- Педагогикалық ынталандыру Жастардың білім, білікдағдыларынқоғамдықіскебейімдейтін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын қоғамдық ұйымдардың бірі-«Болашақ»балалар ерікті ұйымы. Бұл ұйым ережесін Ы.Алтынсарин атындағыҚазақтың Білім академиясының этнопедагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі лабораториясы қызметкерлері даярлаған.
«Болашақ» атты ерікті оқушылар ұйымының жарғысы.
«Болашақ» атты ерікті оқушылар ұйымы мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі, өсиетті, бизнесті сүйетін, жан-жақты жетілген, іскер азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым. Бұл ұйымнын мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруге аянбай еңбек етеді.
Ұйымның басты міндеті-оқушыларды егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адал да әділетті, іскер де белсенді қайраткер етіп шығару. Сөйтіп, оқушы жастардың шығармашылық іс-әекеттерін жеке басының қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге саяси көзқарыстарын қалыптастырып, өмірге белсенді түрде араласуға, Отанның қауіпсіздігін қорғай білуге, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған азамат даярлау. Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді. Сол мақсатта жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымының қолдауына сүйеніп, демократиялық негізде белсене қоғамдық істер атқаратын болады. Сөйтіп, бүгінгі оқушы жастардың келешек бизнесмендердің, өндіріс басшыларының, халық депутаттарының әскери және саяси қоғам қайраткерлерінің шығуына мүмкіндік туғызады.
«Болашақ» ерікті ұйымының мүшелерінің міндеттері мен құқығы. «Болашақ» оқушылар ұйымына ерікті түрде мүше болам деп тілек білдіруші ұйымның жарғысын мойындайтын және оны мүлтіксіз орындайтын, егеменді еліміздін дамуына өз үлесін қосуға даяр, тәртіпті және сабақты толық үлгеретін 6 жас пен 17 жас арлығындағы 1-11 сынып оқушылары өз еркімен мүше бола алады.
Ұйымға мүшелікке қабылдау жыл ішінде 2рет өтеді:
1-Қазақстан Республикасының құрылған күні-25 қазан,
2-жыл басы-22 наурыз. Ұйым мүшелерінің міндеттері:
-Қазақтсан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (Туын, Ән ұранын, Елтаңбасын) құрметтеу және оны қорғауды міндетім деп санау.
-Ұлттық тарих пен өнерді, сондай-ақ әлемдік өркениеттік мәдениетті, ғылым, білімді жан-жақты оқып меңгеруге және оның күнделікті өмінде қолдана білуге дағдылану, компьютерлік техниканы меңгеру;
-Мемлекеттік қазақ тілі мен ұлтаралық қатынас тілін оқып үйрену;
-Нарықтық қатынас талабына байланысты бір шет тілін оқып үйрену;
-Спортпен күнделікті шұғылданып, темекі анаша тарту, дөрекілік мінез таныту сияқты жат қылықтардан аулақ болу, салауатты өмір үшін күресе білу;
-Отанның, туған жердің байлығы мен табиғатын сақтауға, тарихи ескерткіштерді қорғауға және оны байытуға белсенді ат салысып, үлес қосу;
-Жеке бастың мәдениеттілігін, әдептілік пен кішіпейілділікті сақтау, жолдас-жорасын, ата-ананы, ұстаздардың, үлкендерді құрметтеу, қоғамды ізгілендіру үрдісіне, өз үлесін қосу;
-Оқуда қоғамдық істе, еңбекте үлгі көрсету, қоғам мүлкін сақтау, жолдас-жорасын, ата-ананы, ұстаздарды, үлкендерді құрметтеу;
-Болашақ мамандықты игеруге, бизнеспен айналысуға, күнделікті тұрмыста үнемшілдік заңдылығын сақтауға бейімдеу;
-Жергілікті жердің өнер қайраткерлерімен Соғыс және Еңбек ардагерлерімен, спорт шеберлерімен кездесіп, туған елдің, өнер мен еңбектің өткені, бүгіні және болашағы жайында әңгімелесіп, тарихын жинау және оны жақсы білу;
-Өз халқын және туысқан халықтырды құрметтеу, олардың тарихын, өнерін, салт-дәстүрін үйрену;
-Қарттар, кемтар, ауру адамдарды қамқорлыққа алып, өз көмегін көрсету, сондай-ақ өзінен жасы кіші іні, қарындас, сіңлілеріне қамқорлық жасау;
2.Педагогикалық талап тар «Болашақ» оқушылар ұйымының әр оқушының мүше болу болмауы өз еркінде. Егер ұйымының жұмысы оқушының талап-талғамын толық қанағаттандырмаса, онда мүшеліктен кез-келген уақытта бас тартуға ерікті.
— Оқушы «Болашақ» оқушылар ұйымының бірінші сатысына бірден мүше бола алады;
-Ұйымның байқау ісіне белсене қатынасуға, оның баскару органдарын сайлауға және сайлауға ерікті;
-Ұйымның жиындарына қатысып, өз пікірін білдіруге және ұйым мүшелерінің көпшілігі мақұлдап қабылданған шешімдерді іске асыруға ерікті,
-Өзінің тілек-пікірін, ұсыныстарын ұйымның басқару органдарына ауызша және жазбаша хабарлауға ерікті.
-Ұйым мүшелері өзі сүйген спорттың немесе көркөменер түрлерінің шығармашылық бағыттарына қатынасып, өз бойындағы таланты мен іскерлік қабілетін көрсете алады.
-Оқушы сабақта толық игеретін болса және өзі қаласа, шығармашылық бағыттың 2-3 түріне қатысуға ерікті.
«Болашақ» оқушылар бастауыш ұйымының ұйымдастыру тәртібі.
«Болашақ» атты ерікті ұйымның құрылымы 3 сатыдан тұрады.
1-саты: 1-4сыныпоқушыларынқамтитын»Балдырған» атты саты. Оған6-9жас аралығындағы оқушылар ене алады.
2-саты: 5-9сынып оқушыларын қамтитын «Ұлан» атты саты. Оған 10-15 жас аралығындағы оқушылар ене алады.
3-саты:10-11сыныпоқушыларынқамтитын»Мұрагер» аттысаты. Оған16-17жас аралығындағы оқушылар ене алады.
«Болашақ» оқушылар ұйымының ән-ұраны: «Менің Қазақстаным»
Әр саты мүшелері тағатын төс белгілері бар.
«Болашақ» оқушылар ұйымының «Балдырған», «¥лан», «Мұрагер» атты сатыларынәр сыныптың белсенді, іскер оқушыларынансайланған5-7 адамнан тұратынкомитет баскарады.
«Балдырған» сатысынын ережесі.
Балдырған сатысы- бастауыш мектеп оқушыларының басын біріктіретін қоғам. Ұйымдағы тәрбие жұмысы от басымен, шығармашылық бірлестіктерімен дене шынықтыру, өнер үйірмелерімен және басқа да ұйымдармен бірлесе отырып іске асырылады.
Бастауыш мектеп оқушыларының басын біріктіріп, жүйелі және үздіксіз тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қоршаған ортаға, ата-анасына, туған-туыстарына, достарына, ұстаздарына және басқа да ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып, ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымыздан нәр алған саналы оқушы тәрбиелеу. «Балдырған»сатысынын міндеттері. -Отанға, туған елге, тілге, ұлттық рәміздерге деген құрметті қалыптастыру. -Ата-ананы құрметтеу, көмектесу, сыйлау. -Қоршаған ортаны аялайды, күтеді, гүлдендіреді.
Алдыңғы қатарлы оқушы болуға ұмтылады. -Жасына сай білімді тиянақты меңгереді. -Жас және дене ерекшеліктеріне сай еңбекпен айналысады, денесін шынықтырады дамытады.
Аталған міндеттерді және 1-4-сынып оқушыларына арналған ережелерді орындауға тырысатын оқушылар «Балдырған» сатысына мүше бола алады. «Балдырған» сатысына мүше болып кіру оқушының өз еркіне байланысты. Оқушыны «Балдырған» сатысына қабылдап алу комитет мүшелері, бастауыш сынып мұғалімі, топ жетекшілері және «Балдырған» сатысының мүшелерінің бірлесе отырып шешкен шешіміне байланысты жүзеге асады.