Дүниетану пәні бойынша көптеген тақырыптардың ғылыми мазмұны сабақтағы не сабақтан тыс жасалатын тәжірибелер арқылы ашылады.Бірақ кез келген сабақ үстінде тәжірибе ұйымдастыруға кіші комплектілі мектеп жағдайы көтере бермейді.Егер мұғалім сабақ үстіндегі тәжірибені өзі жасап түсіндіретін болса,басқа сынып оқушыларының да назары соған ауып,қатар сыныпта өтіліп жатқан тақырыптың мазмұнын саналы ұғынуға кедергі келтіреді.Сондықтан мұғылім тәжірибе әдісін екі түрлі жағдайда ғана қолданыла алады. Біріншіден, тәжірибенің мазмұнын қысқаша түсіндіреді де,оны жасауды,ібайқауды, нәтижесін қорытуды оқушыларды шағын топтарға бөледі.Әр топ тәжірибені жеке жасайды да,оның нәтижесін әуелі өздері қорытып,бірін-бірі толықтырып,сонан кейін барып бүкіл сыныпқа жариялайды.Екінші көптеген тәжірибелерді үйде орындауға тапсыру қолайлы.Үйде орындалған тәжрибенің мазмұнын,сонан кейін оның нәтижесін сипаттайды.Тәжрибелердің мазмұны оқулықта түсінікті баяндалған. Оқушылар тәжірибе жасау арқылы ізденушілікке төселеді.Олардың ғылыми шындыққа көздері жетіп,оқулықтағы мәтін мазмұнына сенімі артады.
Кіші комплектілі мектепте оқушылардың алған білімінің тиянақталығын қамтамасыз ету мақсатын жүзеге асыруда дәптермен жұмыстың үлкен мәні бар. Дәптерге күнделікті оқылатын мәтіндер мазмұнында кездескен жаңа терминдер,анықтама деректер,заттардың сұлбасы,суреті,сызбасы,географиялық атаулар,пайдалы қазбалардың атауы,өсімдік,көл,қала аттары,табиғат зоналары, өсімдіктер, жануарлар туралы мағлұматтар,жасалған тәжірибелер мазмұны,сұрақтарға қайтарған жазба жауаптар жазылып отырады.
Сыныптан тыс табиғатқа жүргізілетін ұзақ мерзімді бақылаушылар оқушылардың байқағыштығын,дүниетанымын дамытады.Жыл мезгілдеріне байланысты топсаяхатқа шыққанда жүргізілетін бақылау; жыл мезгілдеріне байланысты ауа райында,өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде,адам еңбегінде болатын өзгерістерді бақылау осыған жатады.
Кіші комплектілі мектепте топсаяхатты ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар.Топсаяхатқа үш сынып оқушылары қосылып,бірге шығады.Бірақ әр сыныптың топсаяхатта атқаратын жұмысы мен бақылайтын обьектілерінің мазмұны әртүрлі.Әр сынып оқушыларына жеке-жеке тапсырма беріліп,әртүрлі мақсат қойылады.Соған сәйкес оқушылардың зейінін тек өздеріне көрнекті обьектілерді бақылауға ғана жұмылдыру міндеті қойылады.Сондықтан да мұғалім әр сынып бойынша бақылауға тиісті құбылыстарды,не заттарды,жинауға тиісті материалдарды алдын-ала ойластырады.