Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері

1.Қос етек көйлек Қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің силуэті, пішімі және әшекейлеу әдістері ұқсас болғанымен, материал таңдауына, түр-түстер үйлесімділігіне және пропорцияларының әр түрлілігіне қарай айырмашылықтары болады. Бұл Қазақстанның кейбір аймақтарында қолөнер дәстүрлерінің ертедегі пішіндерінің ұзақ сақталуымен де түсіндіріледі. Әл аймақтың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты әйелдер көйлегі әр түрлі тігілгенімен, барлық жерлерінде де қыздар киімі, жас келін киімі, ересек әйел киімі кездеседі.

Қыздар киімі алтын және күміс жіптермен, майда моншақтармен әшекейленген жиектерімен, сондай-ақ алтыннан, күмістен жасалған салпыншақтарымен, қымбат және жартылай қымбат тастардан тұратын әшекейлерімен, үкі тағылған бас киімдерімен ерекшеленеді.

Қыздардың киімдері айрықша көз тартарлықтай етіп дайындалған. Өте жеңіл, ұзын көйлектердің етектерін, жеңдер аузын жағалай, жағаларын айналдыра желбіршектер салынған. Қыздар мойнының әсемдігін одан сайын әдемі көрсету мақсатында көйлектің жағасы аса нәзік талғаммен қондырылған.

Қазақ халқының киімдерін зерттеген белгілі зерттеуші Р.Ходжаеваның айтуы бойынша жоғарыда сипатталған көйлектер ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Ал, одан ертеректе қазақ әйелдері ерлер жейдесі сияқты, бірақ одан ұзындау және кең пішімді көйлектер киген. Тұрмысқа шыққан әйелдердің ашық түсті матадан желбіршекті, кестелі көйлек киюі ұят саналған, ал қыздарға қандай киім кисе де орынды деп есептелген. Жас әйелдер тығыз матадан тігілген, өте бай әрленген жеңсіздерді – көкрекшені көйлек үстінен киген, бастарына ақ матадан шаршылай қатталатын, ұштары иыққа түсетін жаулық тартқан.

Қазақтың әдет-ғұрып салты бойынша бала туған әйелдердің көйлегі қыздардың көйлегіне қарағанда етегі ұзын болған, оған желбіршек салынбаған, оның үстінен көйлек, белінің алдыңғы жағынан металдан жасалған қапсырмамен, кейде түмемен түймеленетін камзол киген. Бастарына кимешек және оның сұлама, күндік, орама түрлерін тартқан. Олар сырт көзден маңдай алды шаштарын жасырып тұруға есептеліп тігілген. Өйткені әйелдердің үйден шыққанда шаштарын екі бұрымға немесе одан да көп бұрымға өріп, ашық жерін көрсетпей шығуы тиіс болған.

Қазақ халқының киімдерінде халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан.

Қамзол — ХУШ-ХІХ ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараган үлттық киім. Қамзол туралы мэліметтер XIX ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол эрі жылулық, эрі сэндік міндет-терді атқаратын киім. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындармен (сөлкебай) эшекейленген, бойтүмар кадап, эртүрлі эткеншектер ілген.

Бір түсті қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шүға, мауыты, кейде гүлді аталар эйелдердің жас ерекшелігіне қарай таңдалған. Дегенмен, жаска қарай матаның түсі өзгеріп отырған, жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті ма-тадан, орта жэне одан жоғары жастағылар көк, жасыл, сарғыш түсті матадан тігеді. Қамзолдың үшкілдеп киық шабылған етегі кең пішіледі. Екі өңіріне, жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі, түйме орнына күміс қапсырмалар тағылады. Өңіржиек, алқа, түмарша, шолпы, моншақ, түмар, түйреуіш, үкіаяқ, т.б. алтын, күміс эшекейлер тағылады. Ер адамдар киетін қамзолдар көбіне безен-дірілмеген. Пішіміне қарай қазақы қамзол, қынай бел қамзол, тірсек қамзол деп түрліше аталады. Қамзолдың жүн тартылып, аң терісінен астарланып тігілетін түрлері де кездеседі.

2.Белдемше Қыз-келіншектер камзолмен бірге киетін тақия, етіктерінің өңдерін бірыңғай етіп таңдап киген. Алқалар, кемербелдіктер де қамзолдармен тамаша жара-сым тапқан. Әйелдердің камзолының үзындығы тізеге түсетіндей, жағасы жоқ, алдыңғы жағы омырауға дейін ойық болып, көйлектің сыртынан киілгендіктен, эсіресе түйық жағалы көйлекке үйлесім беріп түрады.Қыздар мен әйелдер көйлегін бүрмелі, тік етек, кос етек, үш етек, көп қатарлы деп бірнеше түрге бөледі. Тік етек, кең етекті көк көйлекті қарт эжелер, бүрмелі көйлекті көбіне орта жастағы эйелдер, қатарма, таспа жүгірткен бүрмелі, қос етек көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш қатпардан көп қатарма қатпарлы көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киген. Етегінің катпарына сай жеңіне де қатпар түсіріледі. Тана, шытырма, жармалар-мен сэнделеді. Көйлектер тігілген матасының түріне, мақсатына байланысты күнделікті, жиын-тойға арналған «кештік» көйлектер болып бөлінген. Әйелдер көйлегінің желке түсынан артқы жағынан түймеленетін тік жағалы түрі көбіне жас қыздар мен өрендер көйлегіне тэн болған.

Әйелдерге арналған қос етек көйлек — түрлі түсті шыттардан әшекейленіп немесе қамқа, манат, пүліш, шүға, үштоп катарлы тыстык маталардан тігілген сэнді киім. Белі қыналып, ішкөйлектін сыртынан киілген. Оған жең, жаға, бел, бүрмелі етек, қатпарлы желбір салынады. Қосетек көйлектің етегінің кеңдігі 2-3 қүлаш, биіктігі белге дейінгі өлшеммен лайыкталады. Етегін эдіптеп, кес-телейді, оқа, зермен эдіптейді. 1,5 қарыстай ені бар бірнеше қатпарлы бүрмені негізгі етектің үстіне бастырады. Бүріп бастырған тігіс үстіне зер, кесте, асыл мата жапсырып әшекейлейді.

Қамзолдардың белдері қынамал, жеңі шынтақтан ғана келетін шолақ, бүрмелі қатарма түсіріп тігілген, үзындығы етіктің сірі өкшесіне ілінердей үзын үлгілері де болады. Белдің тарылып тігілуі жастардың дене бітімін көркемдей түскен, «талшыбықтай» немесе «қүмырсқа бел» теңеулері осындай көрікті көріністен кейін айтылса керек. Қамзолдарға жең салынатын болса «жеңді қамзол» ал жеңсіз болса, төс қамзол немесе шолақ жең қамзол деп бөлген. Қамзолдың қысқа жеңдісі, иықтан сэл түскен жеңдісі немесе жеңсізі қозғалыска өте ыңғайлы, эйелдердің күні бойы үй шаруасымен айналысатынын ескерсек, бүл қамзолдар иесін суықтан қорғайды, оның үстіне оның иіліп-бүгіліп жүмыс істеуіне өте қолайлы келеді. Қамзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Қамзолдың әдетте етегі кең болып келеді. Қамзол XVIII-XIX ғ-да казақ халқы арасында кең тараған үлттық киім.