- Қазақ халқының мал шаруашылығы.
Тері мен жүн шетелде өте жоғары бағаланса да Қазақстанда бұлардың өндірілуіне енді ғана мән бере бастады.
Ауыл шаруашылығы саласының жағдайы жыл өткен сайын жақсара түсуде. Шаруа қожалықтарында да, жеке меншікте де төрт түліктің басы көбейіп келеді. Малдан өндірілетін ет пен сүт өнімдері де соңғы кезде екі есе артқан. Ал қазір мал басы құнды, ет қымбаттады десек те, жүнді қабылдайтын орын жоқ. Семейде киіз және киіз өнімдерін шығаратын «Роза» ЖШС-і бар. Бірақ бұл кәсіпорын облыс бойынша бір-екі ауданның ғана шаруашылықтарының жүнін қабылдай алады. Теріге келсек, бұны қаладағы «Семей тері-былғары зауыты» ЖШС-і қабылдайды. Бұрындары ауылдардан жеткен терілер тұздалмаған, қалай болса солай келетіндіктен қабылданбай қалады екен. Енді бұл олқылықтың орны толып, зауыт облыстың аудандары үшін бір жыл бойы үздіксіз тері қабылдайтын қойма ашып қоймақшы. Бұған жергілікті халықтан жұмысшылар тартылады. Жұмысшылардың терінің сапасына мән беріп, талғай алатын, мал өнімдерімен жұмыс жасай білетін сауаты болу керек. Ауылдан келетін адамдар әкелген терілерін осында өздері саудалай алатын болады.
Қазір ветеринария, зоотехника ғылымдарының дамыған уақыты. Шаруашылық иесі өзінің ірі қараларын оқыраға қарсы ектіріп алса өте жақсы. Бұндай малдың терісімен қоса сүті мен етінің де сапасы артары сөзсіз. Қожалық иелері осындай мәселелерді ескергендері дұрыс, — дейді Ж. Рахымғалиев.
Қазір шетелдерде тері өңдеу технологиясы өте жоғары дамыған. Базарлар мен дүкендердегі Түркия тондары сұранысқа ие. Шетелдік кәсіпкерлер шикізатты арзан бағаға сұрайды. Тері мен жүнді жерге тастай алмаған халық шикізатты арзан бағаға өткізе салуға мәжбүр. Сиыр терісінің килограмы 500 теңгеден өтті делік. Одан көрші елдің кәсіпкерлері 5-6 аяқ киім жасап, әрқайсысын өзімізге 8-10 есе қымбатқа сатады. Сөйтіп шетелдіктер шикізатты бізден өте арзан бағаға сатып алып, өздерінің экономикасын жандандыруда. Шығыс Қазақстан облысы да бұндай ауқымды мәселелерден сырт қалмақ емес. Осы орайда Семей тері-былғары зауытының алдына қойып отырған жоспарлары өте үлкен. Ең бірінші, жоғарыда айтып өткеніміздей тері қабылдайтын қойма ашылуы тиіс. Ол үшін «Семей тері-былғары зауыты» ЖШС-нің жанынан мал терісін түбегейлі өңдейтін жаңадан тағы бір кешенді зауыт құрылысы басталған. Болашақта бәсекелестікке төтеп бере алатын сапалы тондар, аяқ киімдер, тері бұйымдарын әзірлеп, сатылымға шығару жолға қойылады. «Қазақстан Даму банкі» қаржыландырылатын жобаға 56 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Жобаны жүзеге асыру өткен жылы басталғандықтан қазір қаражаттың 50 пайызы игеріліп, өз мақсатына жұмсалған. Бірінші кезеңі биыл жазда толығымен аяқталып, құрылыс жұмыстары бітуі тиіс. Яғни ірі қара терісін өңдейтін зауыт жаз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазақ халқының түрмыс-тіршілігінде малдың етін, сүтін азық етсе, і мен жүнін киім-кешек тігуге, түяғы мен мүйізінен, сүйегінен эртүрлі қол бүйымдарын эзірлеген.
Төрт түлік малдың терісі өте қымбат шикізат. Соның ішінде ірі қараның те сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бүзау терісі деп төртке бөліп атаған.
Жылқы терісін — бие терісі, жабағы жэне қүлын терісі деп үшке бөледі. терілерін атан терісі, бота терісі дейді.
Мал терілері негізінде жондық, қабырғалық, үйектік, пүшпак мойын, та деген бөліктерге бөлінеді.Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, т тері, тоқтышақ терісі, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбысқа деп бөледі.
Жабағы — қой-ешкінің сәуір, мамыр айларындағы жабағы жүні, қопсыл қалың түбітті терісі.
Қырықпа — жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған малдың сұйық жүнді терісі.
Күздік тері — қазан, қараша айларында сойылған малдың өңі қалың тері:Бұл теріден тон, шалбар, ішік, бөрік тігуге болады.
Соғым терісі — жүндес, қыртысы қалың мықты терілер. Олардан киімнің барлық түрлерін тігуге болады. Қой жүндерін иіріп, сүйектен тебен ине жасап, бастарына бүркеніш, үстілеріне жаға, жеңсіз тері киім, белге орайтын алжапқыш, аяққа тартатын тері шақай сияқты біршама түтас тері киімдерін тіге білді.
Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болған.
Еңбек бөлінісі күшейіп, адамдар мал, аң терілерін илеп мәнерлеу, жүн иіру, тоқыма тоқу, бояу жасау, тас күйдіріп металл өңдеуге қол жеткізген заманаларда киім-кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әй
2.Қой жүні және одан жасалынатын бұйымдар. Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты – жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. елдер үшін ерекше өнер санаған.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
- Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
- Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
- Мамандықты таңдауға дайындау
. К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа жәнеҚазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз би «Кер құла атты Кендебайдағы» Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.