Ыбырай Алтынсарин әңгіме түрлері жанры

Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін, керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қысқа жазылған мазмұнды шағын өлеңдерінің балалар Ыбырай Алтынсарин қазақ халқында халық ағарту жұмысын бірінші рет қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз еңбек еткен жалынды патриот болды.

Мәдениеттен артта қалған сауатсыз көшпелі халықтың ауыр тұрмысына зер салып, қатты қайғырды. Орыс халқының озық мәдениеті мен ілімі қазақ даласына жағылған шамшырақ болар еді деп арман етті. Бұл арманын іске асыру үшін алдымен қазақ елінде орыс-қазақ мектебін ашу керек, орыс-қазақ мектебі мәдениет ошағының ордасына айналар еді деп, сенді. Қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин бар өмірін халық ағарту жұмысына арнайы отырып, төрт жерден уйездік орыс-қазақ училищесін аштыүшін маңызы ерекше.

Ы.Алтынсарин шығармаларының көбі балаларға арналғандықтан алдымен оның тілі жеңіл болуын қарастырды. Қарапайым, халықтық тілмен жазды. Осы кездерде, одан бұрын да қазақ әдебиетіне араласып, шұбарлай бастаған араб, парсы, татар, шағатай тілдері ЬІ. Алтынсарин шығармаларына енген емес. Діни сөздер мүлде кездеспейді.

Қазақ әдеби тілінің бір тұтастығы мен тазалығы үшін күрескен. Мұның аса қүнды жақтары осы еді, баланың ұғымына қиын тиетін бірде бір түсініксіз ауыр сөздер жоқ. Екіншіден, сөйлем орамдары мейлінше қысқа, көбіне жай сөйлемдер болып отырады. Үшіншіден, жазылған әңгімелерінің көлемі шағын. Төртіншіден, оқиға желісі шұбалаңсыз, баланы жалықтырмайтын әрі қысқа, әрі жеңіл, әрі қызықты болып келеді. Нысанаға тиетін ойларды дәл айтады, бос сөзділік, артық суреттемелер жоқ