1.Коллаж өнері туралы түсінік. Жапсырмалау жұмысы техникасы туралы түсінік. Бөлменің төбесіне өрнектеуді орындау технологиясы. Түйе мойын және оның композициялық құрылымы. Сыйлық бұйымдарын орындау технологиясы. Оқушы тазалығы. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын әзірлеуге кететін материалдар мен уақытты үнемдеуге үйретеді, жұмыс күшінің шығыны, бұйымның сатылу бағасы мен өзіндік құны туралы мағлұмат береді, білімі мен іскерлігін шыңдайды. Жапсырмалау дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық- кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгеру.Мазмұны
1 Материалдары
1.1 Саз
1.2 Пластилин
1.3 Металдар
1.4 Тас
2 Жапсырмалау тарихы
3 Жапсырмалаудың қарапайым әдістері
4 Тәсілдері
4.1 Пластикалық тәсіл
4.2 Конструктивті тәсіл
4.3 Аралас тәсіл
5 Сілтемелер
Ол шапшаң кебеді, пішінін сақтайды, икеліге көнгіш, белгілі беріктілігі бар, кез-келген бояумен бояуға болады. Саз-шөккен тау жынысы (порода). Сумен араласқанда жабысқыш және қалыпқа түседі. Саздан жасаған мүсінді ары қарай өңдегенде оларды күйдіреді. Күйдіру мүсінді мықты, әрі берік қылады.
Пластилин — жасанды пластикалық саз массасы, балауыз (воск), май (сала) және басқа да заттар қосылады.Ол жұмсақ, илеуге тез көнеді, бірақ баяу кебеді. Нәрселерді жапсырмалауға әр уақытта дайын. Жапсырмаланған дене деформацияға (созылмайды) ұшырамайды. Бірақ пластилинмен жұмыс жасағанда, ол балалардың қолына жұғады, күйдіруге келмейді. Бірақ бұлардан (саз, балауыз, пластилин) жасалған мүсіндер тез тозады, сондықтан көбіне гипстен көшірме жасалады. Мүсін жасар алдында болашақ образдың қаңқасы темірден, ағаштан, сүйектен жасалады, соған аталған материалдың бірін жапсыру арқылы мүсінші ойындағысын жасайды. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушысы Д. Вазарий пластилиннің орта ғасырда пайда болғандағын дәлелдейді. Қатқыл пластилин жасау керек болса, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады.
Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, пластмасса, сұйық (ерітілген, араластырылған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді.
Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.) ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың ішіндегі қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас мүсін қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т.б.) қолданылады.
«Палеолит» термині (гректің «палайос»-көне, «литос» тас) деген сөзі, көне тас ғасыры. Палеолит әйелдерінің жүз елуден астам статуэткасы әр елден, ал оның едеуір бөлігі Ресейден табылды. «Мезолит»- орта тас ғасыры (шамамен б.э. 12-18 мың жыл), неолит ғасыры-өңделген тас ғасыры. Мезолитте көп кескінді композициялы өнер туындады, онда адам енді басты роль атқарады. Эрмитажда жоғарғы палеолиттің Сибирьдегі аңшылар жұртынан табылған азу тістің кішкентай сынығындағы малеонттың ойып салынған суретін қараңызшы. Бұл бейне аңның бүкіл қуатты тұлғасы соншалық жақсы айқын берілген десеңізші! Ласко, Альтамир және басқа көптеген үңгірлерде табылған өнер шоқтықтары осылай туған. Европада архитектураның алғашқы монументтер мегалиттік деп аталатын алып тастардан салынған ғимараттар болды. Олар – тас тақтадан жасалған төртбұрышты құрылыстар, кейде рельефпен көмкерілген тік бағандар. Жаңа тас ғасырында адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйренеді. Керамиканың пайда болуы-неолит дәуірінің негізгі белгілерінің бірі, оны кейде керамика-ғасыры деп атайды. Бұған дейін адам табиғат тек дайын күйінде бергенді пайдаланды: сазды күйдіре отырып, ол жаңа, табиғатта белгісіз материал жасады. Керамика эстетикалық сезімнің дамуына зор ықпал етті, өзі жасаған ыдыстарды шытырман әшекейлеп, өзінің шығармашылық шабытынан туындаған барған сайын геометриялық сымбатымен, бояулар мен сызықтар ырғағымен ерекшеленіп, осы өнерін біртіндеп жетілдіре берді. Керамиканы ертеректе адамдар құрылыс материалы ретінде пайдаланған, кейінірек одан сәндік бұйымдар дайындай бастады. Керамикадан да мүсін жасалынады. Ол үшін саздан істелген мүсінші үлгілері арнайы пештерде күйдіріледі, түрлі-түсті жылтырақ (майолина, фаянс, фарфор, кейде бисквит деген түрі) жалатылады. Пластилиннен не саздан үлкейтіліп көшіріледі. Кейінгі кезде тұзды керамика өте кеңінен қолданыла бастады. Оны тұзды қамырдан жасайды. Ұнмен тұздың тепе-тең пропорциясынан жасалынады, әрине бұл массаға су қосылады. Сөйтіп бір текті масса алуға болады. Бұл массаны жақсылап араластыру керек.
2.Аппликация өнері.
Бұл масса жұмсақ, әрі қолға жұқпауы керек. Тұзды керамикадан жасалынған мүсін өте ыңғайлы, нәрсенің пішінін сақтай отыра кебеді. Бұл нәрселерді де саздан жасалған мүсіндер сияқты күйдіріп кептіруге болады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланылады. Совет мүсіншісі Коненков және В.Мухина не бір әсем шығармаларын ағаштан қашап жасаған. Мысалы: «Орман адамының мүсіні». Бірінші Петрдің ескерткішін атақты фрацуз мүсіншісі Этьен Фальконе жасаған. Оның шәкірті мүсінші әйел Мария Калло
Домалақтау (скатывание)-бір кесек материалға шар типтес пішін береміз, оның беті тегіс болуы керек. Бір кесек материалды алақанымызға саламыз және ақырындан шар пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақ.Бір кесек пластилиннен биіктігімен ұзындығын қызанақтың үлкендігіне сәйкестеп алып, шар пішініне келтіреміз. Екі жақ бетіне шұңқырлап жасап қызанақтың пішініне келтіреміз. Тегістеу (раскатывание)-бір кесек материалды жұмыртқа пішініне және цилиндр баған пішініне келтіреміз.Жаңағы кесекті алақанымыздың арасына салып, алақанымызды арлы-берлі қозғаймыз, сонда бір кесек материал цилиндр пішініне келеді. Жұмыртқа пішініне келтіру үшін, алақанымызды көлбеулеу ұстап, арлы-берлі ыспалаймыз. Мысалы, сәбізді жапсырмалағанда домалақтап аламыз да, оны жұмырлаймыз, одан ыспалау арқылы ұзын конус аламыз. Сонда сәбіздің пішіні шығады. Жаймалау (сплющивание)-бір кесек материалды бірқалыпты алақанымыз арасына салып қоямыз, сонда тығыз пішінді материал пайда болады.Осы шарды алақанымызбен не саусағымызбен жаймалаймыз, шелпек пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақты (помидорды) жасау үшін, оны алдымен шар пішініне келтірдік емес пе, одан кейін нәрсенің пішінінің белгілерін сипаттадық, яғни оны жаймаладық. Шымшу (пришипывание) — жапсырмалау кезінде ұсақ детальдарын жасау үшін қолданылатын әдіс. Үлкен кесектен қатты шымшу арқылы, екінші деталь жасалынады. Мысалы, клюкваны жапсырмалағанда, құйрығын жасау үшін шымшу және тарту (оттягивания) әдісі қолданылады. Егер пластикалық материалдың бір бөлігін шымшу арқылы тартып алып, оны өзімізге қарай соза тартсақ, және одан нәрсенің бір бөлігін жасасақ-бұл әдіс тарту деп аталады (оттягивание). Үтіктеу (заглаживания)-жазық, тегіс беттерді кескіндеу үшін, үстіне мата салып саусағымыздың ұшымен тегістейміз. Саусағымызды арлы-берлі қозғау арқылы тегістейміз. Нәрсенің бетін аздап суланған мата арқылы, матаның сыртынан тегістейміз. Бұл әдіс нәрселерді бір-біріне қосқан кезде, жұмысты аяқтау кезінде қолданылады.
Күрделі құрылымдарға пішін беру үшін, көбіне саусағымызды пайдаланамыз. Бірнеше бөлімдерден тұратын (адамның фигурасы және жан-жануарлардың) нәрсеге пішін беру үшін, мынадай бірнеше тәсілді пайдалануға болады. 1.Пластикалық тәсіл 2.Конструктивтік тәсіл 3.Аралас тәсіл
Пластикалық тәсіл
Бұл тәсілде тұтас бір кесек саздан, пластилиннен, не тұзды қамырдан жасалады. Бұны-«скульптуралық» тәсіл деп атайды. (Бала бақшада (пряник) тоқаш нан, алма, лимон, сәбіз, тәрелке т.б. жасауға болады.). Бұл күрделі тәсіл. Бұл тәсілде сол нәрсе туралы нақты мағлұматың болу керек, оны көз мөлшеріңмен байқап, дұрыс жасайтындай дәрежеде болуың керек. Мысалы, бір кесек пластилиннен үйректі жапсырмалайық. Кесек пластилинді шар пішініне келтіреміз, одан кейін оны жұмыртқа пішініне келтіреміз.Пластилиннің сүйірлеу жағын саусағымызбен ұстап мойнын және басын жасауға тырысамыз. Алынған форманы жеке – жеке өңдейміз.
Конструктивті тәсіл – мүсін жеке-жеке бөліктен жасалады. Мысалы, қуыршақтың денесін (кеудесін) конус типтес етіп жұмырлаймыз, ал басын шарик сияқты, ал аяғымен қолын баған тәрізді етіп жасаймыз. Бас киімін, жағасын және тағы басқа ұсақ детальдарын жапсырмалаймыз. Басына бас киім кигіземіз, істек (стек) арқылы көзімен аузын, кішкене шардан мұрнын жасаймыз.
Бұл тәсіл-пластиналық тәсіл және конструктивті тәсілдің қосындысы. Нәрсенің негізгі бөлігін бір кесектен жасайды. Мысалы, пүліш аюды алайық. Үлкен кесектен денесінің пішінін жасаймыз. Кішкене кесектен басын домалатамыз. Басынан құлақ, мұрынды созамыз. Тағыда екі кесектен аяқ-қолын жасаймыз да, оларды бір-біріне жапсырамыз.
СілтемелерТері өңдеу, ұқсату
Теріні құрымға салу, ысқа ұстау .Торсық (саба, көнек…) жасау.Тері илеу.Тері бояу.Былғары өңдеу: көксауыр, былғары.Саптама.Шоңқайма.Көк етік. Кебіс.
Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.
Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін — жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.
Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2—3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.
Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. Тігіліп дайын болған торсықты (сабаны, көнекті) өзен судың жағасына апарып, ішіне ыстық құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4—5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші тысын тұздалған сармаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға әзір тұрады. ЬІстық орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені 40—45 см, тереңдігі 35—40 см, ұзындығы 10—15 м жыра қазылады. Мұның жар не апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның өн бойының екі жақ қабырғасына кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалытқыларда бөгеледі де, шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып қояды.
Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т. б. шөптерді қоса жағады. ЬІсты әдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін. Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5—6 айға дейін жібімейді де, дымдаңбайды да, көгермейді де, өңезденбейді де. Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет.