ОРТА МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА САБАҒЫН ОҚЫТУ

Оқыту дегеніміз — үлкен өнер. Өнер болғанда да қыры мен сыры бар, нәзік те күрделі, өзіндік ерекшелігі бар өнер. Әлбетте, мектепте бұл үрдіске мұғалім мен оқушы қатысады. Оқыту нәтижесі оқушының білім сапасынан, даму дәрежесінен көрінеді.

Әрбір жаңа ұрпақ өзінің алдында өткен ұрпақтардың тәжірибелерін үйренеді және де осының негізінде ғылымдағы, техникадағы, қоғамдық өмірдегі жаңа жолдарды іздестіреді. Жас ұрпақты білімдермен қаруландыру — оқытудың аса маңызды міндеті.

Оқыту — оқушыға білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған және де жоспарланған іс-әрекет.

«Оқыту» ұғымы педагогика ғылымында тар және кең мағынада қарастырылады. Тар мағынада мектептегі бастауыш сыныптардағы мұғалімнің іс-әрекеті, сол сияқты кез келген ғылым саласындағы маман оқытатын яғни орта және де жоғарғы сыныптардағы пән-мұғалімінің іс-әрекеті қолданылады. Осы тұрғыда, пән-мұғалімінің «оқытуы» деген түсінік оқытудың бірнеше басқа сипатын береді.

Кең мағынады қолданылатын «оқыту» өзіне мұғалім қызметі — сабақ беруді және оқушы қызметі — білім алуды қамтиды, яғни жалпы білім беретін мектептің алдына қойылған көптеген міндеттерін шешуге бағытталған оқушылардың мұғалім басшылығымен белсенді іс-әрекеті ретіндегі оқу үрдісі жатады. Мәселен, мұғалімнің басқаруымен балалар жұмысқа кіріседі: бірнеше музыкалық шығармаларды тыңдай отырып салыстырады, жанр түрлерін, шығарма сипатын ажыратады, кейбір оқушылар қателесіп те жатады, жолдастары дұрыстап түзетеді, ал мұғалім түсіндіріп береді. Ең басты мәселе ешкімнің де іші пыспайды, яғни мұғалім де, оқушы да алдарына мақсат қойып жұмыс істеуде көздеген мақсатқа белсенді түрде жету оқыту үрдісінің сапасын, жақсы нәтижесін көрсетеді.

Музыка — адамзат қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді [1].

Жалпы білім беру жүйесіндегі музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінің негізгі үш түрі жүзеге асырылады. Олар: музыкалық – тыңдаушылық; музыкалық – орындаушылық (вокалды-хормен ән салу және музыкалық аспаптарда ойнау); музыкалық-шығарымпаздық және импровизациялау түріндегі музыкалық-сазгерлік шығармашылық іс-әректтері. Мектептегі музыка сабақтарында аталған іс-әрекеттердің әрқайсы өзіне тән міндеттерді орындауға бағытталады [2].

Оқыту үрдісін ұйымдастыру және оның мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері негізіне жататын дидактиканың бастапқы түрі болып оқыту принциптері түсіндіріледі (М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанскийжәне т.б.). Сонымен бірге олар кез келген пәннің өзіндік спецификалық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырды.

Дидактикалық принциптер музыкалық педагогикада О.А.Апраксинаның, М.А.Румер, Н.М.Шереметьева және т.б еңбектеріyде қарастырылды [3].

Ең алдымен, мектептегі сабақтың жалпы дидактикалық принциптер негізінде құрылатынын, сонымен қатар әр пәннің ерекшеліктеріне байланысты олардың түрліше жүзеге асырылатынын ескертеміз. Оқытудың тәрбиелік, жүйелік, түсініктілік, көрнекілік және т.б. принциптері басқа пәндерден сабақ беру сияқты музыка сабағына да қатысты.

Кейбір таныс принциптер басқа принциптермен байланыстырыла қарастырылады: оқыту мазмұнының жүйелігі мен бірізділігін ғылымилық принципі аша түседі; оқытудың түсініктілік принципі көп жағдайда музыка мен өмірдің байланысы принципін анықтайды; ал музыкалық оқытудың белсенділігін — құштарлық пен қызығушылық айқындайды. Сонымен қатар, осы принциптердің әрқайсысы оқытудың теориясына жатады және де өз ерекшеліктерімен яғни белгілерімен сипатталады.

Біз неғұрлым дидактикалық принциптерге сипаттама берумен шектелмей, керісінше соғұрлым «Музыка» пәнінің ерекшелігіне сай дидактикалық принциптерді анықтауды көздедік. Мәселен, музыкалық білім беруде ғылымилық принцип ең алдымен, оқытудың мазмұны құрылымының ұстанымы тұрғысында, ал құштарлық пен қызығушылық принципі — музыка сабағындағы мұғалім мен оқушының өзара байланысы сипаты көзқарасында қарастырылады.

Кез келген бағдарламаның міндеті — оқыту үрдісінің білімділік, тәрбиелік және дамытушылық бірлігіне жету. Әрине, бүл оңай емес, көп жағдайда жетістікке бірден жете қою мүмкін емес және оны шешудің жолдары да нақты жағдайлардың өзінде де әртүрлі болып келеді.

Көркем шығарманы қай сабақта және қай уақытта қолдану керектігіне бағдарламадағы музыканың өзі-ақ жауап береді, ал осы бағдарлама нұсқаулары көркем өнер шығармаларын нақтыланған сыныптың оқушыларымен өткізуді белгілейді, әлбетте, сабақ жоспарында бұл жоқтың қасы. Егер де оларды қолданудың әдістемесін дұрыс та шебер пайдалансақ яғни сурет репродукциялары, графикалық бейнелер (иллюстрациялар), слайдтар, диапозитивтер, қысқаша метражды фильмдер, түрлі түсті фотоиллюстраиялар көріністері сабақ тақырыбын ашуда өте маңызды және де тыңдалған музыканың әсерін нығайтады.

Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең пікір таласты проблема болып келгені мәлім. С. И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма — белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энциклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» — деп тұжырымдалған. Ал оқытуға келсек, форма — ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне байланысты сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп — белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз [5].

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласында түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:

  • оқушылардың саны;
  • оқу орны;
  • оқыту дәрістерінің ұзақтығы.

Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі (сабақта, шеберханада, тәжірибелік учаскеде, лабораторияларда және т.б.), мектептен тыс (экскурсиялар, мекемелердегі сабақтар, үйдегі өздік жұмыстар және т.б.); ұзақтығына байланысты классикалық сабақ (45 минут), қосарлы сабақ (90 минут); қысқартылған қосарлы сабақ (70 минут) және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді.

Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкессабақтыөткізудің түрліжолдарықарастырылып,оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақты ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.

Әрбір тарихи кезеңде қоғам дамуының ерекшеліктері оқытуды ұйымдастыру ісінде өз таңбасын қалдырып отырды. Сол сияқты музыка сабақтарында белгілі бір оқу міндеттерін шешуге байланысты әр қилы ұсыныстар мен тәжірибелер қалыптасты. Мәселен, Д. Б. Кабалевскийдің бағдарламасы пайда болғанға дейін музыка сабағы иегізгі үш бөліктен: ән салу, музыка тыңдау, музыка сауатынан құрастырылатын [4].

Музыкасабақтарыныңқұрылымынжасауғаүлкенүлес қосқандардың бірі — Б. Л. Яворский. Олізденіс барысында бір-бірінен ажырамас бірлікте және толықтырып отыратын музыкалық іс-әрекеттердің: музыка тыңдау, хормен ән салу, музыка ырғағымен қозғалу сияқты үш түрінқарастырды. Б. Яворскийдің эксперименттіжұмысыныңтиімділігісонда,ол балалардың шығармашылықбастауларының көзін ашу, шығармашыл іс-әрекеттердіңжаңатүрінтуындатуғабағытталғанмузыканы қабылдаудыбелсендірудіңсантүрліформаларыніздестіруге бағытталды. Б.Яворский бала психикасындағы табиғаттан берілген көружәнесенсо-моторлықтүйсікерекшеліктерін жан-жақты ескеруді ұсынды. Сөйтіп, музыка сабағыныңқұрылымына музыкалық сауат бөлімін енгізеді.

Музыка сабағының құрылымын жетілдіруге Н.Я. Брюсова және В.Н. Шацкая өз үлестерін қосты. Олар хормен ән салу, музыка тындау, музыкалык сауат ашу сияқты музыкалық іс-әрекеттердің сабақ мазмұнында сақталуын қуаттады.

Алайда музыка сабақтары дағдылы қалыпта қалды және оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғыза алмады. В. Н. Шацкая, Н. Л. Гродзенская, О. А. Апраксина сияқты белгілі ғалым-педагогтер ән-күй сабағының дәстүрлі бөлімдерінің арасында байланыс орнатуға талпыныстар жасағанымен, оның тұтастығын қамтамасыз етуге қол жеткізбеді [7].

Әрине ән-күй сабақтарын ұйымдастыру жөніндегі теориялық көзқарастардың мәні зор болды. Бұл көзқарастар музыка пәнінің жаңа бағдарламасында қарастырылған ән-күй пәнінің тұтастығы мен оның үш басты іс-әрекеттерге (музыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалықсауаташу)бөлініпұйымдастырылуыapaсындағы қарама-қайшылықтарды жеңуге жол сілтеді.

Қорытындылай келе айтарым, бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде музыкалық білім мен тәрбие беруде музыка сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың әсемдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер туындыларын түсіну, туған өлкенің сұлулығы мен байлығын қастерлеп, бағалау, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарстарын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. ҚР «Білім туралы» Заңы да жас ұрпақтың жоғары адамгершілік сапа-қасиеттерін, ұлттық патриотизм мен намысын, адамдарға деген ізгілікті қарым-қатынасын, мінез-құлқын, халықтың қайталанбас мәдениетіне сыйластықты көзқарасын қалыптастыруды көздейді, соның ішінде музыкалық білім беру мазмұнын қалыптастыруда өзгерістерді талап етеді. Осы талаптарды музыкалық білім беру мазмұнында негізге алу мақсатында, қазақстандық ғалым-педагогтар, музыка пәні мен психикалық процестердің (қабылдау, ойлау, ес, т.б.) ерекшеліктерін есепке алу, оқушылардың танымдық белсенділігі мен қажеттіліктерін, еркін ынталандыру, оқыту процесіндегі жауапкершіліктерін арттыру мәселелері қарастырылады.

Жалпы білім беретін мектепің музыка сабақтары – білім мен тәрбие беру ісіндегі маңызды саланың бірі. Музыка сабағы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды ұлтты музыкаға баулиды. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін танып білудегі ой-өрісін байтып, дүниетанымын кеңейтеді.

Музыка сабағының негізгі мақсаты шәкіртке музыка, соның ішінде халық музыкасын, ұлттық өнердің құдіреттілігін таныту. Сөйтіп, оқушылардың санасына, еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету.

Музыка сабағы — әдебиет, бейнелеу өнері, тарых пәндерімен тікелей байлнысты. Тек осындай өзара сабақтастық болғанда ғана жас жеткіншектерді биік мәдениетті, жан дүниесі бай, ой-парасаты кемелденген білімді тұлға етіп тәрбиелейміз.

Музыка — өнер сабағы болғандықтан оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл әнмен тыңдалатын музыка ғана емес, орындалатын жаттығуларғада қатысты. Әрбір дыбыс өте әдемі, мәнерлеп айтылуға тиіс.

Музыка сабағында мектеп оқушыларын мәдени рухта, елді кұрметтеу, халықтар достығына, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді іске асыруда негізгі тұлға музыка мұғалімі. Сонымен қатар музыкалық тәрбиені қазіргі заман талабына сай көтереміз деп жүргенде, техника қаншама қарыштай дамысадағы, баланың аты бала екенін ұмытпауымыз керек. Балалардың сезім тазалығы, шыншылдығы, табиғатты шынайы қабылдауы секілді негізгі қасиеттері ескерілгені ләзім. Оның үстіне, ең үлкен мәселенің бірі адам өмірінің әсем де әрлі көктемі — балалық дәуренді күннен күнге етек алып дамып бара жатқан машина мен автомат үстемдігінен, әр кісінің роботқа айналып кету қатерінен көлегейлеп, сақтай білуде болып отыр, — деп жазды румын ғалымы.

Қазақ мектебінің музыка сабағының оқу бағдарламасында осы сабақтың мақсаттарын мына төмендегіше етіп көрсеткен:

«Оқушылардың көркемөнерге сүйіспеншілігін арттыру, оның ішінде музыкалық тәрбие беру, адамгершілік тәрбиенің ажыратылмайтын бір бөлімі болып табылады. Музыка өнердің басқа түрлері сияқты алуан, түрлі құбылыстардың шындығын ашуға адамның ой-өрісін жаңа ойлармен кеңейту, музыкалық сезімталдылығын кеңейту және талабын байқау, есту қабілеттілігін, ырғақтық сезімін, музыкаға деген ынта-ықыласын дамытып өрістету» — деп көрсетілген.

Музыка сабағын жүргізу ісі оңай емес екені белгілі. Музыка маманы тек педагогикалық шеерлікті, іс-тәжірибені меңгерген білікті ұстаз олып қана қоймай, сонымен қатар бірнеше музыкалық аспапты жоғары дәрежеде меңгеретін, әістемелік жағынан қаруланған, ізденімпазда шығармашыл мамандық иегері олып табылады. Міне бүгінгі талабы жоғары заман баласын тәрбиелеу ісінде мұғалім, оның ішінде музыка маманы болу міндеті бізге осыны жүктейді.