Маңғыстау облысының тарихи мәдени ескерткіштері

Ғылыми деректерге сүйенетін болсақ, VIII-IX ғасырларда араб шапқыншылығы тұсында ірі бекініс болған, ерлік тарихымен халық жадында қалған. Жардың биіктігі — 15-20 метрдей, кей жерінде 30-40 метрдей.

Қызылқала халық тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау үшін салынған қамал секілді. Тарихи деректер бойынша, Қызылқала ежелгі сауда орталығы болған. Қызылқала деп аталуы қаладағы үйлер қызыл кірпіштен салынғандықтан болуы керек деген түжырым жасауға болады.

Үрпақтан-үрпаққа жеткен аңыздарға сүйенетін болсақ, Шерқала туралы тағы мынадай деректер кездеседі. «Бір кездері тау басына орналасқан шапқыншы түркімендер жиі-жиі шабуыл жасаған. Олардың басты мақсаты Шерқала маңындағы жайылымды, мың бұралған бұлақтар мен мөлдір де әдемі Ақшыл өзенін тартып алу еді. Көз жауын алған Шерқаланы жау қолына бермес үшін батырлар атқа қонады. Басқыншы жау қашып тығылып, тау басында тіршілік етіп, бекініс орнатады. Шерқала Жау тау басындағы орқүдықты пайдаланып, ауыз суды содан ішеді. Енді не істеу керек деп қиналған сәтте дана ақсақал жауды жеңудің жолын айтып кеңес береді. Шерқаланың етегінен орқұдыққа дейін жер асты жолын қазу керек екенін түсіндіреді. Шерқаланың бүйірінен үңгір жер асты жолы қазылады. Бұл амалдан ешқандай хабары жоқ жау шың басында ғұмыр кеше береді. Тек бір күні кұдыққа қауға салған жігіт, өзі куә болған жәйді баяндағанда, өзгелердің зәресі қалмайды. Бұны анықтау үшін тағы да бірнеше қауға салып байқап көреді.

Қорқыныштан зәре-құттары қалмай, алдарында өлімнен басқа ештеңенің күтіп тұрмағанын сезген шапқыншылар өздері келіп қалған түседі. Шерқала ерлік пен елдіктің рухын паш ететін, өзіндік қайталанбас ерлік дәстүрі бар көне табиғи ескерткіштер қатарына жатады.

Азияны Еуропамен жалғастыратын «Жібек жолы» мен «Ноғай жолының» да ұлттық мәдениеттің дамуына іргелі үлес қосқаны тарихтан белгілі. Сауда жолының бойындағы үлкен-үлкен зәулім керуен сарайларына саудагерлер, саяхатшылар тоқтайтын болған. Мәселен, орыс ғалымы А.И.Левшиннің «Ноғайлы жолында ескі кұрылыстың құлаған орындары көп» деуінің өзі Маңғыстау .өлкесіндегі төмпешік болып жатқан небір зәулім құрылыс орындарының кезінде талай жақсы мен жайсанды қарсы алып, шығарып салып отырған сәулетті ғимараттардың болғанынан хабардар етеді.

Солардың бірі — «Білеулі» керуен сарайы. Бүкіл дүниежүзілік сәулет энциклопедиясына енген ғимараттың қазір тек қаңқасы қалған. «Маңғыстау» энциклопедиясында «Білеулі» керуен сарайы туралы былай деп түсініктеме береді:

«Білеулі» керуен сарайының сәулеттік салыну үрдісі Маңғыстау халықтарының өрнектік безендіруіне сәйкес екенін жергілікті өлкетанушылар мен археолог-ғалымдар дәлел деп отыр.

Жазба деректердегі мәліметтермен, ел аузындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан аңыздар Бекет атаның ұрпақ үшін бар ғұмырын сарп еткен ғұлама болғанын дәлелдейді.

Бекет ата туралы және оның туған, қайтыс болған жылдары туралы әртүрлі деректер бар. Көбіне зерттеушілер М.Меңдіқұловтың деректерін негізге алады. Ол деректерге сүйенсек, «Бекет ата» XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Хиуа медресесінде білім алған. 40 жасқа келгенде сопылық жолға түскен және балаларға мұсылманша хат танытуды бастаған.

Өте ерен күш иесі болған, қалмақтармен соғыста ерен ерлік көрсеткен, көрші түркімен елімен әр түрлі келіспеушілік мәселелерді бітімшілікпен шешіп, ақылдылық танытып отырған. Ақсақалдық жасқа келіп, 1813 жылы қайтыс болған, денесі Оғланды жер асты мешітіне арулап жерленген.

Бекет ата бала оқытуға арнап Бейнеуде, Ембіде, Үстіртте және Оғландыда төрт жер асты мешітін салғызған.

Бекет ата мешіті туралы Э.Эверсман «Үстірттегі таудан қашап жасалған мешіт парсы, араб, татар жазуларымен безендірілген. Бұндай ескерткішті Бекет төрт жерде салғызған» — дейді.

Бекет атаның тарихының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, «Мәдинәда — Мұхаммед, Түркістайда — Қожа Ахмет Маңғыстауда — Пір Бекет», «Ердің соңы- Есет, Пірдің соңы — Бекет» деп халық жадында мәңгі сақталуы ғұламаның ұрпағына сіңірген еңбегінің төлемі іспеттес.

«Бекет ата» атты кітаптың алғы сөзін жазған Ә.Кекілбаев былай дейді: «Оның қыранның қанаты талар қиян даланы жайлаған Ата жұртының, Ата мекенінің барлық шекарасында қырандар түлек түлеткен. Қия шыңдардан өз қолымен тас қашап, тауды үңгіп, жер асты ғимараттар салып, мешіт- медреселер ашуы да ескі аңыздардағы. Прометей мен Фархадтардың, киелі кітаптардағы Мұса мен Әзірет — Әліні еске түсіретіндей екен ерлік.,

Шөл кезіп, еріні кезерген еліне асасының ұшымен тас шұқып, кәусар бұлақ тауып берген Мұса пайғамбардай Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет Атаға байланысты жердің бәрінде де арқар, таутеке. Олар — Елдіктің шебі, Елдіктің төрі. Оларды жауға алдырған жұрт Ел болып тұра алмайды. Ондай Елдік Намыс пен Иман ұяларын қастер тұта білмеген жан иесі қатарға кіріп, адам санатына еніп, қалтырамай жер басып жүре алмайды.

Елі мен Жерін шексіз сүйген Асыл Азамат, Абзал Адамды Елді де шексіз сүйеді.

Бекет Атаның басты құдіреті — міне, осында. Өйткені ол көзінің тірісінде қиянатқа жол бермес Әділдіктің күпірлікке жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес Парасаттың асқақ үлгісін танытып, үлкен-кішіні, алыс-жақынды, дрс пен дүшпанды түгел мойындатқан адам.

Тарихи деректерге шолу жасау барысында Бекет ата өмір сүрген заман қазақ жеріндегі ең қиын кезең болғаны белгілі. Бұл оңтүстік пен шығыстағы жоңғар шапқыншылығы толастаса да көрші түркімендер мен қалмақтардың дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған сәті еді. Бекет атаның алғашқы ердігі туралы «Нағашысы Назарқожа ауылында» атты тарихи дерекнамада Бекеттің ағасын жауынгерлікке баулу мақсатында нағашы атасы өзімен бірге жорыққа ала кетеді. Ағасынан хабар-ошардың болмағанынан сезіктенген бозбала Беккет оны іздеуге шығады. Ағасы Мәндіқұлмен аман-есен жолығып, еліне оралады. Бекет ата тарихын зерделей келгенде, оның алғашқы ерлік жорығы XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың қолбасшы батыры Қабанбайдың жорығымен өзара сабақтас екенін байқадық.

Бекет ата тарихын зерттеу барысында оның жеке басылық және қоғамдағы атқарған қызметіне байланысты төмендегідей тұжырым жасауға болады:-бала оқытуға байланысты мешіт-медреселер салғызған;

— мұсылманша білім берудің нёгізін қалаған;

-ұлттық тәлімдік мұралар негізінде жас ұрпаққа тәрбие беруді қамтамасыз еткен.