Ток-шоу жанрының басқа жанрлардан басты ерекшелігі қоғамда орын алып жатқан мәселелерді құрғақ ақпарат ретінде ғана жеткізбей, студияға арнайы қонақтар шақыру арқылы аталмыш мәселенің шешімін табу болып табылады. «Айтуға оңай» ток-шоуының ерекшелігі де осында. Кез-келген бағдарлама эфирге шығар алдында оған арнайы сценарий құрылады. Сол сияқты ток-шоу жанрның өзіндік сценарийі бар. Ток-шоу сценарийін жазу басқаларына қарағанда жеңіл деп айтуға болады. Неліктен? Себебі мұнда басты рөл атқаратын сценарий емес, ортаға шығатын қонақтар. Сценарий жазу- өте күрделі шығармашылық процесс. Хабардағы кез-келген бейне, көрініс, деталь әрекетке араласа, бір мезгілде ұшқыр тіл, орамды ой, жүргізушілік мәнерлілікпен астаса келіп, көрермен дүниесін баурай отырып, жүректерді қытықтап, оятып жатуы тиіс. Дұрыс таңдалынған тақырып, сахнада сыр мен сымбат тұтастыратын сценарий экранның мәнін тереңнен ашып, әрін молынан кіргізіп, аудиторияның зор ынтасын туындатады. Теледидардың әр жылдарындағы елеулі тұлғалардың сценарий жазудағы шеберлік қырлары мен тақырып таңдаудағы ізденістерінің де өзгелерге үлгі болуы заңдылық. Сценарийді тек қана сценаристке қана жүктеп қоюға болмайды. Сценарийді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да), режиссерлер де, журналистер де бірлесіп жазуы қажет. Әрине, оның құрылымдық бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ,оның мазмұндық жағы жеке тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс. Бұл жерде сценарийдің жалпы көлемі, сценаристің өмірде барлық саласы бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ой-өрісі қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының жұмысы өте қызықты болып табылады. Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу, және материалды іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценариді жазудан да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценарилер жазатын сценаристің әмбебап болудан басқа амалы жоқ. Бағдарламаның сәтті шығуы сценаристерге де тікелей байланысты.
Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап көрелік.
Сценарилық өтініш – бұл келешек тележобаның негізгі идеясын баяндайтын құжат. Онда міндетті түрде:
- Жобаның атауы;
- Мән-мамұнын нақты баяндау
- Мақсатты аудиториясы
- Хронометражы (хабардың ұзақтығы)
- Эфирге шығу жиілігі ( күнделікті, апталық және т.б)
- Авторлық ұжым құрамы
- Болжамды шығын-барлық шығын
- Жобаны іске асыру мерзімі толық көрсетілуі тиіс. Телебағдарламаны шығару жөніндегі немесе одан бас тарту туралы шешім осы өтініш негізінде қабылданады.
- Сценарлық жоспарда сценарий мазмұнының өрбу бағыты хронологиялық тәртіппен баяндалады. Сюжеттердің тәртібі, соларға сай айтылатын жүргізуші сөзі мен қонақтарды шақыру тәртібі нақты көрсетіледі. Эфирді таспаға жазатын күн мен тақырыбы беріледі. Сценарлық жоспар сценарий жазатын кісіге ғана емес телебағдарламаны монтаждау үшін де аса қажет. Онда: жүргізушілер, қатысушылар құрамы (қонақтар); реквизиттер толық көрсетілуі тиіс. Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпараттар жиналып болғаннан кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жалпы түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Ток-шоу бағдарламалардыңсценарийінжазу басқаларынақарағанда жеңіл деп айтуға болады. Неліктен? Себебі мұнда басты рөл атқаратын сценарий емес, ортаға шығаын қонақтар. Бағдарлама неғұрлым талас-тарасқа толы, соғырлым оны қызықты өтті деп айтуға болады. Мұнда бастысы тақырыпқа қатыстыбағдарламабасындағы амандасуын, сұрақтарды жәнеаяқтағанда жазатын сөздерді жазып беру керек. Қалғанның барлығы да түгелдей дерлік кейіпкерлер мен жүргізушілерге байланысты [6]. Жүргізушілерге қалайша байланысты деген сұраққа жауап іздейтін болсақ , кейде басты қаһармандардың барлығы дерлік керемет импровизатор болып тоқтай алмай кеткенде ешқайсын да ренжітіп алмай, әдептілікпен, инабатпен сөздерін тоқтата білу керек. Болмаса кейде дауласуды тым әсірелеп жіберген кезде өз тарапынан орынды сұрақтар қою арқылы оларды кішкене болса да сабасына түсіре білуі қажет. Ал сценарист белгілі бір тақырыпқа байланысты әртүрлі пікір иесін шақырғаны дұрыс. Себебі ток-шоу тек сонысымен қызықты. Сондай-ақ жүргізуші өзі де алдын-ала берілген тақырыпқа дайындалып келуі басты назарға алынуы тиіс. Жүргізушінің жылы шырайлы амандасқаны, сөз саптағаны, студияда өзін-өзі ұстауы, киім-киісі, бағдарлама соңында өзіндік ілтипатпен қоштасуы барлығы жүргізушіге деген көрерменнің ықыласын арттыра түседі. Телеарнада өзіндік әдіс-тәсіл, қайталанбас қолтаңба, ерекше стильмен ерекшеленген жүргізушілер ғана мұндай сый-құрметті иелене алады. Жүргізушінің әр сюжетке орай немесе қонақты студияға шақырған кезде айтатын сөздері белгілі бір ізбі-ізділікпен жазылуы тиіс. Қонақтарға қойылатын әрбір сұрақты сценарийге түсіргенде оның жауабын алдын-ала бағамдайтындай етіп жазылуы тиіс. Өйткені келесі сұрақ соның негізінде жазылады. Бұл жүргізушінің жүгін жеңілдету үшін жасалады. Өйткені, көбіне бір күнде бірнеше бағдарлама жазылады және жүргізуші материалда не жазылғанын сценаристен жақсы білмейді. «Айтуға оңай» ток-шоуы алдын-ала дайындалып қойылатын бағдарлама. Аптасына 2 рет түсіріледі. Әр бейсенбі мен жұма күндері. Сол екі күнде сегіз бағдарламаны түсіріп үлгереді. Телебағдарламағақонақ шақырылатын кезде сценарийде оның студияға қалай кіретіні, қандай музыка ойналатыны, қандай бейне-кадрлар берілетіні толық сипатталады. Көбіне бағдарлама шығарушылары қонақтың студияға бір нәрсе ала келуін өтініп жатады (студияны жандандыру мақсатында) Сценарист бұдан хабардар болуы қажет. Өйткені, қонақтың әкелген бұйымына қатысты сұрақтарды дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп беру сұралады. «Айтуға оңай» ток-шоуында мұндай сценрилер жиі байқалады. Мысалы; қолдан қазақы бұйымдарды жасап жүрген кейіпкерлер келгенде оның жасалу жолы қандай екенін, және өз қолынан шыққын дүниесін әкеліп жатады.
Сценарий – тақырып, идея және композиция сынды элементтерден тұрады. Тақырып- бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып – бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе.
Қазақ телевизиясы дегенде, көпшіліктің көз алдына кешегі телевизияның «алтын ғасырына» баланған кезең елестейді. Себебі ол кезеңде теледидар елдің ақылшысына, батагөй абызына, тынысы мен қамқоршысына айналған еді.
Мұндай дәрежеге Кенжеболат Шалабаев, Камал Смайылов, Шерхан Мұртаза, Сағат Әшімбаев сынды білікті мамандар қатысуымен дайындалған телеөнімдердің арқасында жеткен болатын. Ал бүгінгі қазақ теледидары халық жүрегін жауламақ түгіл, көрерменді отандық бағдарламаларға зар қылып қойды. Телеарналарымыздың акция пакеттері сыртқа сатылып, экранымызды менталитеті мен мәдениеті, тілі мен ділі, өзегі мен өңі басқа дүниелер жаулап алды.
Расында да, көгілдір экраннан қазір не көріп жүрміз? Телеарналардың тетігін басып қалсаңыз, Ресей, Америка мен Англия, Франция, Жапония мен Түркия, қала берді, Латын Америка елдерінің телесериалдары мен бағдарламаларынан көз сүрінеді. Осы елдердің салт-дәстүрі бір-біріне мүлдем ұқсамайтыны бесенеден белгілі жайт. Яғни телеарналардағы нағыз прайм-тайм уақытта жаңағы бөтен елдің телеөнімдері біздің жас ұрпақтың санасын жаулау үшін жанталасып жатыр деген сөз. Телеарналар біздің ұрпаққа таңнан кешке дейін өзге елдің салтын, өмір сүру дәстүрін өз ана тілінде (қазақша аудармамен) санасына сіңіріп жатыр. Бұдан кейін Астана мен Алматыдағы биік мінберлерден жастарға қаратып отансүйгіштік қасиет туралы ресми айтылған сөз «құлақтан кіріп бойды алады» дегенге сенесіз бе? Өзге салт-сананы өзімдікі екен деп өзегіне құйған жеткіншектердің ертеңгі күні «қағынан жеріген құланға» айналмасына кім кепіл? Сөз етіп отырғанымыздай, шетелдік бағдарлама мен сериалдарды қазақ тіліне аударып та, аудармай да халыққа ұсынатын телеарналардың қатары күннен-күнге көбейіп барады. Бұл қатарға «НТК», «СТВ», «ТАҢ», «31-телеарна», «КТК», «Астана», «Жетінші арна», секілді телеарналар кіреді. Мысалы, «НТК» телеарнасында отандық өнім жоқтың қасы. Ресейлік нұсқадан көшірілген «Такси» мен «Ревю», «Juke box» сынды берері аз бағдарламалардан өзге көз сүрініп, көңіл тоқтатар ештеңе байқамайсыз. Олардың да басым бөлігі орыс тілінде екендігін ескерсек, телеарнаның тіл саясатын аударма арқылы ғана орындап отырғанын аңғарамыз. Аударма дегеннен шығады. Қазір қай арнаны ашып қалсаңыз да, аударманың «тамаша» тәсілін тауып алған. Өзі орысша сөйлеп тұрғанымен, жүгіртпе жолда қазақша кетіп жатады. Осы уақытқа дейінгі телеэкрандағы өнім 50 де 50 болуы тиіс деген заңды орындағаны осы. Ақыры жүгіртпе жолға кеп қалдық қой. Айта кетейін. Жуырда телеарналардың тетігін басып отырып, белгілі республикалық арналардың бірінде өтіп жатқан ресейлік фильмге көзім түсті. Жігіттің мойнына асылып алған қыз «Я хочу тебя» дейді. Экранның астындағы жүгіртпе жолда қазақша былайша аударыпты: «Мен сенімен жыныстық қатынасқа түскім келеді». Міне, масқараның көкесі. Бұл бір ғана мысал. Егер барлық арналардағы жүгіртпе жолдарға көңіл тоқтатсаңыз, түңіліп кетесіз. Енді әлгі «НТК» арнасындағы телеөнімдерге қайтып оралайық. Осы арнаны айналамда кісі отырғанда немесе бала-шағамен отырғанда абайсызда қосып қалам ба деп қатты қорқам. «Дом — 2» секілді жас ұрпаққа ұсынуға болмайтын, әдепсіз қылықтар мен арзан күлкіге құрылған бағдарлама. Ал «СТВ» мен «Таң» теларналары ақша табудың соңына түсіп кеткендей. Күні бойы «ТВ-дүкен Қазақстан» арқылы ыдыс-аяқ пен темір-терсек жарнамалайды да жатады. Және бұларды күніне екі-үш мәрте қайталайтынын қайтерсіз? Әділдігіне күмән тудыратын,интерактивті шоулар тағы бар. Әлем-жәлем киінген қыздары эфирге шығып алып, кеңірдектерін жыртады да жатады. «СТВ» арнасының абыройын жауып отырған Ресейдің «НТВ-сы» екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар. Тіпті осы арнадан мейлі шетелдік болса да, дені дұрыс фильм де көрсетілмейді. «Қазақстан» ұлттық арнасының өнімдері бар. Әйгерім жүргізетін «Меншікті мекен» хабарының көрермені көп екеніне күмәнім жоқ. Серік Жанболаттың пікірталас «Көкпары» мен Мұрат Қыдырбаевтың шын «Көкпары» да біздің өнім деуге тұрады. «Сен сұлу» да көпшіліктің көзайымына айналды. Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық арна өз өнімі жағынан өзгелерден оқ бойы озық деуге болады. Әрине, өз өнімдерінің арасында сапасы сын көтермейтін хабарлары да аз емес. Сапа жайлы бөлек әңгіме. Таралым ауқымы жағынан таршылық көрмейтін «Хабар» арнасының эфирінде түгелге жуық отандық өнім дегеніңізбен дені үкіметшіл, билікшіл. Сын жоқ. Арнаны ауыстырмай екі күн көрсең, жұмақта тұрып жатқандай күй кешесің. «Таразыдағы» қыз-жігіттердің өзге ойлылығы қуантса, «Біз айтсақтың» да айтары мол көрінді. Ал «31-телеарнаның» жаңалықтар қызметін қоса алғанда «төл» бағдарламалары бесеу-ақ. Атап айтар болсақ, «Информбюро», «Әзіл студио», «Сырласайық», «Жұлдызбен жүздесу» және де қазақша бес бағдарлама жабылғаннан кейін пайда болған «Үлкен олжа» интерактивтік шоуы. Біздің Заңымыз бойынша шетелдік акционерлер қандай да бір арнаның жиырма пайызын ғана иемденуге құқылы. Ал эфирдегі дүниелеріне келгенде басым түсіп жатады. Еліміздің телеарналарында отандық бағдарламалар неге аз? Бағдарлама жасауға қаржы жоқ па, әлде телеарналар идея тоқырауына ұшырады ма? Не болмаса көрермен көзайымына айналудан гөрі, қаржылық құрылымы мықты, бірақ дүниелері тартымсыз телеарна болғанды қалайды ма? Түсініксіз. Бір анығы — қазақша бағдарламалар жабылып, басқа елдердің тележобалары бұрынғыдан бетер қаптай түскендігі. Сонымен қатар мемлекеттік тілде 50 пайыз хабар тарату межесін аударма арқылы орындап отырғаны. Бұл сөзіміздің мысалы ретінде жаңа жыл ене салысымен «31-телеарнада» қазақша бағдарламалардың басым бөлігі жабылып, қазақтілді журналистердің кейбірі уақытша, енді біреулері түбегейлі жұмыстан босатылғанын айтуға болады. Онсыз да орыстанып, көпшіліктің көңілін көншітпей жүрген телеарнаның қазақша бағдарламаларды жабуы көрермендердің наразылығын тудырды. «Пікір алаңы», «Биік мақсат», «Замандастар», «Кәсіпкер», «Білгірлер бәйгесі» сынды қазақша бағдарламалар жақсылы-жаманды болса да телеарнаның қазақтілді көрермендерінің сұранысын қанағаттандыратын. Мәнсіз, мағынасыз, арзан әзілмен көрермен көңілін аулайтын «СТС» дүниелерінің арасында көрініп қалатын бағдарламалардың жабылу себебін «31-телеарнаның» бас директоры бір сұхбатында:
Біз бағдарламаларды жоспарлаған кезде қай бағдарламаның телекөрсетілім үлесі жоғары болады, сол бағдарламаларды ғана әрі қарай жалғастырамыз. Мен, мысалы, біздің телеарнадағы шығарылған бағдарламаларды сапа жағынан нашар деп айта алмаймын. Бірақ олар біз күткендей керемет телекөрсетілімдік үлес салмағына ие бола алған жоқ. Осы себептен біз бұл бағдарламаларды тоқтатуға шешім қабылдадық». Бұдан аңғарғанымыз, алдағы уақытта телеарна тек аталмыш екі өлшемге жұмыс істейді деген сөз. Яғни жаңадан бағдарлама ашылады. Деңгейі төмен болса, ол да жабылады. Ал осы талапқа сай болу үшін бағдарлама прайм-таймға қойылуы керек. Яғни ел-жұрт орынға отырған кешкі уақыттарда көрсетілгені ләзім. Осы тұрғыдан қарағанда, тек «31-арна» ғана емес,еліміздегі кезкелген коммерциялық арналардағы қазақтілді бағдарламалар өз өнімі болса да, өгейдің күйін кешіп отырғаны жасырын емес. Ондай «алтын уақытта» «Әкесінің қыздары» («Папины дочки»), «Менiң мейірімді күтушім» («Моя прекрасная няня»), «6 кадр» («6 кадров») секілді бөтен жобалар ұсынылады. Осы прайм-тайм мәселесіне қатысты бас директор «телеарна үшін кез келген уақыт прайм-тайм болуы керек» дейді. Алайда телеөнім он жерден қызық болса да, ешкім де тіршілігін тастап, ол бағдарламаны көрмесі анық. Оның үстіне, азғана уақытта ашылған бағдарламаның деңгейін анықтау қиын. Бала құрсақта тоғыз ай, он күн дегенде жетіліп, ондаған жылдардан кейін ер-азамат болып, ата-анасын асырайды. Сол секілді бағдарлама да — телеарнаның «бел баласы». Оның жақсы нәтиже көрсетіп, телеарнаның жұмсаған қаржысын қайтаруына да жылға жуық уақыт керек. Сол кезде «деңгейі мен телекөрсетілім үлесі төмен болса, есікті қағып тұрған қаржы басқа телеарнаға кетіп қалады» деген пікірдегі коммерциялық телеарналардың басшылығы діттеген мақсатына жетер ме еді? «31-телеарна» басшылығының бағдарламаға жұмсалған қаржы қайтуы керек деп шыр-пыр болатын жөні бар. Себебі аталмыш телеарна — жекенің меншігі. Сондықтан мемлекет емес, өзін-өзі қаржыландырады [7]. Жарнамадан қаржы табу мақсатында телеарна деңгейі мен телекөрсетілім үлесін көтеруге, ал оны көтеру үшін ат төбеліндей респанденттер көңілінен шығуға тырысады. Бірақ деңгейі төмен болуы себепті жұмсалған қаржыны қайтармады екен деп, көрерменді көз қызығынан айыруға бола ма? Көрермен демекші, жабылған бағдарламалардың көптеген қарармандары болғанын Нұржан Мұхамеджанова да мойындайды:
«Замандастардың» көрермендері керемет көп еді, «Кәсіпкердің» көрермендері өте көп. «Биік мақсат» өте жақсы, керемет бағдарлама болды. Бірақ оның көрермендері көп болса да, телекөрсетілімнің үлес салмағы төмен болды. Сондықтан біз оларды тоқтаттық». Осы арада көрермені көп бола тұра, деңгейі мен телекөрсетілім үлесінің төмен болу себебіне аз-кем тоқталайық. Мысалы, жүз адам таңдалынып алынды делік. Бұл жүз адам елімізде және Ресейде телерадио өнімдерінің деңгейі мен шығарылым, көрсетілім үлесін, көрермендердің жас шамасын анықтаумен айналысатын «Gullap-media» агенттігінің сауалнама жүргізетін, анкеталық парақшалар толтыратын немесе басқаша тәсілмен зерттеу жүргізетін мақсатты аудиториясына айналады. Осынау жүздікті респанденттер деп атайды. Деңгей мен телкөрсетілім үлесі таңдалынған респанденттердің бағдарламаны немесе телеарнаны көру-көрмеуіне байланысты. Бір бағдарламаны респанденттер көрмей, қалған миллиондаған халық көріп, тамашаласа да, ол бағдарламаның аталмыш өлшемдер бойынша көрсеткіші төмен болып саналады. Осылайша, аздың айтуымен көптің көңілін қалдырады. Мүмкін, ол адамдардың басым бөлігі орыстілді көрермендер шығар? Мүмкін, респанденттер тек қалалықтар шығар? Ол жағын елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Телеарнаның тағы бір ақсап тұрған тұсы — тіл саясаты. Мемлекеттік тілге бөлінген елу пайыздық мөлшерді назирашылықпен — өзгенікін өз тілімізге тәржімалаумен толтырып отыр. Оның бір бөлігі титр арқылы жүзеге асатынын, ол жүгіртпе жолдардың қандай екенін жоғарыда айттық. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, телеарналардағы тіл саясатының өзі 37,5 пайызға ғана орындалады екен. Заң бойынша белгіленген межеге жетпейді де. Бұл қателік пе, әлде заңбұзушылық па? Жиырма төрт сағат бойы мемлекеттік тілде хабар тарататын үш телеарна ашамыз деп жатырмыз. Жөн-ақ. Алайда жоқтан бар еткеннен гөрі бардың өзін жетістіріп алған абзал шығар. Қалталылардың қанжығасында кеткен телеарнаны жат «құшағынан» алып, өз бауырымызға басуымыз керек шығар? Осы мәселені ақын Мұхтар Шаханов ағамыз билікке қойған тоғыз талабында көтерген болатын. Мұхтар Шаханов өзінің билікке қойған талабында «СТС-Медиаға акциясы сатылған «31-телеарнаны» қайтарып алуды және мұндай әрекетке тыйым салу керектігін айтқан еді. Сіз арнаның акциясын қайтарып алуды қалайсыз ба?» деген сұраққа Нұржан Жалауқызы:Кейде ұрандаймын деп осындай пікірлер айтылып жатады. Бұл әрбір азаматтың өзінің азаматтық көзқарасы ғой. Мұхаңмен ешқашан пікір таластырмаймын және таластырғым да келмейді. Екіншіден, бәріміз де — осы елдің азаматымыз. Біз үшін Қазақстанның, қазақ елінің, қазақ жастарының, қазақстандықтардың бүгіні мен ертеңі өте қымбат. Өз басым Отаным үшін қызмет жасап жатырмын. Айта кететін нәрсе, «СТС-Медиа» — тек Ресейдікі емес, бұл халықаралық телекомпания. Оның құрылтайшыларының құрамында ресейліктер де, америкалықтар да, шведтер де бар. ҚР Заңына сәйкес, «СТС-Медиа» тек жиырма пайызға ғана ие. Сондықтан біз өз саясатымызды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргіземіз. Сол сияқты телеарнада бірде-бір шетелдік азамат жұмыс істемейді. Бәрі — Қазақстанның азаматтары. Екі акционердің келісімі бойынша, біздің елімізде ойын-сауықтық көшбасшы телеарна қолға алынды. Біз осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз», — деп жауап берді. «СТС-Медиа» халықаралық телекомпания болса да, көрсетіліп жатқан телебағдарламалары ресейлік. Бұған екі телеарнаның бағдарламалар жүйесін салыстырғанда көзіміз жетті. Кешегі халық жүрегінен орын тепкен «31-телеарна» бүгінде елім деген ерлердің жүрегін ауыртып жүрген сыңайлы.
Жалпы, біздің көрермен де төзімді ғой. Экранына не салып берсе де, қыңқ деместен көріп отыра береді. Бірақ осы марғаулық, бойкүйездік жақсылыққа апармайды. Жаңа арналар ашамыз, бар арналарды жаңартамыз деп жүріп, ескімізден айырылып қалмасақ игі еді.
Идея-бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды игеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққы деген негізгі көзқарасты, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты. Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі болуы тиіс. Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшылар мен кейіпкерлерді таңдаудан тұрады.
Композиция – бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайындау. Бұл материалды жазу ұстанымы.
Мынадай пікерлерде жиі кездесіп жатады. «Студияда, жүргізушілер жүргізетін телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жетклікті, ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі». Әрине жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі. Әрине ток-шоуға егжей-тегжейлі жазатын сценарий жазудың қажеті жоқ. Сценарийде жүргізуші қалай амандасуы керек, кейіпкерді қалай шақыру керек, бағдарлама ұзақтығын қалай сақтау керек және қалай қоштасуы керек деген сияқты жазбалара болуы тиіс. Ал қалғаны жүргізушінің шеберлігіне байланысты. Кейіпкермен қалай тіл табысатыны, қойған сұрақтарына жауап берген жауабынан сұрақ табу барлығы жүргізушінің міндеті болуы тиіс. Егер дайын сценаримен ғана ток-шоу жүргізілетін болса, бағдарламаның шынайы шығуы екітілай дүние. Сценарист диалогтарды жазғанда, жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем білмесе де бағдарламаны «ойнатып» әкететіндей етіп баяндауы тиіс. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Сондықтан жүргізуші мен сценарист тығыз байланыста болуы қажет.