Бұл облыс Боренц теңізінің, Норвег теңізінің, Солтүстік теңізінің, Балтық теңізінің
үлкен бөліктерін қамтиды. Бүкіл аймақ Гольфстрим жылы ағысының ықпалында болады. Сондықтан фауна аралас болып келеді.
Эндемикті жануарлардан – гренландия мысығы, құстардан кайралар, гагарлар кездеседі. Құстар – құс базарын құрайды.
Омыртқасыз жануарлардан шаянтәрізділер, крабтар, қызыл теңіз жұлдызы, кораллдар . мекендейді.
Борео-Атлантикалық облысқа: Жерорта теңіздік-Атлантикалық, Сармат, Атлант-Бореальдік және Балтық аудандары кіреді.
Боренц теңізі, жылы атлант және суық арктика суларының түйіскен жерінде орналасқан. Сондықтан фаунасы алуан түрлі. Гольфстрим ағысы Баренц теңізінде мұхиттік тұздылықты пайда етеді. Омыртқасыз жануарлар алуан түрлі. Моллюскалар, мидиялар, ірі хитондар және қызыл теңіз жұлдызы мекендейді.
Балтық теңізі саяз теңіздерге жатады.Теңіздің солтүстік бөлігі қатады. Фаунасы кедей, пайда болу жағынан аралас. Тұщы сулардың балықтары кездеседі. Омыртқасыз жануарлар жоқтың қасында.
МҰХИТТЫҢ ЗООГЕОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІНУІ.
Қара теңіз Азов теңізі сияқты Сармат ауданына кіреді.Бұл қарапайым ішкі су қоймалары. Өйткені Жерорта теңізбен байланыс Босфор бұғазы арқылы болады.
Қара теңіз фаунасы кедей. Литоральдік аймағы молюсскалармен берілген. Эндемигі –ланцетник . Балықтардан губандар, теңіз күшіктері, теңіз аттары т.б. Қара теңіздің аралас фаунасы – Жерорта теңіздік фаунасына ұқсас болады.
Антибореальдік аймаққа – Антарктиданың литораль және субантарктикалық аралдар мен архипелагтар жатады.
Оларға: Оңтүстік Шотландық , Оркнейлік, Оңтүстік Георгия жерлері кіреді. Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америка жағалауының сулары жатады. Бұл жерді екі облысқа бөледі.
- Антарктикалық .
- Антибореальдік.
Антарктикалық облыс үш мұхиттың суларын қамтиды. Бұл мұхит сулары
Антарктида мен маңындағы архипелагтың жағалауларын шайып тұрады. Климаты суық, арктикалық . Облыстың фаунасы теңіз сүткоректілерден тұрады. Оларға оңтүстік мысық, теңіз жолбарысы, Уэдел тюлені, теңіз пілі кіреді. Құстардан пингвиндер колониямен тіршілік етуде. Әсіресе император пингвині мен Адели пингвині. Антарктидың пелагиальді жануарларының түрлері Арктикада кездеседі. Мұны биполярлық таралуы дейді.
Биполярлық таралудың екі болжамы бар: 1. Реликтілік. 2.Миграциялық. Бірінші болжам бойынша –биполярлық ареалдар кезінде тұтас болған, тропикалық аймақтыда қамтыған, сол жерде кейбір түрлердің популяцисы жойылған.
Екінші гипотезаны Дарвин жасаған. Бұл гипотеза бойынша биоплярлық мұз
басудың нәтижесінде қалыптасқан. Мұз басудың аяқталуы, тропикалық аймақтың жылынуы, жануарлардың таралуына мүмкіндік береді.
Антибореальдік облыс – оңтүстік материктердің жағалауларын қамтиды. Жануарлардың тіршілігіне жағдайлары қолайлы. Фаунасы өте бай. Оңтүстік Австралия жерінің фаунасы өте бай және алуан түрлі. Теңіз жануарларына – теңіз мысығы, теңіз пілі, тюльендер, теңіз жолбарысы жатады. Құстардан айдарлы пингвиндер және көптеген омыртқасыз жануарлар.
Оңтүстікамерикалық жердің фаунасы өзгеше. Бұл аудан Оңтүстік Америка жағалауларын қамтиды. Гумбольдт пингвині Галапогос аралдарына дейін жеткен. Теңіз жануарларының солтүстікке қарай жылжуы Перуан суық ағысы жеңілдетеді. Шаян тәрізділердің 150 түрі бар.
Оңтүстік Африкалық ауданның көлемі үлкен емес. Оңтүстік Американың атлантикалық және үнді мұхитінің жағалауларын қамтиды. Атлантикада оның шекарасы 17 0 о.е. дейін жетеді, ад Үнді мұхитыныда 240дейін барады.
Бұл аймақтың фаунасына оңтүстік мысығы, пингвиндер, эндемикті моллюскалар, шаянтәрізділер тән. Ашық мұхиттың су түбімен байланысы жоқ тіршілікті пелагиаль дейді. Пелагиальдың жоғары бөлігін – эпипелагиелб дейді, түбіне қарайғы жағы – батипелагиаль деп аталады.
Эпипелагиельдік аймақ – Тропикалық, Бореальдік және Антибореальдік деп бөлінеді.
Тропикалық аймақ-судың беткі қабатының жоғарғы температурасымен ерекшеленеді.
Ал төменгі қабатындағы су температурасы әрине, төмен болады. Моллюскалардың, медузалардың пелегиальдік формалары кездеседі.
Атлантикалық аймақ жануарларының әлемі өзінің аса бөтен ерекшелігімен танылады. Киттәрізділер, аккулалар, ұшатын балықтар кездеседі. Плейстоннан –сифонофора кездеседі. Теңіз аттары, ине –балық, антенарий балығы тағы да моллюскалар ұшырасады.
Индо- Пацификалық облыс. – ерекше жануарлар әлемі арқылы ерекшеленеді. Үнді киті, желкен қанатты балықтар, қылыш балықтар кездеседі.
Бореальдік аймаққа солтүстік жарты шардың суық және қоңыржай сулары жатады. Қиыр Солтүстік жерінің жартысынан көбі қыста мұз басып жатады. Суының тұздылығы орташа. Жануарлар дүниесі кедей және біркелкі. Оңтүстікке қарай 40 с.е. температурасы тұрақсыз жерлер кездеседі. Бұл жерлерде жануарлар көптеу кездеседі. Бұл аймақты екіге бөледі: 1. Арктикалық облыс. 2. Эвбореальді облыс.
Артика облысының жануарлар дүниесі кедей болғанымен ерекше айқындалған. Гренландия киті, дельфиндер кездеседі. Балықтардан поляр акуласы кездеседі. Молюскалар, шаянтәрізділер мекендейді.
Эвбореальді облыстың пелагиальді аймақтары Атлант және Тынық мұхитінің солтүстік бөліктерін қамтиды. Судың температурасының ауытқуы айқын байқалады. Тропикалық және арктикалық сулардан айырмашылық жасайды.
Атлантикалық пелагиальі киттердің бірнеше түрлерін, дельфиндерді қамтиды. Балықтар әлемі алуан түрлі. Скумбрия, макрель, тунец, қылыш балық , шпрот, сардина кездеседі. Бұл жерлерде алып акула бар.
Тынық мұхитының боральдік бөлімінде жапон және сұр киттер мекендейді. Балықтардан сардина, калифорния балығы, жапон скумбриясы кездеседі.
Антибореальдік аудан – Тропикалық аймақтың оңтүстігіне қарай дүниежүзілік мұхиттың белдеуі орналасқан. Сол жерде антибореальдік аймақ ажыратылады. Бұл аймақтың пелагиаль біркелкі фаунамен ерекшеленеді. Австралия киттері мен ергежейлі киттер, кашалот, жолақ киттер кездеседі. Балықтардан – анчоус, сардина.Бұл аймақтың балық аулау шаруашылығында маңызы ерекше. Бұл екі ауданның фаунистикалық ерекшелігі шамалы.