1.Күні ұзартылған топтарда жұмысты ұйымдастыру және жұмыс режимі.Өзін-өзі дайындауды ұйымдастыру
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде : оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көһзқарастары, олардың өөзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда . Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш- мұғалім – оқушы –ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демеократиялық қарым-қатынасқа ие болуда.
Мектептің ата-аналар мен жүргізілетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынанкөрінеді. Бұл тұрақтылықты ең лдыменсынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.
Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналары мен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.
Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналар мен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
- баланың өмірінұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;
- баланың отбасы мен мектепжағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда.
- Баланың әлеуметтік- педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
- Баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
- Баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;
- Балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда , әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;
- Сынып жетекшісі , оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл күйін, өзара жағымды түсінік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда.т.с.с.
Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сыныпжетекшісінің негізгі міндеттері.
- Ата- аналар мен тұрақты байланыс орнату.
- Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
- Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет.
Ата-аналар мен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.
- Ата-аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұны мен және әдістемесі мен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатсыты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.
- Ата-аналар мен педагогикалық және психологиялық ағарту жұқмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиядық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағымінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді.
- Ата-аналарды балалар мен бірге әрекетрке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарудыкөздейді.
- Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындапотырғанмәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл лкеңес беру.
- Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-анлардың әртүрлі қоғамдықұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелікорта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерінұдайы көтеріп отыруықажеттілігін өздері түсінуітиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналар мен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытындұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Ата-аналадарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналар мен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты.
2.Дем алуды ұйымдастыру. Бос уақыт күні ұзартылған топтардың, мұғалімдердің және сынып жетекшілерінің тәрбиелік өзара іс әрекеті.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтары мен таныстыру, ой қорыту.
Мұғалімдердің басшылығы мен оқушылар- көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-анлар алдында өнер көрсетеді.
Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы ата- аналар комитеті,ол мектеп ұжымымен бірге жұршылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шарларын жасайды, оларды іске, асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады.
Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-анларбелсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдіс мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер жәнедәрістер өткізіледі Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері менмүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектепжайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістердеүлкен мән беріліп. Оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігіата-аналарарасында дұрыс насихатталуы керек.
Конференция кезінде көрме ұйымдастырлып, отбасылық тәрбиетақырыптарына түрлі экспонанттарды көрсетуге болады. Олар ата-анлардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режімі, отбасы тәрбиесі туралыжасалған баяндамалардың мәтіні,тележәне кинофильмдердің тізіміт.б.Конференциясоңындабала тәрбиесіне байланысты фильм көрсетут.б.
Обылыстық мұғалімдербілімін жетілдіру институттары мен обылыстық педагогикалық білім қоғамы лекторилердің бағдарламысын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, мынандай тақырыптарды ұсынуға болады.:
- Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардың бірлігі.
- балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.
- Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік- отбасылық өміргедайындау.
Дегенмен де мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыстаңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағадайды ескеру қажет.
- Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатыныстың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.
- Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.
- Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау, және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.
Мұғалімдердің ата-аналар мен қарым қатынастында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы