Қазығұрт ауданындағы ауыл, аудан және Қазығұрт ауылдық әкімшілігі, округ орталығы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 65 км. жерде, Қазығұрт тауының оңтүстік баурайында. Келес өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 14,4 мың адам (2003). Іргесі 1928 жылы қаланды.
Облыстың оңтүстік — шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы Қаратас ауданы болып құрылып, 1963-1993 жыл.
Ленин ауданы болып аталып келді. Жерінің аумағы 4,5 мың км2. (облыс аумағының 3,5 %-ы) тұрғыны 95,9 мың адам. Аудандағы 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы Қазығұрт ауданы. Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қоржансай (2000-2800м) Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік – батыстан, солтүстік – шығысқа қарай Қазұғырт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барлынған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, қаңтар айының орташа жылдық температурасы -3 -40оС, жазы ыстық, шілденің орташа температурасы 22-25оС. Жауын – шашынның жылдың орташа температурасы 300-400мм, тауда 500-700мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қоржансай, Мұғалысай т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, қоңырбас, жыңғыл т.б. батысында, шөлді аумағында қозықарын, жусан, бетеге, ебелек өседі.
Аудан жерінің ауыл шаруашылығына қатысты 9,0 мың га жерін үлкен Келес каналы суландырады. Аудан шаруашылығында сиыр (9,8%), қой мен ешкі (11,8%), жылқы (13,3%), өсіріледі. Жалпы білім беретін 66 мектеп, 7 аурухана, аудандық аурухана мен емхана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапханалар т.б. бар. Қазығұрт тауындағы Кемеқалған шыңында ескерткіш тақта қойылған. Қазығұрт маңында Ақбура әулие мазары, «Ғайып ерен қырық шілтен», тарихи – қасиетті кешені, «Ақпан батыр» монументі (1995) орнатылған. Аудан жерімен Алматы-Ташкент халықаралық автомобиль жолы өтеді.
Ежелгі аңызда дүниені топан су басқанда, Нұқ пайғамбар кемесі Арабияда Жуда тауында, Х ғасырдағы аңызда Арарат тауына тоқтаған делінеді. Қазақ (түркі) аңызы бойынша топан су қаптағанда Нұқ пайғамбар «топан су» мифінің көне нұсқасында Нұқ пайғамбардың есімінің орнында «Ившқар ата» (Жылаған-ата), (Жылауық-ата) деген кісі есімі де қолданылады. Кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі сыртқы бітімі кемеге ұқсас Қазығұрттан басталған.
Кейін, ислам дінінің таралуына байланысты Нұқ пайғамбар тұр аңызбен ұштасып, ежелгі мифтің жаңа нұсқасы пайда болған.
«Қазығұрт» сөзінің бастапқы мағынасы барлық тіршілік тегін сақтап қалған жер дегенді білдіреді.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі Қазығұрт тауы туралы аңыз өлеңде «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған, жетім қозы басында басында жатып қалып, Шопан ата жануар сонан қалған» деп Шопан ата, Зеңгі баба, Жылқышы ата, (Қамбар ата), Ойсыл қара сияқты төрт түліктің киелі иелері аталды.