Қ, Амнжоловтың Ақын өлімі туралы аңыз поэмасы туралы өз кезінде де, содан кейін де сөз өнерінің көптеген қайраткерлері, зерттеушілер өз пікірлерін білдіріп, шығарманы өте жоғары бағалағаны белгілі.
Автордың шеберлігі- жеке басының патриоттық сезімін қоғамдық жоғары деңгейде бейнелеп, оқырман көңілінде бұғансүйіспеншілік туғызумен бірге, тәлімдік ой салуында.
Поэмадағы перифраза, антитеза, синонимдік, синтаксистік қайталамалар, символ сөздер ассоциятивті, қосымша апарат жеткізуші ретінде көрінеді.
Поэма шумақтарының көлемі біркелкі емес, ақын оқиғаның динамикасын, іс-әрекеттің өту жеделдігін дәл сипаттау үшін осылай таңдап алған.
Поэманың композициялық сюжет тік құрылымына сәйкес шұмақтар алғашқыда 16,8,10,6,13,14,4 жолдан тұрса, оқиғаның шарықтау шегі мен шешілуінде біртұтас картина бір демде-ақ бері леді.
Ақын суреттеуінде әр шумақтағы ой өзінен кейінгі шумақтарда ширыға, үсте мелене, еселене, градація түрінде айшықтала түседі. Мысалы, 1-шумақтағы эмоционалды, экспресивті, бір реңтегі қосымша лексика, жалпылылық мәндегі дерексіз зат есімдермен берілген өмір мен өлім жекпе-жегі келесі жолдарда нақтылана түседі. Синреттік тәсілмен жасалған дүние төрі, поэтикалық стильдегі майдан, жағымсыз бояуы қанық қырғын соғыс, қанды қырғын қапылыс, ерегіс, экспресивті, қимыл- қозғалысты дәл бейнелеп тұрған отқа қақтап, соққыласып етістіктері өлімнің бейнесін берсе, өрт жанарлы жас ұланның бар қимылы өмірді паш ететін экспресивті көснмшелер-
Арқалап майдан жүгін , қорғасынға түйіп, жанын тігіп, тса бекініп, ал оның бір сәттік күйі күтті жедел өркен шақ етістігімен берілген.
Келесі шумақта метонимиялық қолданыстағы сұм жендеттердің қимылы өлімнің символы ретінде алғашқы шумақтағы етістіктердің бояу-әсерін одан сайын күшейте түскен: Жнып, таптап, сүйреп, жындай қаптап, найзаға іліп; осы шумақта өмір мен махаббат, ар-ұят сөздері қатар, теңдестіре қолданып, бір контекст құрайды, яғни өмір мен өлім қатар қойыла, жарыстырыла суреттеледі.