Тәрбие бұл жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі.Бастауыш мектеп жасындағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін , күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарына өте ықыласты болады т.б.
Дүниетану пәнінің мұғалімі оқыту барысында өзінің әр сабағында мынадай тәрбие түрлерін оқушыларға беріп отыруы тиіс: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық, санитарлы-гигиеналық, адамгершілік, еңбек тәрбиесін, т.б.Осы аталған тәрбие түрлерінің бірнешеуіне сипаттама беріп көрейік.
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші фактордың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып білуінің бірден-бір сенімді құралы. Бүкіл қоғамдағы адамның жеке өміріндегі барлық материалдық игіліктер мен рухани құндылықтар еңбек арқылы ғана меңгерілетіні белгілі. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ, ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады.Дүниетану сабақтарында әр бір тақырыпты өткенде еңбек тәрбиесі беріліп отырады.Соның ішінде табиғаттағы еңбек арқылы балаларды еңбекке баулу туралы пікірлер педагог-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.Баланың табиғаттағы еңбегі өсімдіктер мен жануарларды күту, бақшада көкөніс өсіру, үлескені жасылдандыру, аквариумды тазарту сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Табиғаттағы еңбек баланың тек еңбек дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, адамгершілік сезімдерінің дамуына, экологиялық білім негізінің қалануына көмектеседі. Жануарларға күтім жасау, өсімдіктерді өсіру баланы тірі объектімен қатынас жасай отырып, байқағыштыққа, жауапкершілікке үйретеді. Аталған қасиеттер мен талаптар сақталмаса, онда тірі ағзалардың өлуіне әкеп соқтыратынын балалар түсінеді.
Дүниетану сабақтарында санитарлы-гигиеналық тәрбие түрі де беріліп отырады.Оқушыларды жеке бас гигиенасының элементарлы ережелерімен (денені, шашты, тісті, киімді, аяқ кмімін таза ұстай білу), күн режимімен ( таңертеңгілік жуынудың, жаттығудың және астың маңызын ескерту, оқу және демалудың мөлшері мен уақытын үйрету), тамақтану режимімен (орындыққа дұрыс жайғасу, ыдыс-аяқтарды дұрыс пайдалануға икемділік, азық-түлік тағамдарын мөлшерімен және үнемді пайдалану) таныстыру, сонымен қатар оқулықтарға, кітапқа, ойыншықтарға ұқыпты болуға, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін естерінде сақтап жүруге, бөлме өсімдіктерін күтіп-өсіру, үй жануарларының мінез-құлықтар ерекшеліктерін және оларды күту мен шаруашылықта пайдалану мүмкіндіктерін айту мұғалімнің басты міндеті.
Адамның рухани қалыптасуындағы, оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетудің маңыз
Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі өмірінне де игі әсерін тигізеді, табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуде көрініс табады, оны табиғатқа қатыгездік әрекеттерден сақтандырады, бастауыш мектеп жасындағы балаларға экологиялық тәрбиені меңгертудің маңызы орасан зор. Бастауыш мектеп жасындағы бала табиғатқа деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыра бастайды және балада әрекет жасау компоненті маңызды бола бастайды. Ата-анасынан үйге жан-жануар алып беруін өтінуімен қатар, оларғы сүйіспеншілігін оларға жағдай жасау арқылы көрсету, осы кезеңдегі баланың табиғатқа деген қатыстығының қалыптаса бастайтындығы көрінеді. Дүниетану пәнінің әр сабағында экологиялық тәрбие беріліп отырылуы тиіс.
Дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие берудің мақсаты – “адам-қоғам-табиғат” жүйесінде үйлесімділік орнату, табиғи байлықтарды сақтау, молайту және тиімді пайдалануда жауапкершілік сезімін тұғызу. Қазіргі кезде оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру қолға алынып жатыр. Оқушылар қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжай білу, табиғат пен қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау т.с.с. құрамды бөліктерді білуі қажет.
Оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады.