Шардара ауданының тарихи мәдени ескерткіштері

Шардара қаласы. Шардара ауданының орталығы облыс орталығы – Шымкент қаласынан оңтүстік батыс қарай 300 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Шардара бөгенінің жағасында орналасқан. Қаланың ауданы 21,24 мың км2 тұрғыны 25,5 мың адам (2003) Шардара көне парсы тілінен аударғанда «төрт қақпа» дегенді білдіреді. Шардара қаласының аумағында 8 ғасыр да егіншілігі, қол өнері, мәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала қамал болған. 1-ші Ақтөбе, 2-ші Ақтөбе, Жаулықұм төбе. 1959-68 жылға дейін Сырдария кенті аталып келді. Қала Мелдебай, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады. Шардарада Шардара СЭС ААҚ, Шардара мақта АҚ, «Қазақстан мақтасы корпорациясының» филиалы «Мырзакент» АҚ, құрылыс материалдар комбинаты «Шардара су-жылу жүйелері» ЖШС, «Будан» ЖШС, Талапты ӨК, Шардаралық, орман шаруашылығы, Шардара мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорны, Автосервис орталығы, асфальт зауыты т.б. кәсіпорындар қала экономикасын көтеруде Шардара орталық емхана туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы жұмыс істейді. Білім беру мәдениет саласы бойынша кәсіптік техникалық мектеп, жалпы беретін беретін музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталық кітапхана, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар меморияалдық ескерткіші бар. Шардара ауылдық округі бұрынғы Шардара кеңшары 1957 жылы ұйымдастырылған.

Халқының саны – 5250 адам жалпы жер көлемі – 56469 гектар оның ішінде 1586 жылға дейін негізінен мал шаруашылығымен айналысып келген. Шардара өңірінде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі Ұзын ата кесенесі оның архитектуралық әрлеу мәнерінен Орталық Қазақстандағы Алаша хан, Жошы хан мазарларына Сайрамдағы Мірәлі баб мазарына, тіпті Самарқан мен Бұқара қалаларындағы көне ескерткіштерге табиғи ұқсастықтарды аңғару қиын емес ол бұрынғы комсомол күріш кеңшарының орталығынан сегіз шақырымдай қашықта орналасқан. Кесененің ішінде есікке қарама-қарсы күмбездің дәл астында Ұзын атаның мүрдесі жерленген. Ұзындығы 3 метрдей ені 70-80 см биіктігі 1 метр жуықтайтын құлпытас қойылған. Оң жақ қабырғадағы есіктен шығып айналма баспалдақпен жоғарыға күмбезге көтерілуге болады. Күмбездің айналасы теп-тегіс алаңқай іспеттес. Ал сол жағында қабырғадағы екінші есік жер астына түсетін баспалдаққа алып барады. Бірақ қауіпті болғандықтан бір кездері оны бітеп тастаған. Ұзын Ата күмбезі XIV ғасырдың аяғы XV ғасырдың басында салынған. Күмбез маңдайшасында керамиклық тақтайшада араб қарпімен Шермұхамед Халім Дұрманұлы деген кісінің хижра есебімен 778 жыл ал біздің жыл санауымыз бойынша 1377 жылы қайтыс болып осында жерленгендігі айтылады.

Ұзын ата әулиенің даңқы Жиделі байсындағы Мырзашөл мен Қызылқұм өңірлеріне ғана емес Қаратау алабына да таралып ардақ тұтылған. Оңтүстік өлкенің әр тарабынан әруағына зиярат етіп, бас июге адамдар толассыз келіп жатқан Ұзын ата кесенесінің күмбезі тарихтың тұманынан арыла алмай сан ғасырлық сыры мен шежіресін бойына бүгіп әлі күнге шейін мұнартады да тұрады. Ұзыната ауылдық округі бұрынғы комсомол кеңшары, халқының саны 3524 адам жалпы жер көлемі 10871 гектар оның ішінде күріш, мақта өсірумен және мал шаруашылығымен айналысып келді.

Шардара

Шалқадан жатыр

Адамдар салған арнада

Қандыма шөлің,

Нар далам

Тындыма үнің зарлаған

Шардара,

Шалқадан жатыр жарықтық

Соқыр даланы жарың қып

Көсе шөлдердің

Көмейін, бәлем жарыттың

Шардара

Шаруа сырдың тамшысы

Иличьтің отты қамшысы

Оятты-ау сені,

Сардала,

Шардара.

Мұқағали Мақатаев

Сүткент.

Х-ғасырда бұл қала жайлы географ Ибн Хаукаль жазып келген. Ол: «Сүткент шали» (Сырдария) өзенінің батысында жатыр. Ол жерде мешіт бар. Мешітке түркілердің Ислам дінін қабылдаған оғыз, қорлұқ тайпалары жиналады. Олар – батыл жауынгерлер. Түркілермен соғысады, түркілердің оларға шамасы келмейді, дейді.

Махмұд Қашқари ХІ-ғасырда Сүткентті оғыздар қалаларының қатарына жатқызады. XV-ғасырдың басындағы жазба деректер Сүткент арқылы Темір әскерінің өткенін айтады. Қаланың аты осы күнгі ауыл атауында кездеседі. Ол ауылдың жанында екі қалашық бар, олардың бірі VIII – XII ғасырларға, ал екіншісі XIII XV ғасырға жатады. Олар орнын өзгерткен Сүткент қаласына сәйкес келеді.