Түскиіз жасау технологиясы

1.Түскиізге арналған материалдар. Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген«далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан.Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы.Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек қонақ үйі болады. Оның жасау жабдығында күнделікті қолданылып жүргендердей емес өте сәндікпен безендірілген бұйымдар тұтылған. Тұсқа айшықты түс киіз ілінген. Түс киіз-қазақтың халық шеберлерінің тағы қатты көңіл бөліп, сәндеп безендірген бұйымдарының бірі. Түс киізді де киіз үстіне ақ, қара, қызыл өрнектер салып дайындаған.Оның көлемі көп жағдайда тік төртбұрыш болып, керегеге тұтастай тұтуға жетерлік болған.Түс киіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанмен керегеден суық ұрмас үшін жылулық қасиеті тағы қатты ескерілген.Сондықтан да оны да қалың киізден жасап, үстінен әдемілеп, көркемдеп мәнерлі өрнек түсірген.

2.Түскиіздің жасалу технологиясына байланысты бөлінуі. Түскиіз — үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі. Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады. Ертеректе Түскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Түскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің («мүйіз», «гүл», «жапырақ», «шырмауық», «түйетабан», «алқа») ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау арқылы түрлі-түсті жіппен (ішінара меруерт, маржанмен) тігіледі

шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.