Жұмыртқа ұрықтанғанан кейін бөліне бастайды. Жұмыртқа клеткасын бөліну процесін бөлшектену дейді. Бөлшектену барлық көп клеткалы жануарларға тән. Оның нәтижесінде көп клеткалы ұрық пайда болады, Жануарлардың белгілі түрінің дене клеткаларына тән-ядролық цитоплазмалық қатынас қалпына келгенге дейін бөлшектене тоқтамайды. Сонан кейін белоктың синтезі бәсеңдейді. Осының нәтижесінде әр бір жеке клетка аналық клетканың үлкендігіне дейін өседі.
Түрлі омыртқалылар ұрығының бөлшектенуі түрліше жүреді, олйа болу себебі жұмыртқа клеткасындағы сары уыздың саны мен орна ласуна байланысты. Сарыуыз жоқ немесе аз я орташа болса, ұрықтанған жұмыртқа клеткасы толықтай бөлшектенеді, ал сарыуы көп болған жағдайда зиготаның сарыуызы жоқ бөлігі ғана бөлшектенеді. Осыған байланысты бөлшектенудің екі түрін ажыратады: толық және толық емес бөлшектену деп. Толықтай бөлшектенетін жұмыртқа клеткасын голобласталық, ал жартылай бөлшектенетінін меробласталық деп атайды.
Жұмыртқа клеткасының толық бөлшектенуі бір қалыпты (ланцетниктерде) жәен бір қалыпты емес (кейбір дөңгелек ауыздар, шеміршекті балықтар, қосмекенділер) болып бөлінеді. Бұлай болып бөлінуі жұміртқа клеткасының сарыуызның саны мен орналасуына байланысты.
Жұмыртқа клеткасының жартылай бөлінуі беткі және диск тәрізді болуы мүмкін. Бөлшектенудің бағытына қарай радиальдік, спиральдік, билареральдық бөлшектену болып бөлінеді.
Радиальдық бөлшектену омыртқалыларға, тікен терілілерге, губкаларға тән. Билатеральдық бөлшектену тарақтыларда, қабықтыларда және басхордалыларда байқалады.
Спиральдық бөлшектену немертиндерде, сақиналы құрттарда және моллюсклердің көпшілігінде кездеседі. Бөлшектенудің нәтижесінде ортасы қуыс көп клеткалы бірқабатты ұрық пайда болады. Мұндай ұрықты бластула дейді. Бластуланың қабырғасын құраушы клеткалардың қабатын бластодерма (қоймалжың массаға толы) ал бластуланың қуысын – бластоцель немесе дененің алғашқы қуысы дейді. Кейбір жануарларда бөлшектену моруланың түзілуіне әкеліп соғады. Морула ішінде қуысы жоқ шар тәрізді ұрық.
Бөлшектену морула немесе бластуланың пайда болуы мен аяқталғаннан кейін клеткалық материалдың қозғалып, орын алмасуының нәтижесінде бір қабатты ұрық екі қабатты ұрыққа – гаструлаға айналады.
Гаструланың пайда болуына әкеліп соғатын процесті гаструляция (гаструлалану) дейді, ал осы процесс кезінде түзілетін клеткалық қабаттарды — ұрықтық жапырақшалар деп атайды. Сыртқы жапырақшаны эктодерма, ішкісін энтодерма дейді. Гаструла стадиясында алғашқы ішек немесе архентерон түзіледі. Омыртқалы жануарларда гаструлалану кезінде кезінде үшінші, орта жапырақша – мезодерма пайда болады. Осы ұрықтың жапырақшалардан даму барысында ұлпалар мен органдарды қалыптастыратын ұрықтық бастамалар пайда болады.
Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструляциямен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы пайда болады. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында пайда болады. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан клеткалық элементтердің жиынтығы. Жоғары сатыдағы омыртқалыларда үш қабатты құрылысты ұрық гаструляция процесі кезінде пайда болады, ал төменгі хордалыларда және басқа типтерде гаструляция нәтижесінде екі қабатты эмбрион түзіледі. Оыртқасыз жануарлардың көпшілігінде мезодерма бөлшектену стадиясында оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан телобластылар деп аталған екі үлкен клеткадан түзіледі. Мезодерманы құраушы осы клеткалар ұрықтыңартқы ұшында орналасқандықтан телобластылар деп атаған.
Адам мен хордалы жануарлар ұрықтарында нерв түтігінің түзілу процесін неруляция дейді. Дамудың бұл кезеңі нейрула деп аталатын эмбриондық даму стадиясында жүреді, гаструляция процесі аяқталғаннан кейін. Нейруляция кезінде білікті органдар – хорда мен сомиттердің пайда болуы және басқа эмбриондық бастамалардың оқшаулана бастайтынын байқалады. Білікті органдардың түзілуі хордалылардың бәріне тән. Хорданың екі жанында орналасқан мезодерманың клеталарының жиынтыығы сегменттелген мезодерма немесе сомиттер. Орталық нерв системасының бастамасы нерв түтігі ретінде нейрула стадиясында сыртқы ұрықтық жапырақшадан қалыптасады.
Ұрықтық жапырақшалардың түзілу кезеңінде оның клеткалық құрамында айырмашылықтар байқала бастайды. Барлық көп клеткалардың әрбір ұрықтық жапырақшаларының тағдыры бірдей болады.
Эктодерма даму процесі кезінденерв түтігі, ганглиялық пластинка, плакодалар (эктодерманың қалыңдауы), терінің эктодермасы және ұрықтан тыс эктодерма сияқты эмбриондық бастамаларды береді. Осы эмбриондық бастамалардан мына ұлпалар мен орган дар пайда болады.Ганглиялық пластинкадан дене және вегетативтік нерв жүйесінің ганглияларының макроглиясы мен нейрондар, нервтердің макроглиясы, берек үсті бездердің милы қабаты, эктомезенхима т.б.пайда болады. Плакодалардан кейбір ганглиялардың макроглиясы мен нейрондарды, тепе-теңдік, есту органдары мен көз бұршағы дамиды. Тері эктодермасы тері эпидермасының және туындыларының (тері бездері, шаш, тырнақ, т.б.) ауызқуысының кіреберсінің, қынаптың, тікішектің кілегей қабықшасының эпителийін, тіс эмалінің бастамасын береді. Ұрықтан тыс эктодермадан амионның, хоринның, кінік бауының эпителийі, ал бауыр мен жорғалаушылар мен құстардың серозалық қабықшасының эпителийі пайда болады.
Энтодермадан ішек пен сарыуыз энтодермасы түзіледі. Ішак энтодермасынан асқорыту жолымен бездердің эпителийі және тыныс алу органдарының эпителийі дамиды. Сарыауыз энтодермасынан сарыауыз қапшығының эпителийі жіктеледі.