Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың біріСапарғали Ысқақұлы Бегалин1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар тұлғасын, туған жердің сұлу көркін шабыттана жырлаған «Қыран кегі», «Цимлян теңізі», «Таңдамалы», «Сырлы қайнар» т.б. өлеңдер мен поэмалары жарық көреді. Жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп, оларды отанды сүю рухында тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз», ІІІ томдық таңдамалы шығармаларының жинағы т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, «Замана белестері» атты романы жарық көрді.
Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.Повестегі басты кейіпкер — Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады.Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді.Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады.