Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы мұражайлардың рөлі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақстан мұражайларының ішіндегі ең алғашқыларының бірі Қаазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы.
1927 жылы 2 наурыз күні Қазақ АССР-і орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі республика астанасын Қызылорда қаласынан Алматыға көшіру жөнінде қаулы қабылдады. Осыған орай, 1928 жылы 13 желтоқсанда Халық ағарту комиссариаты алқасы Орынбордағы Қазақстан орталық мұражайын және жаңа астанада қызмет етуге ерік білдірген мамандарды шұғыл түрде Алматы қаласына көшіру шешімін қабылдады. Сөйтіп мұражай қызметкерлері бөлістен қалған жәдігерлерді жинастырып, жаңа астанаға көшіруге дайындады. Көшіруді ұйымдастырумен оның тәжірибелі мамандарының Алматыға жұмысқа ауысуында мұражай директоры А.Махониннің еңбегі ерекше болды. Ол өзінің Халық ағарту комиссары О. Жандосовқа жолдаған хатында: «Алматыға жұмыс бабымен көшетін қызметкерлерге өкімет тарапынан беріліп отырған жеңілдіктерді музейдің ғылыми қызметкерлеріне де беру қажет. Ал жаңа астанаға келген соң олардың жалақысы мөлшерін қайта қарастырмаса, алып отырған небәрі 100 сом ақшалары күнделікті тамақ алуға да жетпейді»- деп жазды /1/. Директордың осындай қамқорлығы нәтижесінде мұражайдың тәжірибелі мамандары А.Четыркина, П.Зарецкий, П.Рыжков, Г. Мотылев, И.Костиков Алматы қаласына жұмысқа ауысты.
1929 жылы 4 қаңтарда басталған көшуге дайындық жұмыстары 20 наурыз күні аяқталды. Осы күні мұражай директоры: «Орынбор қаласындағы Қазақстан Орталық өлкетану музейі өз жұмысын тоқтатты» деген бұйрығын шығарды /2/.
1929 жылы шілде айында Қазақстан Орталық өлкетану мұражайы толығымен Алматы қаласына көшіп келіп, Вознесенск кафедералды соборы ғимаратына орналасты. Ал, 13 шілдеде мұражай кеңесі мәжілісі Қазақстан Орталық өлкетану мұражайын Қазақстан Орталық мұражайы кылып қайта атау жөнінде шешім кабылдады /3/. Қазақстан Орталық өлкетану мұражайы Алматы қаласына көшіп келген күннен бастап республикадағы мәдени ескерткіштерді қайта есепке алып, оларды қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың орталығына айналды. Осыған орай, 1929 жылы 22 шілде күні Қазақстан Орталық өлкетану мұражайы ғимаратында мекемеаралық мәжіліс өткізіліп, ол Қазақстанда табиғат пен көне ескерткіштерді және өнер туындыларын қорғау комитетін, құру жөнінде шешім қабылдады. Мәжіліс сонымен қатар, құрылатын комитет Орталық мұражай жанында ғылыми зерттеумен айыалысатын мекеме болып құрамына тиісті мекемелерден 14 маман енуі тиіс деп шешті. Комитет жайындағы ережені жасау Орталық мұражайға жүктелді. Ереженің жасалуы ұзаққа созылған жоқ, осы жылдың 14 қазан күні ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты алқасы, 5 карашада ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі Орталық мұражай қызметкерлері қатысуымен жасалған Казкомпристарис жөніндегі ережені бекітті /4/.
Осы жылы мұражайдың географиялық-тарихи бөлімін елдің оңтүстік батыс бөлігін бейнелейтін жәдігерлермен толықтыру мақсатында Арал теңізі маңына экспедиция ұйымдастырылды. Оған директор А.Махонин, лаборант. П.Зарецкий және практикант Мотылев катынасып, жинастырылған 100 ден аса құстан 26 тұлып жасалып, олар мұражай жәдігерлері және ғылыми қорынан орын алды. Сонымен қатар, 85 бауырымен жорғалаушылардың түрлері және ботаникалық материалдар жиналып, бірнеше фотосуреттер түсірілді. Олардың көшпілігі депозитивке айналдырылып, мұражайдың дәрістік жұмыстарына қосымша құралдар ретінде пайдаланды,
Ал, жаз айларында А.Махонин, ғылыми қызметкер М.Ленотовский, лаборант П.Зарецкий, препаратор Мотылев, аңшылар Паршин мен Жвирблис және студент практиканттар Алматы қорығын зерттеді. Нәтижесінде зоология мен ботаникадан 3 мыңдай жәдігер жиналып, 50 фотосурет пен эскиздер жасалды. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлерінің Есік өзені бойына жасаған жорығы барысында едәуір жәдігерлер жинастырылып, фотосуреттер түсірілді. Ал қыркүйек-қазан айларында мұражай қызметкерлерінің Таушелек орман шаруашылығына барған жорығының басты мақсаты мұражай үшін марал атып алу, марал өсіру мүмкіншіліктерін анықтау, құндыз бен тиін өсіру мәселелерін зерттеу және осы жерде аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру болды. Бұл экспедицияны мұражайдын ғылыми қызметкері М.Лентовский басқарып, оның барысында марал, доңыз, елік және т.б. аңдар атылып алынды. Экспедиция мүшелері осы өңірдің марал өсіруге қолайлы екендігі, аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру мүмкіндігі жайында қорытындыға келді /5/.
Алайда, 1920 жылдардың соңынан соғысқа дейінгі уақытта Кеңестер Одағында екі бес-жылдық жоспар «мерзімінен бұрын орындалып», үшінші бесжылдық жоспарының да жылдам орындалуы қолға алынды. Идеологиялық майданда елде социализм принциптері тұрғысынан түрлі «буржуазиялық теорияларға» қарсы шешуші соққы бере отырып, «марксизм-ленинизм идеялары» жеңісін қамтамасыз ету қолға алынды. Марксизм-ленинизм ілімдерін күшейту, оны қарапайым халық санасына жеткізу мақсатындағы йдеологиялық күрес елдегі барлық мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу мекемелерін, оның ішінде мұражай қызметі саласын да қамтыды. Осы кезеңде мұражай ісінің мәдени қызметіне қатаң әкімшілік жүйенің араласуы, оның мәнін бұрмалау, ғылыми-зерттеушілік, мәдени мұраларды сақтау ісіне көңіл бөлмеу, тек социализм идеясы бағытында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуді қатаң талап ету сияқты белгілер тән болды. Мұражайлардың мәдени-ағартушылық және ғылыми-зерттеушілік кызметінің бұрынғы әдістері мен қарқыны жаңа, яғни социалистік құрылыстың «шешуші» кезеңінде ғылыми және мәдени мекемелерге қойылып отырған талаптарға сай емес деп танылды. Осыған орай, мұражайларға елдегі жаңа социалистік қоғам құрылысына белсене ат салысу мақсатында мәдени-ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік және экспозициялық жұмыстарын қайта құру жүктелді. «Қазан революциясының екінші он жылдығы қарсаңында» — деп көрсетілді КСРО Орталық Атқару Комитетінің Қазан революциясының он жылдығына арналған мәжілісі қабылдаған қаулыда, — мәдени құрылысты елді индустрияландыру саясатымен байланыстыра отырып, социализм құру жоспарының құрамдас бөлігі ретінде қарастыру қажет». Аталған қаулыны жүзеге асыру мақсатында мұражайларға өз қызметінде:
- Экспозицияны маркстік- лениндік ілім негізіндеқұру:
- Экспозицияны көпшілік көрерменге түсінікті ету арқылы оның тәрбиелік мәнін арттыру /6/ міндеттелді.
Мұражай ісіндегі қайта құрудың маңызды міндеттері БОАК пен РКФСР ХКК-нің 1928 жылы 20 тамыздағы М.И.Калинин қол койған «Музей құрылысы туралы» қаулысында белгіленді. Қаулыда мұражай көрермендерінің артуы, көне ескерткіштерді есепке алу және қорғау жұмыстары, мұражай ісі әдістемесінің жасалуы сияқты жұмыстарды дамытудағы нәтижелі жетістіктермен бірге оның ұйымдастыру шараларындағы кемшіліктер де көрсетілді. Сонымен қатар. мұражайларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араластыра отырып, мәдени-ағартушылық кызметін кеңейту мәселелері де қарастырылды. Ендігі жерде мұражай экспозициялары мектеп, кәсіби-техникалық және бұқаралық ағартушылар талаптарын қанағаттандыру мақсатында революциялық оқиғаларды, жұмысшылар қозғалысы мен еңбекшілердің тұрмысын зерттеуге міндетті болды. Қаулыда мұражайлардың бүкіл жұмысы елде жүргізіліп жатқан индустрияландыру және ауылшаруашылығын ұжымдастыру міндеттерімен сай келуі керек деп ерекше аталып көрсетілді. Қаулыда мұражайлар белсенді түрде қор жинақтау жұмысын жүргізіп, бұрынғы жәдігерлерді жаңалармен алмастыру қажеттігі айтылды. Біртұтас мұражайлар жүйесінің қалыптасуы және материалдық-техникалық базасынын көтерілу мақсатында Халық Ағарту Комиссариаты бесжылдық жоспарға мұражайларды ғимараттармен қамтамасыз ету, техникалық жағынан жабдықау, мұражай баспасын дамыту, экспедициялык, жұмыстарын жандандыру, заттар алу және мұражай қызметкерлерінің жалақысын арттыру сияқты маңызды мәселелерді енгізу міндеттері қойылды /7/.
Осыған орай, 1929-1930 жылдар аралығындағы Орталық мұражай есебінде «Музей өзінің қызметімен елдегі социалистік құрылысқа мына бағытта белсене араласа бастағандығын көрсетті.
- көшіп келген соң музей бөлімдері тез арада жәдігерлерін орналастырып халыққа қызмет көрсете бастады (9 айда көрермендер саны 100 мыңнан асты).
- Бірінші ғылыми өлкетану істеріне, Қазақстанның 10 жылдық мерейтойына, слетіне музей қызметкерлері ат салысты және т. б. ғылыми және мәдени жұмыстарға араласты;
- Тарихи революциялық бөлімді құрды;
- түрлі экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастырды» — делінді /8/. Орталық мұражайдың бірінші ғылыми-өлкетану съезіне арнап ұйымдастырған көрмесі жайындағы пікірін съезде сөйлеген академик А.Е.Ферсман: «Бұл көрме қазіргі күнгі музейлерге қойылып отырған талаптарға сай. Музейлер территориялық принципке байланысты құрылып, елдің өндіргіш күштерін бейнелей отырып, ескі кунскамералықтан тез арада арылулары қажет» — деп атап өтті /9/.
Қазақстан мұражайларының алдағы уақыттағы жұмысына күрделі әсер еткен 1930 жылы желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткен бірінші бүкілресейлік» мұражай съезі болып табылды. Мұражайды партияның идеологиялық қаруы ету міндеттері анықталып, бүкіл мұражайлар жұмысын түпкілікті қайта құру, оларды мәдени революцияның құралына айналдыру міндеттері қойылды. Ол үшін мұражай экспозицияларын марксистік негізде құру көзделіп, олар бұқара халықты социалистік құрылысқа жұмылдыру тұрғысында көрсетілуі қажет екені аталып көрсетілді. Съезде көтерілген мәселелердің нәтижелі қорытындысы 1930 жылы Орталық мұражай жаршысының (Вестник Центрального музея Казахстана) бірінші санының жарық көруі Қазақстан мұражайларының өзара және басқада одақтас республикалар мұражайларымен қарым-қатынас орнатуында ерекше орын алды. Аталған жаршыда Орталық мұражай өлкедегі барлық мұражайлар мен өлкетанушы мекемелерге Қазақстанды зерттеу және ғылыми-жинаушылық ортақ ісінде бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды. Сонымен катар, Орталық мүражай өзінің дәрежесіне орай Қазақстанның барлық өлкелерін көрсетуге тиісті болғандықтан басқа мұражайлардан қорларындағы жәдігерлер мен көрмелердің көшірмесін жіберуді өтінді /10/.
1931 жылы Қазакстан Орталық мүражайы күрамына Алматы қаласында орналасқан Жетісу өлкетану мұражайының барлық қорымен және қызметкерлерімен қосылуы еліміздегі мұражай құрылысы ісіндегі елеулі оқиға болды. Орталық мұражайдың барлық бөлімдері Жетісу мұражайы бөлімдері негізінде қайта құрылды. Осыған орай, мұражай қызметкерлері бөлімдер қорларын жергілікті жәдігерлермен толықтыру мақсатында 1931 жылы Алматы, Шелек, Асы, Сырдария, Шу өзендері бойына экспедицияларға шығып көптеген жәдігерлер жинастырып қайтты. Ал, 1932 жылы мұражай бөлімдері жинастырылған жаңа жәдігерлер негізінде барлық экспозицияларын қайта құрып, көрме бөлмелеріне қойылған жәдігерлерге түсініктемелер жазып, оларды тиісті өңдеуден өткізді. Осы атқарылған жұмыстар кесінде мұражай көрермендері саны да ұлғая түсті. Мысалы, осы жылдың алғашқы мұражай көрермендері саны 36 мыңға 934 жылы мұражай басшыларының жиі ауысуына және атқарылуға тиісті істерге толық көңіл бөлінбеуі салдарынан Орталық мұражай жұмысы нашарлап кетті. Тиісті өңдеу жұмыстарының жүргізілмеуі жәдігерлерді аздырып, олардың жекелегендерін күйелер жеп жарамсыз етті. Сонымен қатар, қаражат тапшылығына opaй мұражай экспедициялық жұмыстарды да ұйымдастыра алмады. Оның орнына мұражай басшылығы Мәскеу мен Свердловск қалаларына іс сапармен барып, жергілікті мұражайлардың жұмыстарымен танысып, түрлі макеттер мен маникендер алып келді.
Орталықта болып жатқан түбегейлі өзгерістер әсері Қазақстан мұражайларын да шарпып өтіп, Қазақстан өлкелік комитеті бюросы 1934 жылы 13 карашада Орталық мұражай мәселесін қарап, оның жұмысындағы мынадай басты кемшіліктерді атап көрсетті: «Орталық музей осы уақытқа дейінгі қызметінде Қазақстандағы социалистік құрылыс жетістіктерін көрсете алмай отыр, үгіт-насихат және тәрбиелік жұмыстардың міндетін жете түсініп білмегендіктен, оларды жүзеге асыра алмауы нәтижесінде, халық қажеттілігінен тысқары қалуда. Республикалық музей мекемелері жергілікті қазақ ұлты өкілдерінен мамандар дайындауды мүлде қолға алмаған. Осы жіберілген кемшіліытеді нәтижесінде Махонин, Дублицкий секілді «зиянкес жау элементтер» музей басшылығына кіріп алып, маркстік ілімге сәйкес өлкетану қоғамын ұйымдастырудың орнына реакциялық бағыттағы өлкетану қоғамын құруға ұмтылған». Орталық мұражай жұмысында орын алған бұл кемшіліктерді ескере отырып бюро:
- Мұражай жұмысын құлдырауға әкелгені үшін оның директоры Галиевті кызметінен босатып, ісін тиісуі заң органдарына тапсыру;
- Халық ағарту комиссариаты жанындағы мұражай бөлімі меңгерушісі Ораловқа тез арада мұражай жұмысын қайта ұйымдастырмаса, партиялық тәртіпке тартылатынын ескертіп, қатаң сөгіс жариялансын;
- Мұражай жәдігерлерін күтуші Тоқбаев өз міндетін атқара алмағаны үшін қызметін босатылсын;
- Халық ағарту комиссариатына республика мұражайларын өз ісін білетін, коммунистік партия идеяларына сенімді мамандармен толықтыру міндеттелсін — деген шешім қабылдады /12/.
Өкімет тарапынан осындай сынға ұшыраған Орталық мұражай өз жұмысын қайта жандандыруды тез арада қолға алып, халыққа қызмет көрсетуі сапасын арттырды. Атап айтсақ, жастарды армия қатарына шақыратын пунктте жылжымалы «Қазіргі және бұрынғы Қазақстан», мұражай ғимаратында «Этнографиялық бұйымдар», «Қазан революциясы», «ҚАССР съездері тарихы» тақырыптарында көрмелер өткізіп келуші көрермендер саны 10 ай аралығында 48789 жепі /13/.
Орталық мұражай 1935 жылғы жұмысында ҚАССР 15 жылдығына дайындық жүргізіп, осыған орай экспозицияларын қайта құрастырды. Мұражайдың осы құрған жаңа экспозицияларын КСРО халықтары мұражайының методикалық бөлімі бекітті. Қазақтың көшпелі тұрмысы жайында материалдар жинастыру мақсатында мұражай қызметкерлері Қазақстанды зерттеу қоғамы ұйымдастырған экспедиция құрамында Оңтүстік-Қазақстандағы Шәуілдір ауданына барып қайтты. Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айында мұражай ҚазМУ мен ҚазПИ профессурасы көмегімен тарих бөлімін ашты. Ендігі уақытта мұражайда тарих, жаратылыстану, табиғат пен өндіріс күштері, революция тарихы, социалистік құрылыс, көркемдік, КСРО қорғанысы күштері, археология бөлімдері болды. Мұражай осы жылы қалалық және жақын маңдағы ауылдық мектеп оқушыларына экскурсиялар ұйымдастыру жоспарын жасап, мектеп пен мұражай қарым-қатынасын реттеп отыратын арнайы комиссия құрды. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері мектеп оқушыларына «Музейлік оқу» ұйымдастырып отыруды жоспарлады. Бірақ, құрылған комиссияның осы салада атқарған қызметінің түрлі себептерге байланысты нәтижесіз болуы бұл жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
1935 жылы мұражай 271 күн жұмыс істеп, 69696 көрерменге мәдени-ағарту қызмет көрсетіп, олардың 44116 ep, 25500 әйел адамдар
болды. Олардын ұлттық құрамы жағынан 25218 қазақтар, 42452 орыстар, басқа ұлт өкілдері 8519. Оның әлеуметтік құрамы жағынан жұмысшылар 8519, колхозшылар 3813, қызыл армия жауынгерлері 4279, түрлі мекемелер қызметкерлері 17278, оқушылар 31989. Мұражайға келуші әр көрермен 2 сом 47 тиын төлеген. Мұражайда жәдігерлер макетін жасау шеберханасы құрылып, кинолекция бөлмесі қайта жабдықталды. Нәтижесінде мұражайда өлкетану тақырыбында ғылыми-көпшілік фильмдер көрсетіле бастады. Осы жылы мұражай кітапханасы қоры 8 мыңға жетті /14/.
1936 жылы Орталық мұражай қызметкерлері ұйғыр мен дүнген халықтары бөлімін ұйымдастыру мақсатында Алматы маңындағы аудандарға 2 экспедиция ұйымдастырып, көптеген жәдігерлер алып қайтты. Ал, зоология мен ботаника бөлімшелері жәдігерлері санын ұлғайту мақсатында мұражай қызметкері Акмоланың Қорғалжын ауданына іс сапарға шығып Орталық
Қазақстанды мекендейтін бірнеше құстардың тұлыптарын алып келді. Бөлім жәдігерлері санын көбейтумен қатар осы жылы мұражай қорындағы
аса құнды 2771 жәдігер қайта өңделіп, арнайы суретке түсіріліп, оларға ғылыми түсініктемелер жазылды. Мұражай қорын күтуге және қажеттіліктерге қосымша қаражат табу мақсатында ересектерден 60, оқушылардан 30 тиын кіру ақысы алынады.
Орталық мұражайдың осындай ішкі қайта құру жұмыстары нәтижесінде оның халыққа мәдени-ағарту қызмет көрсетуі сапасда арта түсті. Осы жылы мұражай жұмыс істеген 298 күнде барлық саны 103046 көрермен келсе, ұйымдастырылған 426 экскурсияға 12014 адам қатынасқан. Сонымен қатар, мұражайда «Ленйн сіз 12 жыл», «Қызыл Армияға 18 жыл», «8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы», «Қазақ өнері тақырыптарында көрмелер өткізілді. Ал қыркүйек айында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 20 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Кино-проекциялық бөлмеде көрсетілген «Мичуриншілер», «Адам және маймыл» және «Чапаев» фильмдері қойылымдарына 7 мыңдай көрермен келген /15/.
1936 жылы мамыр айында Қазақ AССP Кеңестері Орталық Атқару Комитеті Президиумы «Қазақстан Орталық мұражайы жұмысы» есебін тыңдап, мынадай қорытынды қаулы қабылдады: «Қазақстан Орталық музейі соңғы жылдары өлкедегі күшті мәдени-ағартушы мекемеге айналып, жылына 70 мыңдай көрерменге қызмет көрсетіп отыр. Музей жәдігерлерінің ғылыми зерттеулерге қажетті деректер болуымен қатар, өлке жайында түрлі мағлұматтарды оқып білуге де пайдасы зор. Музейдің осындай жетістіктерімен қатар оның жұмысына кедергі болып отырған кемшіліктері де жоқ емес. Атап айтқанда жәдігерлердің аз жинастырылуы, социалистік құрылыс жоспарларынан артта қалып отырушы облыстық және аудандық музейлерге басшылық жасаудың, олармен өзара байланыстың нашарлығы. Осыған орай,
— музейдің орналасып отырған ғимаратының мәдени-ағартушылық жұмысына және жәдігерлерді орналастыруға тарлығын ескере отырып, 1937 жылы Орталық музейге арнайы ғимарат салуға кірісу:
- жергілікті музейлермен байланысты және олардың жұмысына басшылық жасауды, жәдігерлер көшірмелерімен айырбас жүргізуді дұрыс жолға қою;
- қазақтардың революцияға дейінгі және қазіргі күнгі тұрмысын бейнелейтін жаңа жәдігерлер жинастыруға 10 мың сом қаржы бөлу қажет» /16/.
1937 жылы Орталық мұражай өз қызметкерлерін Мәскеу, Ташкент, Самарқанд, Самара, Саратов мұражайларына қызметімен танысу және байланыс орнату мақсатында іс сапарларға
жіберді. Осы іс сапар нәтижесінде бөлімдер экспедицияларды мұражай ісіндегі соңғы жаңалық өзгерістерге орай қайта құрылды. Нәтижесінде мұражайдың 277 жұмыс күнінде жекелеген 98370, ал 490 экскурсияға 14822 адам келді. Осы жылы мұражай жұмысы негізінен «Сталиндік конституция» тақырыбында көрмелер ұйымдастыруға бағытталды. Тек осы тақырыптағы көрменің өзіне ғана жекелегендерді санамағанда ұйымдасқан кезде 18188 көрермен қатынасты /17/.
Орталық мұражай 1938-1939 есеп жылдары өз жұмысын елдің экономикалық дамуының екінші бесжылдық жоспары қойып отырған талаптарға сай ету мақсатында өз экспозицияларын жаңа жәдігерлермен толықтырып қайта қарады. Көрме бөлмелеріндегі жәдігерлердің барлығына арнайы түсініктеме жазылып, олардың көпшілігі беті әйнектелген шкафтарға қойылды. Осы кезеңнен бастап мұражайда тек өткен заманды бейнелейтін жәдігерлер мен қатар елдегі социализм құрудағы еңбекшілердің қол жеткізген табыстарын баяндайтын жәдігерлер де көрсетіле бастады.
Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері Шығыс, Батыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанға іс сапарлары нәтижесінде мұражай қоры Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын, Исатай Тайманов, Аманкелді Иманов басшылығымен болған көтерілістер жайын баяндайтын түрлі жәдігерлер және деректермен толықты. Осы жылдары Орталық мұражайдың археологиялық бөлімі арнайы қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған және жеке адамдар тауып алған бұйымдар негізінен де толығып отырды. Атап айтсақ мұражайдың ғылыми қызметкері Домбровский Алматы түбіндегі «Горный Гигант» колхозы маңында археологиялық жұмыстар жүргізіп, ол жерден қыштан жасалған ыдыс қалдықтары, темір бұйымдар тапты. Осы жерде қайтада қазба жұмысын ұйымдастыру мақсатында 1939 жылы өкімет тарапынан Орталық мұражайға 10 мың сом қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Карагалинка өзені жағалауынан жергілікті фабрика жұмысшысы Назаренко деген азамат өзінің тауып алған 375 түрлі ұсақ алтын бұйымдарын Орталық мұражай қорына тапсырды.
Мұражай бөлімдері қорының толығуы, жаңа көрмелер ұйымдастырылуы көрермендер санын ұлғайтты. Егер 1938 жылы мұражайға жалпы саны 123209 көрермен келсе, 1939 жылы олардың саны 179167 адамға жетті. Көрермендер санының жыл сайын артуы мұражай қызметркерлері штатын кеңейтуді талап етті. Осыған орай, мұражай директоры С.Пронин Халық ағарту комиссариатына жолдаған хатында: «жыл сайын музей жәдігерлерін көруші жекелеген көрермендер мен көрмелер санының өсуіне байланысты, оларға арналатын экскурсиялардың сапасын көтеру мақсатында музей экскурсоводттары санын 3 адамға өсірулеріңізді сұраймын. Сонымен қатар, көрермендерден алынатын кіру ақысын өсіріп, түскен қаражатты музей қызметкерлері жалақысын көтеруге жұмсалғаны жөн. Бұл музей қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын көтеруге әсерін тигізеді. Бұндай шаралар Одақтас республикалардың орталық музейлерінде қолданылып отыр» — деп жазды /18/.
1940 жылы Орталық мұражай көрме бөлмелеріндегі экспозицияларын жаңартып түрлі тақырыптарда 36 тұрақты және уақытша көрме» 195 экскурсиялар ұйымдастырды. Мұражай кітапханасы қоры 16840 кітапқа жетіп, оқырмандарға қолайлы ету мақсатында олар мазмұны жағынан 9 бөлімге бөлінді. Жалпы осы жылы мұражайды тамашалауға 99477 көрермен келсе, олардың 799 жоғарғы оқу орындары студенттері, 1818 мектеп оқушылары, 962 жауынгер, 90372 жұмысшылар мен колхозшылар, мекемелер қызметкерлері болды. Бірақ, мұражай экспозицияларын құрудағы орын алған шынайы мұра» жайлық бұйымдардың орнына макеттер мен суреттердің, карталардың көрсетілуі олардың көрерменге берер әсерін әлдеқайда төмендетті. Сонымен қатар, мұражайларға деген қызығушылықтың бәсеңсуіне бүкіл Кеңес елінде болған қуғын-сүргін, Еуропа елдерінде басталған екінші дүние жүзілік соғыс және тағыда басқа саяси және әлеуметтік-экономикалық себептер әсерлерін тигізді.
Қазақстан Орталық мұражайында қалыптасып отырған жағдай жайлы 1940 жылы оның басшысы Рузиев: «Музей бөлімдері осы есеп жылы жоспарлаған жұмыстарын толығымен орындай алмай отыр. Оның басты себептері орналасып отырған ғимараттың қолайсыздығы, жекелеген көрмелердің ұзақ мерзім өткізілуі, нақтылы, бір нұсқаусыз, мақсатсыз музей бөлімдері мен жәдігерлерін шексіз қайта құру және т.б. Бұл музейдің ғылыми зерттеу жұмыстарына, жәдігерлер жинастыру мақсатында экспедициялар ұйымдастыруына, Қазақстанның басқа да мүшелерімен қарым-қатынас жасауына едәуір кедергі келтіріп отыр» — деп жазды /19/.
1941 жылы республикалық дінге қарсы мұражайының Орталық мұражайға қосылуы қорын әлдеқайда толықтырды. Мұражай жұмысының жалпыхалықтық сипат алуына байланысты, 1944 жылы ол Қазақстанның Орталық Мемлекеттік мұражайы деп аталды, » Мұражай қорында Қарғалы қазынасынан табылған алтын заттар, скиф-сақ әлемінің үлкен коллекциясы, С.Торайғыровтың жалғыз қолтаңбасы, Ы. Алтынсариннің қол қойған мақтау қағазы, Абайдың әкесі туралы Тұрағұлдың қолжазбасы, «Айқап» журналының 1-ші саны, А.Иманұлының винтовкасы, Ш.Уәлиханов, жаяу Мұса, Әміре Қашаубаев, Ә.Жанкелдин, С.Сейфуллин, К.Байсейітова және баскалардың жеке заттары сақталған. Сонымен қатар, қазақ халқының тұрмысы мен этнографиясын жазған көрнекті орыс суретшісі Н.П.Хлудовтың толық шығармалар жинағы мұражай қорын толықтырып тұр.