалқыжапырақтар деп атайды. Дегенмен өсімдіктердің барлығында қосалқы жапырақтар ( мысалы, бөртегүлде, інжугүлде ) мен сағақтары( зығырда, элодеяда, қалампырда ) болмайды.
Жапырақтар сонымен қатар жапырақтақталарыныңсанына байланысты ажыратылады. Мысалы, қайың мен жөке ағаштары жапырақтарыныңбір ғана жапырақтақтасы болады-бұл жай жапырақтар. Шешен, қараған, итмұрын жапырақтарында бірнеше жапырақ тақталары бар-бұлар күрделі жапырақтар.
Жапырақ — өсімдіктің ең маңызды өсімдік мүшесі. Жапырақтың құрылысы: 1. Жапырақ тақтасы 2. Сағақ.
Сағақты және сағақсыз жапырақ болады. Сағақсыз жапырақтың жапырақ тақтасы болады.
Жапырақ алақандарының пішіндері.
- Жебе
- Бүйрек
- Жүрек
- Қылқанды
- Ромб
Жапырақ жиектерінің түрлері.
- Ойыс жиекті
- Дөңес жиекті
- Ара тісті жиекті
- Бүтін жиекті.
Жапырақ жүйкелері.
- Тор жүйкелі
- Қатар жүйкелі
- Доға жүйкелі
Жапырақта күрделі тыныс алу, қоректік заттардың түзілк және булану процестері жүреді. Кейбір өсімдіктердегі жапырақтар өзгеріп жапыраққа тән емес қызыметтер атқарады: кактустікенектері-қорғаныш қызыметін, бұршақ мұртшалары-тірек қызыметін: өсімдіктің жіңішкесабағын тік қалыпта ұстап тұрады.імдіктерді кездесетін бұл құбылыс гетерокарпия деп аталады.
Жемістердің таралуының 5 негізгі жолдары бар:
- Автохория.
- Анемохория
- Гидрохория
- Зоохория
- Антропохория