Лекоциттерді 1673 ж Левенгук ашқан. Лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда саны аз. Бір лейкоцитке 1000 эритроцит келеді. Ересек адамның 1мм3 қанында 6-8 мың лейкоциттер, жаңа туған нәрестеде екі есе көп болады. Лейкоциттердіің саны бір тәуліктің өзінде де өзгеріп отырады. Мысалы, ас қорыту кезінде көбейеді, міне, сондықтан қанның анализін аш қарында алу керек.
Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды және бұлар ядролы клеткалар.
¤ткен ғасырдың 80 жылдарында Эрлих лейкоциттерді екі топқа бөлген: гранулоциттер немесе дәнді лейкоциттер және агранулоциттер немесе дәнсіз лейкоциттер деп. Гранулоциттердің негізгі белгілері мыналар: 1) цитоплазмасында ерекше дәндер болады; 2) ядролары сегменттелген; 3) гранулоциттердің митоздық жолмен көбейетін қабілеті болмайды және бір түрі екінші түріне ауыспайды.
Агранулоциттердің белгілері қарама – қарсы: 1) оларда ерекше дәндер болмайды; 2) ядролары сегменттерге бөлінбеген; 3) агранулоциттердің кейбіреулері бөлінеді және бір түрі екінші түріне айнла алады. Лейкоциттердің тағыда бір эритроциттерден өзгешелігі өздеріне тиісті қызметін тамырлардың ішінде емес, олардан тыс атқарады. Гранулоциттердіің үш типі бар. Ерекше гранулалары қышқыл бояғыштармен боялатын клеткаларды ацидофильдік дәні лейкоциттер дейді немесе әдетте, бояғыш ретінде эозин алынатын болғандықтан, эозинофилді дәнді лейкоциттер, я болмаса эозинофилдер деп атайды. Гранулалары негізгі бояғыштармен қанық боялатын лейкоциттерді базофилдік дәнді лейкоциттер немесе базофилдер дейді. Гранулалары не ацидофилдікке, не базофилдікке жатпайтын лейкоциттерді нейтрофилді дәнді лейкоциттер немесе нейтрофилдер дейді. Нейтрофилдерді полиморфты деп те атайды, полиморфты ядролы лейкоциттер деген терминнің қысқартылған аты.
Дәнсіз лейкоциттердің екі түрі бар: саны көп және ұсақ түрін лимфоциттер, ірі түрін моноциттер дейді.
Лимфоциттер деп аталуы қанда ғана емес, лимфада үнемі кездесетіне байланысты.
Нейтрофилдер лейкоциттердің 50 – 70 процентін құрайды. 1мм3 қанда 3000 – нана 6000 – ға дейін нейтрофилдер болады. Адамның 5 литр қанында 15-тен 30 миллионға дейін нейтрофилдер болады. Бұл лейкоциттердің ішіндегі көбі. Нейтрофилдер миелоидтық ұлпада (сүйек майында) дамиды. Гранулоциттер қан ағысында 8-12 сағаттан артық болмайды. Сонан кейін олар ұсақ тамырлардан (венулалардан) шығып, дәнекер ұлпасына барады. Нейтрофилдердің ядросы бөлңіктерге бөлінген. Пісіп жетілген клеткалардың ядросы 2 – 5 бөліктен тұрады. Цитоплазмасында көптеген гранулалар болады. Әрбір клеткада 50-ден 200-ге дейін гранулалар болатыны анықталған. Нейтрофилдер лизосомаларға бай келеді. Нейтрофилдерің митохондрияларында тотықтырғыш ферменттердің активтігі жоғары. Нейтрофилдер гидролиздеушіжәне тотықтырғыш ферменттердің көп болуы олардың маңызды қызметімен байланысты. Бұл клеткалардың фагоцитоздық активтігі күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып қорыта алады. И.И. Мечников оларды микрофагтар деп атаған. Нейтрофилдер жылжып қозғалып, тамырлар арнасынан шығып , қабыну ошағына көп мөлшерде жиналады. Микроорганизмдерді қармап ұстап, оларды гидролиздейді, сонымен бірге клетканың өзіде ферменттердің әсерінен ыдырайды. Нейтрофилдер ыдыраған кезде микроорганизмдердің дамуын бөгейтін және клеткалардың көбеюіне дем беретін физиологиялық белсенді заттар бөлініп шығады.
Эозинофилдер лекоциттердің 1 – ден 4 процентіне дейінін құрайды. 1мм3 қанда 120 дан 350 – ге дейін эозинофилдер болады. Нейтрофилдерге қарағанда ірірек ядросы жіппен байланысқан екі бөліктен тұрады. Эозинофилдерде Гольджи аппараты мен митохондриялардан басқа органеллалар болмайды деуге болады. ¤здерінің түзілетін орны сүйек майын қалдырып эозинофилдер бірнеше сағат қанда болады да содан кейін, нейтрофилдер сияқты, олар қан арнасынан шығып, ұлпаларға кетеді, онда бірнеше күн болады. Эозинофилдер, әдетте ішектің, өкпенің, терінің борпылдақ дәнекер ұлпасында және сыртқы жыныс мүшелерінің беткі дәнекер ұлпасында байқалады. Нейтрофилдерге қарағанда олар баяу қозғалады және фагоцитоздық белсенділігі де кем.
Базофилдер лейкоциттерді 0,5 – тей процентін құрайды. Клетканың жартысын екі бөліктен тұратын ядро алып тұрады. Қанның ұю процесіне қатысады және қанның пішіндік элементтерінің тамырға өтуін қамтамасыз етеді. Аллергиялық және қабыну реакцияларына да қатысады.
Лимфоциттердің екі типін ажыратады: кіші лимфоцит және орташа немесе үлкен лимфоцит. 1мм3 қанда 1000 – 4000 дейін лимфоциттер болады. Адам қанының лейкоциттерінің жалпы санының 25 – 35 проценті лимфоциттер. Жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде лимфоциттердің саны 60 процентке жетеді, ал кәрі адамдарда 20процентке дейін кемиді. Лимфоциттер клеткалардың екі популяциясынан тұрады: 1) тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимоциттер деп аталатын тимустар немесе алқым безінде орналасқан лимфоциттер. Тимустан шыққаннан кейін бұларды Т- лимфоциттер деп атайды. Т – лимфоциттер клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде клеткаларды, кем – кетікті дамыған клеткаларды жойып жібереді, патогендік вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу бағытын анықтайды. 2) В – лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді бактериялық және қайталаушы вирустық инфекциядан қорғайды.
Моноциттер лейкоциттердің 2 – ден 8 процентке дейінгі санын құрайды. 1мм3 қанда 200 – ден 600 – ге дейін болады. Лейкоциттердің ішіндегі ең ірісі. Моноциттерге амебаша қозғалыс пен фагоцитоз тән. Моноциттер бактерияларды ғана емес, сонымен бірге клеткаларды қалдығын, антигендер мен бөгде белоктарды да фагоцитоздайды. И.И. Мечников бұларды макрофагтар деп атаған. Моноциттер трофикалық функция да атқарады. Дағдылы жағдайларда моноциттер қанда үш күндей болады да, содан кейін оны тастап шығып кетеді.