1.Сенім. Ақпараттық мәні және оқушыларды сендірудегі тиімділік шартыЖеке тұлға әр түрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады. Іс-әрекет -айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретін ең маңызды форма.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге қажетті білім, іскерлік дағдысы қалыптасады.
Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса ұжымның беріктігі соншалықты мықты болады. Әрбір іс шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор болуға үйретеді.
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттеоқушылар алдарынақойғанмақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды ұйымдастырады. Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалынбайды, ұйымдастырылады. Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады.
1 .Еңбекке баулитын-шығармашылық іс. Оның негізгі максаты-айнала қоршаған орта туралы балалар білімін молайту қуанышты өмір негізгі еңбек екендігіне балалардың сенімін, көзқарасын қалыптастыру, еңбекті өз еркімен, шығармашылықпен істеуге үйрету.
. Танымдық қабілеті мен білімді дамытатын шығармашылық іс. Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған, анықталмаған беймәлім нәрселерді, жұмбактарды ұжымдық түрде береді. Танымдық шығармашылық іс оқушылардыңбілімге ұмтылуын, табандылығын, байқағыштығын шығармашылық ойлауын, рухани байлығын дамытады.
Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс. Бұл шығармашылық іс мақсатты түрде балалардың эстетикалық талғамын дамытып, өнерге деген рухани мәдениетін көтеріп, жан дүниесін байытады.
Спорттық шығармашылық іс. Спорттық шығармашылық шараларды басты тәрбиелік мәні балаларды спорттық сауықтыру шараларына, дене шынықтыру сабақтарына көзқарасын дамытып, қоғамның шыныққан мүшесі болуға дайындау. Спорттық шығармашылық іс шапшаңдық, ептілік шыдамдылық, батылдық, ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.
Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың мынандай маңызды жақтары бар.
- Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.
- Оқушылардың ойлауын қиялын дамыту.
3.Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету.
- Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып, өзіне деген сенім туғызу.
5.Оқушыларды әр түрлі өнер саласына баулу.
6.Оқушылардың күлкі, юморлық сезімдерін дамыту.
- Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.
2.Ізденушілік жұмыстарының мазмұны және он ұйымдастыру Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатынасуына, іздеуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзінің ой жүйесін ендіріп, бала психикасына әсер етеді. Әрбір педагог өз тәжірибесімен бала күш-қуаты шығармашылығын біріктіруі кажет. Ұжымдық шығармашылықты ұйымдастыру алты кезеңнен тұрады.
1-Кезең-күні бұрынғы ұжыммен жұмыс. Бұл алғашқы әңгімелесу түрінде өтеді. Әңгіменібалалардықызықтыпайдалыіскежұмылдырумақсатыменмұғалім жүргізеді. Нені қалай істейміз? Кім ұйымдастырады?
2-кезең-ұжымдық істі жоспарлау. Жоспар шағын топтарда жасалынады, оның шешімі жалпы топқа жарияланады, топта бекітіледі.
3-кезең-ұжымдық шығармашылық істі әзірлеу. Әзірлік орталығын құру үшін уақытша ұйымдастырушы орган іс кеңесі сайланады. Кеңесшілері ата-аналар, педагогтар бола алады. Кеңестің мақсаты жоспарды іске асыру үшін, оны нақтылау, әзірлікке бақылау жасау.
4-кезең-ұжымдық шығармашылық істі өткізу. Бұнда ұжымдық жоспар іске асырылады. Бұл кезең әр түрлі құпия-қызықтарға, таңғажайып жағдайларға толы болады.
5-кезең-ұжымдықшығармашылықістіңқорытыныдсыншығару.Ұжымныңжалпы жиынында өткізілген істің қорытындысын шығару.
6-кезең-шығармашылық істің әсерін бақыладық.
Оқушылармен ұжымдық шығармашылық шаралар, сайыстар өткізу болады. Бұл шаралар ұжымдық түрде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді.