Арктогея патшалығы – Европаны, Солтүстік Африканы Азияның көп бөлігін,
Солтүстік Американы алып жатады. Азор аралдары, Мадейра және Жапон аралдары кіреді.Ландшафті алуан түрлі Солтүстікте тундра, тайга, аралас ормандар, дала мен шөл аймақтары кіреді.
Жер көлемі үлкен болғанымен, фаунасы кедей. Сүткоректілерден 7 эндемикті тұқымдастар кіреді. Эндемикті құстар тұқымдастары одан аз. Рептилиялар солтүстіктен оңтүстікке қарай көбееді. Жалпы арктогея фаунасында тропикалық топтар аз.
Арктогея патшалығы полеарктика және неарктика бөлімдерінен тұрады. Поеарктика аймағы Евразияның қоңыржай және суық бөлімдерін алып жатады. Канар, Азор, Исландия, Командор, Курил, Жапон аралдары кіреді.
Фаунасы ежелгі, тропикалық.. Кейіннен бұл фауна өзгерді. Сүткоректілерден 2 эндемикалық тұқымдастар бар. Жануарлар әлемінен Прежевальский аты, құлан, жабайы қабан, түйе, зубр мекен етеді. Құстар әлемі алуан түрлі. Тоқылдақтар, көгершіндер, сай-рауық. Рептилиялар мен амфибиялар фаунасы кедей. Хамелеондар, кесірткелер, кобра жыландары, құрбақалар мекен етеді. Жануарлар әлемінде омыртқасыздар орны ерекше. Қоңыздар, термиттер көп мекен етеді.М.А. Мензбир (1934) Полерактиканы үш аймаққа бөлді. 1) Европалық Сібір, 2) Жерорта теңіздік. 3) Ортазиялық .
Бұл жерлердің жануарлар дүниесі өзіне лайықты болып келеді.
Европалық Сібір бөлігі – Евразия материігінің солтүстігін алып жатыр. Төрттік дәу-ірдің мұз басу ықпалында болған. Соның салдарынан фаунасы өзгерді. Солтүстікте фауна кедей, оңтүстікке қарай алуан түрлі болады.
Европалық Сібір жерінің табиғаты мынадай:
1) Тундра зонасы Солтүстік мұзды мұхиттың жағалауын қамтиды. Өсімдіктерден муктер мен қыналар. Сүткоректілерден солтүстік бұғысы, ақ құндызы, ақ аю, кеміргіштерден –леммингтер. Құстар әлемі алуан түрлі.
2) Тайганың жануарлар әлемі тундраға қарағанда көп. Құстар әлеміде алуан түрлі. Тоқылдақ, клестер, шурлар. Рептилиялардан- батпақты тасбақа, кесірткелер. Амфибиялардан квакша бақасы, көл бақасы мекен етеді. Омыртқасыздар насекомдармен берілген.
Дала аймағы – ашық жерлерде мекен ететін жануарлармен берілген. Сүткоректілерден тұяқтылар- тарпандар, сайгактар, жабайы өгіздер мекендейді. Кемір-гіштер әлемі өте көп. Құстардан – жыртқыш құстар, су құстары тіршілік етеді.
Рептилиялар мен амфибиялар алуан түрлі. Жыландардың бірнеше түрлері, көл бақасы мекендейді. Қара теңізбен Каспи көлінде тұщы балықтар мекен етеді.
Ангар бөлігі – Шығыс сібірді қамтиды. Фаунасы Европа бөлігінің фаунасына ұқсас. Ежелгі жерорта теңіз жерлері – жерорта теңізінің маңындағы Орта Азия мен Орталық Азияға кіретін жерлер. Климаті – аридті. Батыста мәңгі жасыл ормандар. Оңтүстікке қарай шөлейіт пен шөл жерлері.
НЕАРКТИКА БӨЛІМІ:- Бұған Солтүстік Американың бөлігі, Алеут және Вакувер, Ньюфаундленд, Гренландия және Бермуд аралдары. Солтүстік Американың рельефі ерекше. Кордильеры таулары, көлдер: Мичиган, Гурон, Верхнее, Эри және Онтарио. Солтүстік Америкада климаттың барлық түрлері кездеседі. Тундра, тайга, жалпақ жапырақты ормандар, прериялар. Оңтүстік аймақтарында фаунасы алуан түрлі. Сүт коректілер 3 эндемикті тұқымдастарды құрайды. Қалталылардан – оппоссум, кеміргіштерден-гофер эндемикті тұқымдастары. Қояндар көп. Жыртқыштардан – қасқырлар, түлкілер. Гризли аю мекен етеді.Тұяқтылардан вилофагтар, бұғылар. Құстар әлемі – суда жүзетін құстармен берілген.
Рептилиялардан – игуандар, фринозамалар. Тасбақалар әлемі алуан түрлі. Атақты гофер тасбақалары, қолтырауындар мекен етеді. Тұщы суларда-балықтар әлемі алуан түрлі.
Омыртқасыздар насекомдармен, моллюскалармен берілген. Неарктика аймағын 2 бөлікке бөледі.
- Канада бөлігі. 2) Сонор бөлігі.
Канада бөлігін материктің солтүстік аймағы алып жатыр. Тайга мен тундрамен
берілген. Жануарлар әлемі жергілікті жердің климатына бейімделіп тіршілік етеді. Ақ аю, қоян, солтүстік бұғысы, леммингтер. Кеміргіштер көп кездеседі.
Солтүстік Американың жануарлар әлемі алуан түрлі. Тұяқтылардан – солтүстік бұғысы, қарлы қойлар, қарлы текелер. Жыртқыштардан –гризли аю, барибал, кума, енот, Америка құсы. Канаданың кеміргіштер әлемі де алуан түрлі. Құстардан – тоқылдақ, тирандар, колибри құстар мекен етеді.
Сонор бөлігі – Канада бөлігінің оңтүстігінде орналасқан. Калифорния, Орталық және Атлантикалық бөлімдерінен тұрады. Калифорния бөлігінің климаты жерорта теңіздік. Қысы жылы, жазы ыстық құрғақ. Өсімдіктері ксерофитті. Сүткоректілерден – эндемикті аплодонті түрлер жатады. Олар көбінесе кеміргіштер. Эндемикті құстар өте көп. Кондор құсы Амфибиялармен рептилиялар кездеседі. Прерия жануарларынан – бизондар, вилорогтар, жайылым иттері, азия шакалдары немесе кайоттар. Прерия құстары да алуан түрлі болып келеді.
Атлантика бөлімі Солтүстік Американың шығыс бөлімін алып жатыр. Жалпақ жапырақты ормандар, прериялар және таулы ормандары бар.
Сүткоректілерден ақ құйрықты бұғы, шошқалар, пума, скунс, қара аю мекен етеді. Ягуарлар, ацелот,ягуарунди мекендейді. Кеміргіштерден – шығыс гофері, үнді атжалманы, америка опоссумі кездеседі. Кайман тасбақалары, қолтырауындар түрлі жыландар мекен етеді.
Тұщы сулары- балықтар әлеміне өте бай. Арктогея патшалығы- эндемикті жануарларға, өсімдіктерге бай өлке болып саналады.