Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін19 ғ-даЫ. Алтынсаринжасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этикалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне түсінікті жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалады. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары20 ғ-дыңбасында көбейе бастады.Қазақ балалар әдебиетінің ең қаулап дамыған кезі -1970-1980жылдар. Бұл жылдарда балаларға жоне жастарға арналған шығармаларды жариялайтын «Жалын» баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық кәдеби конкурс өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша әсер етті. Осы жылдары жазылған М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтердің молдылығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Бұл жылдардағы балалар әдебиетінің проблематикалық сипаты да айрықша. Қ. Омаровтың, Р. Әбілқадырованың, Н. Дәутаевтың, Қ. Түменбаевтың, т.б. балаларға арналған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылуымен бірге заманымыздың көкейкесті мәселелеріне араласады, шешудің жолдарын іздейді.Қазақ балалар әдебиетінің әр кезеңде әрқилы дамуына коғамдық-әлеуметтік жағдай, орыс және шет елдер әдебиеттері әсер етті. Сондықтан, бүгінде көркемдік тәжірибесі толысқан, кадрлары молайған қазақ балалар әдебиеті балалардың әр буынына арналған шығармалар ұсынып келеді.