Жаратылыстану тараулары

1.“Жаратылыстану” ұғымы екі сөзден құралған – “жаратылыс” (табиғат) және “тану немесе білу”. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді.

Жаратылыстану — бұл қандай ғылым?

1.Жаратылыстану – бұл табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.

2.Жаратылыстану – бұл біртұтас ғылымдардың жиынтығы.

Жаратылыстанудың мақсаттары :

  1. Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.
  2. Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу.

Жаратылыстану ғылымы физикаға, химияға, биология мен психологияға бөлінетіні белгілі. Физиктер тек қана әр түрлі материалдық денелермен ғана емес, жалпы материяны зерттейді. Химия әр түрлі заттармен айналысады. Биологияның зерттейтін заты – тірі организмдер (ағзалар), ал психология – адам психикасының құпияларын танып – білумен шұғылданады.

Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар.

Біз жаратылыстанудың бірнеше тарауларына шолу жасаймыз.

Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Ғылымның күрделі творчествалық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға көшетін бір өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы — салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.

Жалпы жертану немесе физикалық география (грекше фюзис – табиғат) табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Географияның бұл саласы табиғаттың құрамдас бөліктерінің (жер бедері,ауа райы, жер беті суы, топырақ, өсімдік және жануарлар) бір-бірімен өзара байланысын,бір-біріне тигізетін әсерін, соның негізінде олардың аумақ бойынша сараланып таралуын анықтауды мақсат етіп қояды.

Өсімдіктану немесе ботаника өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысын, өсуі мен дамуын, өсімдіктерде жүретін физиологиялық процестерді, сонымен қатар жекеленген өсімдіктер мен олардың қауымдастықтарын, олардың таралу заңдылықтары мен өсімдіктер әлемінің маңызын жан-жақты зерттейтін ғылым.

Жануартану немесе зоология- жануарлар д‰ниесін єр т‰рлі жаѓынан зерттейтін ѓылым саласы.Ол жануарлардыњ табиѓат жаѓдайларындаѓы тіршілігін, олардыњ жеке дараларыныњересек к‰йіндегі µмірініњ єр кезењіндегі ќ±рылысы мен қызмет єрекеттерін,жануарлард‰ниесініњ ќ±рамы, жануарлардыњ кµпт‰лілігін, тіршілік єрекетін, таралуы мен халыќ шаруашылыѓындаѓы мањызын зерттейді.

2.Тіршіліктің пайда болуы аса қызықты да кұрделі мєселе болып саналады. Жаратылыстану ғылыми дәлелдеріне қарағанда, жер бетіндегі тірі материяның пайда болғанына 3,8 млрд жылдай болыпты, ал оған дейін әлем ондаған млрд жылдай өмір сүріпті. Олай болса, жер бетінде тіршілік, тірі организмдер дүниесі қалай жєне неден пайда болды деген сұрақтың жауабы адамзатты көптен бері ойландырып, толғандырып келеді. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайлы, жалпы алғанда 4 түрлі концепциялар бар.

а) Креоционизм деп аталатын жаратушы құдайды мойындайтын діни концепция.

ә) Тірі дүние єуел бастан бар, мәңгі, тұрақты құбылыс деп түсіндіретін концепция.

б) Тіршілік жерден тыс кеңістікте пайда болды деуші панспермия концепциясы.

в)Физикалық жєне химиялық заңдылықтарға бағынатын процестердің нәтижесінде тарихи пайда болған деп түсіндіруші концепция.

Тірі организмдердің барлығы қазіргі кезде қандай болса, дәл сондай күйінде бір кездерде жаратылған, олар ешқашан өзгермеген және өзгермейді деген тұрпайы түсінік мыңдаған жылдардан бері адам санасында мекендеп келеді. Тірінің бәрін құдай өзгермейтін етіп жаратқан деп түсіндіруші концепция креоционизм деп аталады. ХХ ғасырда тіршіліктің пайда болуының ғылыми моделін жасауға қол жетті.1924 жылы орыс биохимигі А.И.Опариннің ²Происхождение жизни² деген кітабында тұңғыш рет жаратылыстану ғылыми концепция тұжырымдалды.

Жерде өмірдің пайда болу концепциялары.

Бұл концепция бойынша, жер бетінде тіршілік ұзақ уақытқа созылған алғашында химиялық содан кейін биохимиялық эволюцияның нәтижесінде пайда болған. Бұл қазіргі кезде ғылымда ең үлкен қолдау тапқан концепция болып отыр. Жерде тіршіліктің пайда болуының бастамасы – белоктық заттарды өндіруге қабілетті нуклеин қышқылдарының пайда болуы. Ал күрделі органикалық заттардың түзілуінен қарапайым тірі организмдерге өту жолы қазірше айқындалған жоқ. Биохимиялық эволюция теориясы тек жалпы схмасын ғана ұсынды. Бұл схема бойынша, концерванттар деп аталатын қоюланған органикалық заттардың аралығында күрделі көмірсутектерінің молекулалары түзілуі мүмкін, ал концерванттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қарапайым клетка мембранасының түзілуін қамтамасыз етеді. Дамудың келесі кезеңінде клеткада ядро пайда болады, ал одан кейін көп клеткалы организмдер түзіледі, сөйтіп олар не өсімдіктер, не жануарлар тіршілігін қабыл алады. Міне осыдан бері тірі материя дүниесінде үздіксіз эволюция процесі болып келеді. Қазіргі заманғы органикалық эволюция ілімі қазіргі биологиялық ғылымдардың теориялық негізі ретінде сол жеке ғылымдардың жетістіктерін жинақтаушы болып табылады.

3.Биосфера деген түсінік грекше “bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді, яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық” деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралы көп дерек бермеген, тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процес тер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті.

Биосфера –тірі организмдер мекендеген және олардың әсерінен өзгерген Жердің қабығы.

4.Жер бетінде тірі организмдер ең алғаш ұсақ су қоймаларында пайда болды деген пікір бар. Олар жылы климаттың әсетінен пайда болған. Сол кезде жорамалдар бойынша күннің ультрафиолеттік сәулелерінен сақтайтындай қазіргідей озон қабаты болмаған.Бұл қабаттың міндетін атқарушы ол кехде су беттерінде цианобактериялар болған, осы бактериялардың 3 млрд жыл бұрынғы бір клеткалы ядросыз жәндіктердің қалдықтары Африкада табылған.Осы су қоймаларынан тіршілік мұхитқа, кейін жер бетіне тараған. Осыдан соң жер бетіне организмдердің саны күрт көбейіп кетті.Соның ішінде адамның пайда болуын да атап өтуіміз керек.

Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді.

Жер беті не тірі организмдердің кең көлмде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.

4.Қазіргі заманғы дүниенің даму тарихы болған оқиғалардың хронологиясын былай сипаттаған:

  1. Бірнеше 100 мың жылдан алдын жеңіл элементтердің атомдары пайда болды
  2. 15 млрд жыл бұрын жұлдыздардың бірінші ұрпағы пайда болды, ауыр элементтердің атомдарды түзілді.
  3. 5 млрд жыл бұрын-Күн пайда болды.
  4. 3,8 млрд жыл бұрын- өсімдіктер пайда болды.
  5. 450 млн жыл бұрын-жануарлар пайда болды.
  6. 150 млн жыл бұрын- сүтқоректілер пайда болады.

Тіршілікті сипаттаудың ең дұрыс жолы тірі ағзаға тән негізгі қасиеттерді атап көрсету болып табылады.

Олар : өзін-өзі ұдайы өндіруге қабілеттілігі, тұқым қуалаушылық – ағзалардың өз белгілері мен қасиеттерін көбею ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беру, өзгергіштің – ағзаның жаңа белгілері мен қасиеттерге ие болуы, өсу және даму. Даму өсумен тығыз байланысты. Бұл әрекеттің ағза құрамымен құрылымы күрделі де сапалы өзгерістерге ұшырайды, тітіргендіргіштік — ағза айналымындағы ортаның әсеріне түрліше жауап бере алады, өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі, дискреттілігі – тірі дене көптеген құрамдас бөлшектердің жиынтығы, яғни, жасуша → ұлпа → мүше → ағза болып табылады.