ХХ ғасырдың бірінші жартысында Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына экспонаттар жинауда көп еңбек еткенархеологтардың бірі. Г.И.Пацевич. өзінің 77 жылға жетіп барыпмағыналы өмірінің ең саналы кезеңін Тараз өңірінің тарихи ескерткіштерін қорғауға арнады. Ол Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайында тікелей қызмет атқармаса да, оныѕ Жамбылдағы еңбек ету кезеңі мұражаймен тығыз байланысты болды. Мұражайдың тек мәдени ғана емес ғылыми зеріттеушілік мекеме ретінде қалыптасуына және оныѕ археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуне жағдай жасады. Мұражай іргесіне қойылған археологиялық бұйымдардың мерзімін анықтап, олардың жасалу тәсілімен формасына талдау жасап, ғылыми құжатын толтырды.
1938 жылы Жамбыл (Тараз) қаласында Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кенесіндегі ескерткіштер мен қорықтарды қорғау басқармасын шешімімен Оңтүстік Қазақстан көлемінде тұрақты археологиялық пункт құрылды. Бұл мекеме сонымен Жамбыл қаласы мен Көне Тараз аймағындағы тарихи ескерткіштерді сақтауды қадағалаумен айналысатын болғандықтан, Г.И.Пацевич Жамбыл қаласына ауысып келді. Облыс көлемінде тарихи-мәдени ескерткіштердің анықтау, оларды қорғау, археологиялық экспедициялар ұйымдастыру облыстық мұражай мен археологиялық пункте де ортақ еді. Г.И.Пацевич Жамбыл облыстық тарихи өлкетанумұражайының кеңесшісі болды. Жамбыл облысыныңдағы өлкетану мен мұражайтану ісін ұйымдастырды.
ГеронимИосифович 1893 жылыБелоруссияның Витебск облысның
Шатрово деревнясында дүниеге келді 1910 жылы Смоленск реалды училиещесін бітіріп Мәскеу археологиялық институтына түсіп оны 1914 жылы ғалым археолог деген атақ алып бітіріп шығады. 1919-1924 жылдары Пачевич Г қызыл армия қатарында қызмет етті. 1924-33 жылдары инженер болып қызмет етеді. Ал 1933-38 жылдарыГеронимИосифович Қазақстан орталық мұражайының ғылым хатшысы осы жылдары ғылыми Жетісу археологиялық экспедициясына қатысады.
Пачевич Г 1939 жылдан бастап облыстың тарихымен ондағы тарихи ескерткіштер туралы және қазба жұмыстар кезде табылған археологиялық олжаларға сипаттама беру арқылы облыстық өлкетану ісіне көптеген жаңалықтар енгізді. Ол облыстыѕ тарихи географиялық аудандастырылуы жан-жануарлармен өсімдіктері және өткен тарихы туралы облыстық газетте «Из истории нашей области» деген атпен бірнеше мақалалар жарияланды. Белгілі ақыртас ескерткішінде алғаш рет сипаттап ол жайында тың мәлеметтер келтірді оның жоспарын жасады. Кейінгі кездегі зеріттеушілер Г.И.Пацевич кәсіби тұрғыдан «Ақыртасты» жан-жақты зерттеген маман екендігін мойындайды.1939 жылдың аяғына қарайархеологиялық пункт пен облыстық мұражай .Әулие-ата мазарында археология және дін тарихы мұражайын ашты. Мұражайға келушілердің саны көбейіп, айына орта есеппен 5-6 мың көрермендер болды.
Археологиялық пункт тек Тараз өңірін ғана емес, жалпы оңтүстік аймақтардыңархеологиялық ескерткіштері жайында құнды материялдар жариялап, Қазақстандық археологияға өзіндік үлес қосты. Бұл жайында белгілі археологК. Байпақов былай дейді: «Жамбыл археологиялық пункті қазақстандық археологияның дамуына елеулі рөл атқарды».
1939 жылы Жуалыауданында археологиялық барлау жұмыстарын жұргізіп, Күйік, Боралдай, Қаратау, Құлантау орналасқан Қошқарата мен Теріс өзендерініѕ аралығында бірнеше обалар қазба қалды зеріттеу барысында Г.И.Пацевич Күйік асуынан кеиінгі Қаратаудан бері Берікқара обаларына ұқсас обалар тізбегін тапты. Бұл обаларды Орта Азия мен Қазақстанның басқа аймақтарындаєы сақ дәуірініѕ обаларына тән әрі үйсін мәдениетінің алғашқы кезеңі деп қарастыруға болады. Тау жоталарынан тасқа қашалып салынған көптеген суреттер табылады. Осы сапары жөнінде ол былай деп жазды: «Жуалы ауданы аумағының біз зеріттеген бөлігінде археология ескерткіштер көптеп кездеседі».
Г.И.Пацевич облыс тарихы бойынша баспасөз беттерінде жарияланған материалдарын жаңа зеріттеулерімен толықтырып, «Жамбыл облысының тарихынан» атты қолжазба дайындады. Бұл қолжазба ежелгі тас дәуірінен бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтып, Жамбыл облысының саяси тарихын, шаруашылығын, мәдениетін, археологиялық ескерткіштерін баяндады. Еңбектің ғылыми құндылығы соншалық, облыс тарихы туралы жазған өлкетанушылар өз шығармаларындаГ.И.Пацевичтің осы еңбегіндегі мәліметтерді пайдаланды.
Жамбыл облыстық мұражайы Қазақстандағы өлкетану мұражайларының ішінде тамаша археологиялық бөлім бар мұражайға айналды.
Төл тарихына құрметпен қарайтын, өз халқының бүкіл адамзат өркениетке қосқан ұлесі әлемге танытуды мақсат еткен елдер мәдини ескерткіштерді зеріттеуден бастайды. Жамбыл облысыныѕ аумағында мекен еткен барлық халықтардыѕ мәдини ескерткіштердің жиынтығы, яғни мәдини мұрасы облыстық тарихи өлкетану мұражайында сақталған. Сол мұражайды жинауда облыс аумағын аралап, табылған әрбір затты мұражай қорына өткізіп, ғылыми құжатын толтырып, оны баспа сөз беттеріне жариаялау ұлкен еңбекпен білімділікті әрі тарихи мұраға қамқорлықты қажет етеді.