1.Тарихтан ұшырасатын Скиф Сақ,үйсін, Қаңғы(қаңлы),Дулат,Оғыз,қыпшақ-бәрі де Сібірді, Қазақстанды,Орта азияны, Орта төменгі Еділді,Каспий жағалауларын сонау ерте замандардан-ақ мекендеген түркі-монғол руларының әр кездегі ру-ұлыстық,түрлі бірлестік аттары еді.
Заманымыздың V ғасырынан бастап бұл өңірлерді әлгә аталған бірлестік мемлекеттердің негізінде түркі халқы қоғамдасып,,соның негізінде Түркі қағанаты орнады.Бүгінде түркі халқы қоғамдасып,соның негізінде Түркі қағанаты орнады. Бүгінде түркі халықтары деп аталатын қазіргі Азербайджан , түркімен,қырғыз, қазақ өзбек, қарақалпақ,башқұрт,татар, алтай,хакас,ұйғыр,чуваш,ойрат,тува халықтары осы Түркі қағанатына топтасқан ру-тайпалар негізінде қалыптасқан. Күші жағынан да, мекені жағынанда заманның іргелі мемлекеті болған Түркі қағанатының тарихы Vғасырда Хундардан қашып шығып,Алтай тауының түстігіне қоныс тепкен Ашындардан басталады.
Бүкіл Сібірді,қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны түгел жайлаған ұзын найзалы,жарау атты түрктер үш ғасыр VI-VII-VIIIғғ бойы кең далада адам айтқысыз алапат,жойқын соғыстарды басынан кешкен.
Түркі халықтарының бірлесуін тарихшылар Бумын қаған үстемдік еткен 545 жылдан санайды.
2.Тастар сөйлейді.
Жеті сөз отыз бірінші жылдың жазында шексіз даланы армансыз билеген Бумын, Қапаған, Естеми,Құттық қағандардың ұрпағы; ұзын найзалы,жарау атты түркі руларының ырысы әрі бақыты-Боз айғырлы айбынды ер Күлтегін дүние салады.
Бетіне дұшпан қаратпаған айбынды ердің қазасы қасірет пен қайғы болып бүкіл түркі қауымының арасын лезде-ақ шарлап шыққн.Оның басына тізе қосқан досы да кескілескен қасы да тегіс жиылған.Ұшы –қиырсыз, дамалсыз ағылған халықтың қаралы шеруі даңқты батырға деген ықылас-пейілдің куәсіндей еді.
Заманның атақты ақын-жырауы, Күлтегінің немере інісі Иоллығ тегін жан-жақтан шеберлер алдырып, келесі жылдың Күлтегіннің басына оның батырлығының белгісіндей мәңгілік есерткіш-зәулім құлпытас орнаттырады.Әдемі әшекеймен оймышталып,өзгеше нақышпен өрнектелген заңғар құлпытаста ел сүйген ерге халық жоқтауын көне түркі тілінде мәңгілікке өшпестей қашатып тұратын жаздырады.Содан бері мың екі жүз жыл өтті.Тарихтың беті сан өзгерске ұшырады.Жылдар жылжып,ғасырлар алмасып жатты.Жер жаңарып,қоныс өзгеріп жатты.Бірақ Орхон өзенінің бойындағы қас батырдың ерлігіндей тәкәппар,сұсты,маңғаз тас ескерткіш он екі ғасырдан аттап,өз заманның шындығын,қайғы қасіретін,амал әрекетін арқалап,сол күйінде бұзылмай бүлінбей бүгінгі күнге аман жетті.Ол ескерткіштер кімдікі,қалай табылды,кім ашты,кім аударды, кім зерттеді:жазбалардың мазмұны,жанры қандай-міне, ендігі әңгіме сол туралы.
- Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы.
XVIII ғасырдың басы еді.Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап,Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты.Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады.Әбден шаршап –шалдыққан саяхатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгендей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды.
Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей,,әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастағант тәрізденді.
“Енесей жазбалары” деген атпен 32 таблицалы,8 фотосуретті атлас жариялады.Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізгісіз екендігн олар кейін мойындайды.
1989 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан,Енесей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.
Н.Ядринцев тасқа мынадай сипаттама беред; биіктігі-3,5 метр, төменгі ені-1,32 метр, жоғарғы жағының ені-1,22 метр.Биіктегін сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөрігі өрнектелген.Тастың төрт жағының ені-1,22 метр.Биіктеген сайын жіңішкере береді,жоғарғы бөлігі өрнектілген.Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазуымен толған.
1890 жылдың көктемінде Н.М.Ядринцевтің ізімен Орхон өзенінің финдердің А.Гейкель бастаған археологиялық экспедициясы және 1891 жылы С-Петербургтен біздің елімізде тюркологияның негізін салған ұлы орыс ғалымы В.В.Радловтың басқаруымен құрамында Ядринцев те болған Ғылым академиясының экспедициясы аттанды.
Міне дәл осындай зерттеуші –Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен болып шықты.
Вилгельм Людвиг Петер Томсен ( 1842-1927)өзімен замандас ғалымдар сияқты әдепкіде теологиямен шұғылданады. Бертінде біраз жылдар филология,ботоника,физика ілімдерімен әуестеніп жүреді де, ақыры бар өмірін өзенінің сүйікті ғалымы-тіл біліміне арнайды.
В.Томсен –көп тілді білген,дарынды ғалым болған.
4.Орхон ескерткіштерінің аударылуы
Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз.Біріншісі-қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма.Бұған В.В.Радлов,П.М.Мелиоранский, С.Е.Маловтардың аудармасы жатады.Екіншісі-И.Стеблеваның өлең аудармасы.
Академик С.Е. Маловтың аудармасы дәлдігі тұрғысынан да өзіне дейінгі еңбектерден әлдеқайда жетік,биік дәрежеде жасалған еді.Дегенмен,түркі тілдерінің білгірі С.Маловтың аудармасының да әлә жетілдіре,жеткізе түсетін жерлері бар. Бұл айтып отырғандарымыз негізіне мынадай мәселелерге әкеп соғады:
Біріншіден,Малов, біздіңше,ескерткіштің мазмұнын, мағынасын беруді басты мақсат етіп қойған.Сондықтан да ондағы жыр шумақтары бүтіндей ескерілмей қалған.Екіншіден,кейбір жеке сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кейбір сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кейбір сөздер түсіп қалған.Мәселен,Күлтегінге арналған кіші жазудың алғашқы шумағындағы білге сөзі түсіп қалған.Оның керісінше Күлтегінге арналған үлкен жазуды кездеспейтін іті сөзін қосқан. Немесе мындай жолдарды алып қарайық:
«Кісі оғлынта үзе ечүм-апам»
«Бумын қаған,Істемі қаған олурмыш»
Осындағы курсивпен берілген тіркесті ғалым ағам деп теріс аударған.
1965 жылы Москвадағы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері И.В.Стеблеваның Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударған бағалы еңбегі жарық көрді.Бұл кітабында автор Орхон ескерткіштерін бүтіндей әдеби шығарма деп қарап,түгелдей өлең деп тапты.
Аталмыш мұраны поэзия үлгісіне жатқызған еңбектерді бұдан да бұрын кездестірген болатынбыз.Алайда дәл Стеблевадай үзілді-еесілді кесімді пікір айтқан,сол тұжырымын жан-жақты дәлелдеген зерттеу жазылған жоқты.
Бұрынғы аудармашылардың бәрі де ескерткіштің қара сөз үлгісіндегі мағыналық аудармасын ғана жасаған болса,И.Стеблева оны өлең жолдарына түсіріп, тұңғыш рет орыс тіліндегі өлең-аудармасын жасады.
Осы себептен ескерткіштің стилі біраз дәрежеде сақталған деп айтуға болады. Одан соң, ғалым өзіне дейінгі нұсқалардың кемшіліктерін ескеріп,көптеген жеке сөздердің де баламасын дәл тапқан.Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударудың жәйі әзірге осындай.Сонымен қорыта айтқанда,екі түрлі аудармамен таныс болып отырмыз.Бірі –қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма.Бұған Радлов, Мелиоронскиий,Маловтардың аудармасы жатады. Екіншісі-Стеблева жасаған өлең аударма.
Енді ескерткіштерді қалай аудардық және нендей принциптерге сүйендік дегенге келетін болсақ, бұл ретте біз алдымызға екі түрлі мақсат қойғандығымызды айтуымыз керек.Біріншіден, сол бір көне әдебиет үлгісін бүгінгі оқушыға бүтін көркем шығарма түрінде жеткізуді мақсат еттік.Өйткні,Орхон ескерткіштерін өзінің эстетикалық нәрін,қуатын әлі күнге дейін жоймаған құнды мұра деп есептейміз Осыған орай біз көне автор қолданған көркемдік тәсілдерді бүтіндей сақтауға тырыстық.