Нерв ұлпасы – нерв жүйесінің негізгі құрылымдық элементі. Нерв ұлпасы нерв клеткаларынан немесе нейрондардан (нейроциттерден) және глиалықклеткалардан немесе глиоциттерден тұрады.
Импульстарды орталық нерв жүйесіне беретін нейрондарды афференттік немесе сенсорлық нейрондар дейді, ал афференттік қозғаушы, нейрондарды импульстарды орталық нерв жүйесінен эффекторларға береді.
Сезімдік, аралық және қозғаушы нейрондар қосылап, рефлекторлық доғаны құрайды. Нейрондардың өзара жанасқан жерін синапстар дейді.Синапстар қоздырушы және бөгеуші болып бөлінеді. Нейронның денесін және онан тарайтын цитоплазмалық өсінділерді ажыратады. Осы өсінділердің саны мен орналасуына қарап нейрондарды уни – псевдоуниби және мультиполярлы деп бөледі. Импульстарды клетканың денесіне өткізетін өсінділерді дендриттер деп атайды. Импульстарды клетканың денесінен басқа клеткаларға немесе шеткі органдарға өткізетін өсінділераксонда немесе нейрит деп аталады. Бұлар дендриттерге қарағанда жіңішке және олардың ұзындығы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Аксонның дисталдық учаскесінің нейросекрециялық қабілеті бар, ол түйме сияқты ұшпен аяқталатын көптегн жіңішке бұтақшаларға тармақталады. Түйме тәрізді ұштарында ерекше зат нейромедиаторға (ацетилхолин) толы ұсақ көпіршіктер мен көптеген митохондриялар болады.
Нейроглия
Нейроглия – нерв ұлпасының көмекші және маңызды құрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импульстарын өткізбейді, бірақ олар нерв ұлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады. Сонымен бірге мидың эпифиз және гипофизінде нейроглия осы органдардың негізгі массасын құрайды және секреторлық функция атқарады.
Нейроглия клеткаларының бірнеше типтері бар: нерв түтігінен дамитын макроглия(глиоциттер ) мен мезенхимадан пайда болатын микроглия (глиалық макрофактар).
Макроглия клеткаларының екі катигориясын ажыратуға болады: астроциттер мен олигодендроциттер. Астроциттер протоплазмалық және талшықты болып бөлінеді.
Протоплазмалық астроциттер ми мен жұлынның сұр затында орналасқан, оның денесінен тармақталған қысқа және жуан өсінділер тарайды. Талшықтарды құрамайды. Ми мен жұлынның ақ затында фибриллалық немесе талшықты астроциттер болады. Астроциттердің екі типі бір – бірімен өзара байланысты және нейрондар орналасатын үш өлшемді шырматылып жататын тор құрайды.
Олигодендроциттер ми мен жұлынның сұр және ақ затында орналасқан. Бұлар астроциттерден ұсақ келеді. Нерв жүйесінің орталық бөлімдерінің сұр затында бұлар нейрондар денесінде жанаса орналасады, ақ затта қатар құрап немесе топтанып жатады, ал орталық нерв жүйесі аймағының сыртында олар нерв клеткаларының өсінділерін және және олардың ұштық аппараттарын бойлап орналасады, оларды Шванн клеткалары немесе нейролеммациттер деп атайды.
Микроглияның клеткалары мидың сұр, ақ заттарында орналасқан. Ми зақымдалған кезде бұл клеткалар фагоциттерге айналады және амебаша қозғалып жылжып, бөгде денелердің қаптап келуіне кедергі болады.