Биыл 2014 жылы 11-қараша күні Елбасымыз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған өзінің дәстүрлі 19-шы Жолдауын жариялады. «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» деп аталатын бұл Жолдау – жаңа сын-қатерлермен және жаһандық қаржы– экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған бүгінгі әлемде елімізді жұдырықтай жұмылдырып, болашаққа деген нық сенімін ұялатқан тарихи маңызы зор Жолдау болды.
Биылға екінші рет мерзімінен бұрын жарияланған бұл Жолдау-Елбасының тарих толқынында тағдырдың талай-талай сынағынашыдаған өз елін, қара орман жұртын алдағы болатын әлемдік дүбірлі дода алдында тағы да ширықтырып, рухын бекемдеп, қиындыққа мойымай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жасампаздықпен еңбек етуге шақырған үндеуі деп түсіндік біз.
Елбасы жолдауындағы көтерілген маңызды мәселе –қиындықтан шығу жолында ұлттық қор қаражатының жұмсалуы болып табылады. Бұл өте дұрыс шешім, себебі, ұлттық қор нақ осындай дағдарыс жағдайына арналған. «Түстік өмірің болса, күндік ас жи» демей ме халқымыз. Кезінде Елбасының өз бастамасымен ұлттық қорды құруы-даналық шешім болатын. Міне, енді ол елді тығырықтан шығарудың басты жолы болып отыр. «Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс кезен туындап келеді, — деді Елбасы, -бұл қаржы қиын уақыттарды ескеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетің болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналған. Олар экономиканы әрі қарай құрылымдауға бағытталатын болады». Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қазіргі кезеңдегі маңызы зор тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қаматмасыз етеді. Халықтың көпшілігі үшін аса маңызды банк секторын сауықтыруға келер жылы қосымша 250 миллиард теңге жұмсалмақ. Жаңа инвестицияларды тарту үшін тиісті жағдайларды жақсартуға және ұлттық мемлекеттігімздің халықаралық абыройын арттыратың ЭКСПО-2017 кешеніне бөлінген қаржылар қыруар.
Жолдауда жарияланған «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының басты тұғыры 5 жылға есептелген, 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған инфрақұрылымды даму жоспары болып табылады. Елбасының экономиканың осындай қиын кезеңінде қаражатты инфрақұрылымға (темір жол, авто жолдар, электр желілері, газ құбырлары,т.б.) салғаны міндетті түрде аталатындығына еш күмән жоқ. Себебі, бұл — экономикалық заңдылық. 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезінде Қытай дәл осындай жолды таңдаған болатын. Қателескен жоқ.
Елбасы Жолдауында әсіресе жол мәселесіне басқа көңіл бөлінген. «Жол — деді Елбасы,- шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен әуе жолымен, өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өміртамырға айналуы тиіс». Иә, кезінде Батыспен пен Шығысты жалғап, екі дүниенің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани байланыстарының күретамыры болған, бабаларымыз жүрген ұлы Жібек жолы бүгінде қайта жаңғырып, жаңа сипат, зор қарқынмен Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, оның баянды болашағына нүрлы жол ашпақ.
Жолдаудағы қалың көпішіліктің назарын аударған маңызды мәселе — тұрғын үй бағдарламасы болғаны анық. Елбасы 2015 жылдан жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайызды көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард теңге қаражат бөлінетіндігін жеткізді. Өзімізге белгілі, бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен бірі ажырасып жатыр. Бұған әрине, көптеген мәселелер әсер ететіндігі түсінікті, дегенмен де кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80 пайызына жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек. Елбасының жастарды қолжетімді баспанамен қамтамсыз ету мәселесін дөп басып айтқаның байқаймыз.
Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылымдық дамытуға да үлкен көніл бөлінді. Әсіресе білім мен тәлім-тәрбие саласында, балалар бақшасын дамытуға 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге, ал мектептерді жөндеуге және жаңалауға 70 миллард теңге бөлінбек. Біздің тілегіміз — ел игілігі үшін ұлттық қордан жұмсалатың осынау қыруар қаржылар қолды болмай, өз мақсатына толық жұмсалса екен деп тілейміз.
Жолдаудың соңында Елбасы Қазақстан халқын осынау қиын кезенде жұдырақтай жұмылдырып топтасуға, бірлік пен ұлтаралық келісімде аянбай еңбек етуге шақырады. «Толысандықтаң жаһандық сынынан өту үшін-деді Елбасы, — біздің топтаса білуіміз керек. Біз барлық қазақстандықтар арасында сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! БұларҚазақстанның болшағына кілттер. Этносаралық келісім-ол өміршендік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады-біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді сақтауға тиіспіз».
Жолдауда Елбасы жастарға арнулы үндеу айтты. «Мен жастар-біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буының алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», — міне, біздің креативті ырғақты жастарымызды күш-жигер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» –деді Елбасы. Ендеше, ел болашағы-қадірлі жастар! Елбасының Сіздерге артқан сенімін ақтанынздар! Өз Отанының иілігі үшін қажымай, талмай білім алып, ғылыммен айналысып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосыныздар дегім келеді! Бұл жолда Сіздерге «Сырдария» университеті мол мүмкіндіктер ашып отыр.
Тәелсіз еліміздің басты идеологына айналған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдаудың соңында ұлы ұлттық Идеямыз-«Мәнгілік Ел» жөнінде тағы да рухымызды көтере, нығарлай атап өтті. «Біз – деді Елбасы, — Жалпы ұлттық идеямыз – «Мәнгілік Елді» басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырды. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. «Мәңгілік Ел» — елдің біріктірушы күші, ешқашан таусылмас уақыт көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, ΧΧІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!»
Ия, қандай дәл айтылған рухты сөздер десеңізші! Шынында да Мәңгілік Ел болу- сонау Тоныкөк, Білгі Күлтегін бабаларымыздан келе жатқан «мың өліп мың тірілген» халқымыздың сан ғасырлық ұлы мұраты асыл арманы емес пе еді?! Жатса түсінен, тұрса есінен кетпеген осынау ұлы ұлттық мұрат үшін қаншама қан менен тер төгілгеніне баба тарих куә.
Осынау ата-бабаларымыздың ұлы арманы-Мәнгілік Ел болуды Тәңірім біздің-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан халқының маңдайында жазыпты.
Тарихқа есесі кеткен қазақтың бүгін бақытты болуға, Мәңгілік Ел болуға толық құқы бар! Ендеше бүгінгі алмағайып қиын заманда алпауыт державалардың ықпалына түсіп, жұтылып кетпей, шаң қуып алмай, Мәңгілік Ел болып қалуымыз үшін Нұрағаның нұрлы жолымен жұдырықтай жұмылып, жасампаздықпен енбек етейік ағайын!
Мырзабай МЕЙІРБЕКОВ тарих ғылымдарының кандидаты