Сумоншақпен тігу технологиясы

1.Сумоншақтың шығу тарихы. Сумоншақ ең алғаш рет Египет мемлекетінен шыққан.Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін өз бұйымдарында шебер қолданып, қазақтың атын шет елдерге танытып жүрген «Кенже» сән салоны да біздің Орал шаһарында жұмыс істейді. Бұл салонның негізін қалаушы да қазақтың шебер қыздарының бірі Ақкенже Девятко. Қаламыздың орталығындағы әсем ғимаратта 2000 жылы «Кристина» атымен дүниеге келген бұл орталық 2004жылдан бері қалалықтарға « Кенже» Сән үйі атауымен жақсы таныс. Өзінің шеберлігі мен іскерлігінің арқасында бұл сән үйі 2004жылы Мәскеу қаласында «Зайцев Сән үйі» ұйымдастырған ТМД елдерінің арасындағы сән байқауына қатысып, 3-жүлделі орынды иемденді..2005жылы республика көлеміне танымал болып, Қазақстандағы ең таңдаулы сән үлгілерін жасаушылар бестігінің қатарына енуі, ал 2007 жылы Қазақстан атынан Франция елінде өткен «Үлкен Сән апталығына» қатысып, Парижде әлемге әйгілі Диор, Армани, Шанель сән үйлерімен қатар «Дала қызы» атты өз туындыларын жарқырата көрсетуі «Кенже» Сән үйінің жетістігі десек, Ақкенже Девятконың тынымсыз еңбегінің арқасы екені айқын.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да өз жазбаларында тоқталып кеткен.. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» — деп жазады. Шынында қарапайым қазақ қызының қолынан шыққан сән үлгілерінің 2008жылы Америка Құрама Штатында да көрермендердің ризашылығына бөленуі «Кенже» сән үлгілерінің Сән әлемінде мойындалуы деуге болады.

2.Сумоншақтың түрлері,қолдану аясы. Сырмақ – деп ақ және қара түсті қой жүнінен басылған киізді пайдалана отырып өрнектерін бірдей қылып ойып, безендіріп, жүн жіппен сырып тігілген төсенішті айтамыз.

Текемет – қой жүнін түрлі – түсті бояуларға бояп, илеп, басылған төсенішті айтамыз.

Тұскиіз – жарға ілуге арналған, бархыт матасынан ою – өрнектерді қиып, киізге көмкеру арқылы тігіп жасаған.

Берілген схема арқылы өрнек элементтерін орналастыру бағытын интерактивті тақтаға сызып көрсетемін.

Сырмақ түрлерін бейнелеуде оқушылар мынаны естен щығармау керек:

— Өрнек элементтерін симметрия осьтерін ескере отырып салу;

— Өрнек элементтерін бояй отырып, суреттің түстік үйлесімін табу;

— Өрнектердегі контраст түстерді сауатты пайдалану;

— Көмекші сызықтарды қатты баспау; Қымыз құятын саба, сүйретпе, торсық, көнек, бұлқыншақ сияқты ыдыстар жылқы терісінен жасалады. Этнографиялық әдебиеттерде саба туралы көп жазылғанымен, бес биенің, одан да көп жылқы терісінен істелген алып сабалар жөнінде өте сирек кездеседі және зерттелмеген. Ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.