Бүгінгі телеарнадағы апта сайын өтіп жатқан сан қырлы телехабарлардың ойы мен тілінен, көтерген мәселесі мен талдамасынан кешегіден үндестік іздеп, елеңдейтініміз де сондықтан. Бүгінде халық арасында «Теледидар қандай болса ұлт та сондай» деген сөз жиі айтылады. Белгілі бір бағдарлама ең алдымен, жазылатын сценарийге байланысты өрбиді. Әрине, сценарист те өз туындысын бағдарлама форматына лайықтап жазуы тиіс. Дегенмен біз бағдарламаның жақсы болуы тек сценарийге байланысты деген ойдан аулақ болғанымыз абзал. Оның сәтті шығуына бағдарламадағы барлық қызметерлерге байланысты. Ток-шоу сценарийі неғұрлым талас-тартысқа, әртүрлі пікірлерді тудыратындай болса, соғұрлым қызығырақ болады. Сценарийдің өн бойындағы көрініс пен дыбыс бір-бірін толықтыра халықтық тілдің мол қазынасымен бөлшектен бүтінге айналып, тұтастыққа бірігуі де автордың интелектуалдық толымдылығына қатысты. Мұнда бастысы тақырыпқа қатысты бағдарлама басындағы амандасуын, сұрақтарды және аяқтағанда жазатын сөздерді сценарист жазып беру керек. Қалғанның барлығы да дерліктейкейіпкерлер мен жүргізушілерге байланысты. Жүргізушілерге қалайша байланысты деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, кейде басты қаһармандардың барлығы дерлік керемет импровизатор болып тоқтай алмай кеткенде ешқайсысын да ренжітіп алмай, әдептілікпен, инабатпен сөздерін тоқтата білу керек. Болмасакейде дауласуды тым әсірелеп жіберген кезде өз тарапынанорынды сұрақтар қою арқылы оларды кішкене болса да сабасына түсіре білуі қажет. Ал сценарист белгілі бір тақырыпқа байланысты әртүрлі пікір иесін шақырғаны дұрыс, себебі ток-шоу сонысымен қызықты. Сондай-ақ жүргізуші өзі де алдын-ала берілген тақырыпқа дайындалып келуі басты назарға алынуы тиіс.