Ордабасы ауданының тарихи мәдени ескерткіштері

Ордабасы ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. 1964 жылы құрылған.1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Аумағы 2,7 мың км. Тұрғыны 83,3 мың адам (2004). Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Темірлан ауылы. Ордабасы ауданыныѕ жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда бір шама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай — жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылыныѕ шығысында (383м). Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювиилі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000-1500 м тереңдікте.

Ауданның халқы көп ұлтты басым бөлігін (94%) қазақтар құрайды. Халқының орташа тығыздығы бір км квадрат жерге шаққанда 30,9 адамнан келеді. Ірі елді- мекендері: Темірлан (12,7 мыѕ адам), Төрткүл (6,3), Бадам (5,1), Бөген (4,2), Қайнар (3,5),Қарааспан (3,5), Шұбат (3,4), Қарақұм (3,2), т.б. Ордабасы 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді, осы Бөген ауданының жері Сырдария өзенінің аңғарынан батысқа қарай сәл көтеріңкі келген жазық. 1970 жылдың басында ауданда 25,7 мың халық болды.

Ауданда 22 сегіз жылдық 13 орта мектеп, 56 кітапхана мәдениет үйі 37 клуб бар. Палуан Қажымұқан Мұңайтпасов өмірінің соңғы кезін осы ауданда өткізген. Темирлановка селосында Қажымұқанның мавзолейі бар.

Ордабасы мәдени-ұлттық тарихи қорығы 1993 жылдың 23 мамырында аудандағы жәдігерлерді сақтап қалу мақсатында ел Президентінің көмегімен құрылды. Қазіргі таңда көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде «Бірлік монументі» туралы мақтана айтуымызға болады. Авторы Є. Садырбаев. Монумент 1997 жылы ерте көктемде басталып, осы жылдың 19қыркүйегінде Елбасшысы Нұрсүлтан Әбіш Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Ескерткіштің биіктігі — 27 метр. Төменгі шеңберінің диаметрі — 8 метр. Ұшбүрышындағы үш үстыны – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің асқақ тұлғаларын білдіреді. Үш бидің үлағатты сөздері үш бетінен орын алған. Ескерткіштің орта тұсынан жоғарылау қазақтың қасиетті шаңырағы ру- руға бөлінбей, үлт болып бірігуге ұндегендей әсер етеді. Шаңырақтың төменгі жағына ілінген тұмар бірлік- ынтымағымызға көз тимесе дегенді білдірсе, одан төменде шашбау сияқты сылдырауық бабаларымыздың «қүлақтарын түріп жүрсін» деген өсиетін үғындырады. Жел түрғанда сылдырап айналасына дыбыс беріп түрады. Монументтің сол жағында орналасқан ескерткішке Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Ордабасым-ел жүрегі, жер кіндігі» деген сөзі жазылған. Кезінде қазақ даласының әр түпкірінен осы Ордабасыға жиналып, елім, жерім деп еңіреген, бастарын ажалға байлап, көп қан төккен ата-бабаларымыздың аруағы разы болсын десек, біз елімізді қорғауды азаматтық та, перзенттік те борышымыз деп санауымыз керек. Ордабасы шағын тау болғанымен мүнда 20 шақты бұлақ бар. Көшпенділікпен өмір сүрген бабаларымыз Ордабасын жаз жайлау етіп, бұлақтарының басына он-он бес үйден кұзге дейін отыратын көрінеді. Бүгінде сол бұлақтардың біразы тартылып қалған. Оған басты себептің бірі — таудың тастарын қиыршықтайтын зауыттың жасаған жарылыстары. Қолдан жасалған күнделікті жарылыстар әсерінен бұлақтың көздері бекітілген.Бұлақтарға қысқаша шолу жасасақ:

«Басбұлақ»-Ордабасы тауының оңтүстік-шығыс жағында бірінші болып ағып жатыр. Ең шеттен қарағанда алғашқы кездескендіктен Басбұлақ аталып кеткен.

«Қамыстыбұлақ»- ну қамыстың арасынан шығып жатыр. Реті бойынша Басбұлақтан кейін екінші кездеседі. Қамысы өте ірі, біркелкі өседі. Жергілікті тұрғындар қамысын орып алып ши тоқиды.

» Жаманбұлақ» — суы шалшық әрі аз ғана қайнар көзі — ұйық, батпақ. Су ішуге келген малдар ұйыққа батып, не нәрсеніде тереңіне батырып жібереді. Осы себепті Жаманбұлақ аталған. Кейбір аңыз — әңгімелерде жын-шайтан жұретін бұлақ деп те аталған.

«Ұзынбұлақ» — суы мол, 2-3 шақырымға дейін ағып баратындықтан, осылай аталған. Бұлақтын бойына ертеректе диқандар қауын-қарбыз, жоңышқа, көкеніс т.б. дақылдар еккен. Бұлақтын бойын қазірде 20 шақты отбасы мекен етеді.

«Көкбастау» — айнала төңірегі көкорай шалғын, тоғайлы жерде, көкмайса құрақтың ортасынан бастау алады. Басқа бұлақтардың суы қысы жазы жылы болса, бұның суы жаздың аптап шілдесінде де өте мұздай. Ертеректе суы өте мол, төменгі етегінде үлкен айдын көлі болатын. 1980 жылдардан бері шілде, тамыз айларында тартылып қалуда.

«Әліхан әулие бұлағы». Ордабасы тауының оңтүстік бетіндегі қүз жартастың дәл төбесінде Әліхан ата әулиенің мазары бар. Жартастың төменгі жиегінде, тастың арасынан ертеректе азғантай ғана мөлдір тұщы су сылдырап ағып жатқан. Әліхан ата әулиеге зиярат етіп келгендер бұлақ суын пайдаланып сонда түнейді. Бұлақтың жанындағы жартаста 10-15 адам еркін сиып отыратын үлкен үңгір болған. Зиярат етуге келгендер қолайсыз ауа райында осы үңгірді паналап аялдаған.

«Қылышбұлақ». Жоғарыдан қарағанда бұлақтың ағып жатқан саласы қылыштың бейнесіне ұқсайды.Содан осылай аталуы мүмкін. Екінші бір әңгіме-бұлақтың суы аз болғандықтан қылыштай қысқа ғой, алысқа ұзап ақпайды деп Қылышбұлақ атаған.

«Баянбайбұлақ».Қай жылдар екені беймәлім, отырықшылық өмірге енді ене бастаған кезде, Сыр бойындағы Шілік жақтан көшіп келген Баянбай деген бір қария басқа бұлақтардан орын тимеген соң ылғалы болар-болмас, ыза табы ғана бар жыра сайлы өзектің етек жағынан кетпенімен біраз қазса, бұлақтанып су шығады. Қайратты кісі екен сол төңіректі тағыда екі-үш жерден қазып су шығарады. Су бірте-бірте молайып, өзі бас жағына қоныстанады, диқаншылықпен айналысады.Содан Баянбайбұлақ аталып кеткен.

Таңбалыбұлақ».Жоғары жағында қатпар-қатпар тас көп.Оларға әр түрлі малдың бейнесі, жазу, таңбалар қашалып түсірілген. Сол себепті Таңбалыбұлақ делінеді.Кезінде Таңбалыбұлақ суының молдығы соншалықты бір өзеннің суына жетерлік болған.

«Тоқбайбұлақ»-жота қырдың еңісінде, Тоқбалыбұлақтың арнасына қарай ағып жатқан шағын бұлақтардың бірі. Бұлақтың басын Тоқбай деген кісі мекендеген соң Тоқбайбұлақ атағын алған.

«Терісбұлақ»-Ордабасы тауының батысындағы жотаның жоғары жағына құбылаға яғни батысқа қарай теріс ағатындындықтан осы атауға ие болған.

«Төсбұлақ»-Батыс жақтағы дәу жотаның Ордабасы қараған түскейіндегі тастың арасынан шығатындықтан осылай аталады. Суы орташа.

«Кезеңбұлақ»-Биік жонның солтүстік шетіне жақын, кезеңнің үстінен шығып жатыр.Осыған қарап Кезеңбұлақ атауы берілген.

«Ақбұлақ»-Төсбұлақтың төменгі жағында 500 метрдей жерден бастау алатын шағын бұлақ.

«Шұңқырбұлақ»-Ордабасының батыс беткейіндегі еңісте, тереңдеу ойпат , шұңқыр сияқты жердің дәл ортасынан шығады. Алыстан қарағанда көрінбейді, бұлақтың бар екені білінбейді. Суы да алысқа ұзамайды, тоған-көлшіктеніп тұрған соң Шұңқырбұлақ аталған.