- Қой етінен жасалатын тағамдар. Қазақ халқы өзін ежелден еншісі бөлінбеген ел санайды, оның есігі қонақ үшін әр уақытта айқара ашық және бар тәуірін қонағына сақтаған. Екі-үш қонақ көрпесі, екі-үш қойы қорада тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей деп санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні “ шық бермес Шығайбай” деп атаған. Қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонағасының жай-жапсарын жетік білу – ата-бабамыздан қалған аса қатерлі салтымыз әрі дәстүріміз.Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар,қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу.Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді малдардан алынатын өнім түрлері болған.Қойдың етін алдын ала жуып, салқын су құйылған қазанға тұтас салады да, отты басыңқырап қойып, бабымен қайнатады. Бір қайнаған соң көбігі алынады да, одан әрі ауық-ауық сапырып қояды. Сонда көбігі тарайды. Ал еттің бар маңызы сол көбігінде болады.Ет қайнап жатқанда оған салынатын қамыр дайындалады. Олүшін еленген ұнды шұғыл ыдысқа салып, аздап су құяды да, шикі жұмыртқа қосып, қамыр илейді.Содан кейін дөңгелектеп күлше қалпына келтіреді де , әлгі қамырға 30-40 мин табақ төңкеріліп қойылады. Сонда қамыр көтеріледі. Қамыр көтерілді-ау деген кезде оқтаумен жұқпалап (1-1.5 мм) жазып, 9х 8 см мөлшерінде төртбұрыштап кеседі.Сорпаға сол жайылған қамырды салып алады.Содан соң піскеннен кейін сол пішінін бұзбай, табаққа салып, құрметті қонағына немесе отбасының үлкеніне кескізеді.Еттің пісуіне 30 мин қалған кезде картоп салады.Картопта етте піскеннен кейін бөлек ыдысқа салып алады..Сақиналап туралған пиаз немесе көк пияз салып тұздақ жасайды да бұрыштап, бетін жайпақ шағын тәрелкемен жауып бұқтырады.Барлығы піскеннен кейін барлығын үлкен табаққа салып қонақың алдына қояды.
2.Мәнті,қазақша кеспе,қой еті қуырдағы.
Дастарханға қойылған тағамның қалай пісріліп дайындалғаның, сүйкімділігі мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. Сүйкімді әрі дәмді даярланған тағам көзді қызықтырып қана қорймайды, тәбетті шақырып, асқазанға шырын бөледі, сөйтіп тағамды қорытатын ішкі жүйенің барлығы асты «қабылдауға» дайын тұрады. Тағам ауызға түсісімен-ақ, ас қорытатын ағзалар дереу қызметке кіріседі, соның нәтижесінде белоктар, майлар, көмірсулар жақсы сіңеді. Сондықтан даярланған тағамды дастарханға кастрөлмен немесе табамен әкеліп қоймай, әрқайсысын жеке-жеке тәрелкеге салып, үстіне петрушка, аскөк, балдыркөк, салат жапырақтары сияқты көкөністермен сәндеп әкелген жөн. Тағамды өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу – зиян. Ыстық тағамның температурасы – 50-60 градус, салқын тағамдыкі 10 градустан төмен болмауы тиіс. Тағамды белгілі бір реттілікпен ішіп-жеу керек. Әдетке айналған дәстүрді бұзудың қажеті жоқ. Мәселен, түскі асты көбінесе көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн. Көкөністер, әсіресе, оның шикілей желінетіндері (қызанақ, қияр, орамжапырақ), сұйық тағамдар (сорпа, көже) ас қорытатын шырындардың бөлінуін тездетеді. Сондықтан олар қою тағамның алдынан беріледі.Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы қорытылады, денеге жақсы тарайды.