Теңіздерде тіршіліктің болуы биоциклдің тіке бөлшектенуімен бірге ағзалардың су тубіне бекіп тіршілік етуіне қажетті субстраттың болуы немесе қозғалуына байланысты болмауына қарай анықталады. Бұдан шықты, теңіз жануарларының литоральдық, пелагиальдік және абиссальді аймақтарда тіршілік етуі әр түрлі. Осыған байланысты дүниежүзілік мұхиттің аудандастырылған зоогеографиялық бірегей жүйесін құру мүмкін емес, мұның өзі теңіз жануарларының көбінің жүйелік тобының өте кең, көп жағдайда космополитті таралуы бұрынғыдан да қиындай түседі. Белгілі бір аймақтарда индикатор ретінде жеткіліксіз дәрежеде зерттелген туыстар мен түрлер ареалдарың пайдалану себебі міне осыдан. Оның үстіне теңіз жануарларының түрлі классы таралудың әрқилы суретін береді. Осы дәлелдердің бәрін ескеріп зоогеографтардың басым бөлігі теңіз фаунасын аудандастырудың үш жүйесін мақұлдайды – литоральды, пелагиальді және абиссальді.
ЛИТОРАЛьДАРДЫҢ ФАУНАЛЫҚ БӨЛШЕКТЕНУІ.
Литоральдардың фауналық бөлшектенуі өте анық көрінеді, өйткені, осы биохордың кейбір салалары құрлықтан да және климаттық аймақтардан да жеткілікті дәрежеде оқшауланып, ашық теңіздің кең кесінділерімен бөлінген.
Орталық тропикалық аймақты және оның солтүстігіне жайғасқан бореальді, ал оңтүстігінде – антибореальді аймақ бөліп тұрады. Осы аймақтардың әр қайсысының ішінде түрлі мөлшердегі салалар бөлінеді. Соңғылары өз кезегінде салалық бөлшектерге бөлінеді. Сулы ортаның жылуды жақсы сіңіруінің нәтижесінде мұхиттар мен теңіздерде температура тұрақты.
Су жылуды жақсы өткізеді. Бұл тіршілік үшін қолайлы. Ағзаларда жүретін барлық тіршілік әрекеттері судың тікелей қатысуымен жүреді. Мұхит суының құрамында тұздар және елуге жуық химиялық элементтер кездеседі.
Суда оттегі мен көмірқышгазы жақсы ериді. Жасыл балдырлар фотосинтез арқылы суды оттегімен қамтамасыз етеді. Мұхит суының химиялық құрамы тұрақты.тіршілік үшін өте қолайлы. Мұхит суының беткі қабатында тіршілік ететін ағзаларды планктон дейді. Оған бір клеткалы балдырлар, медузалар, былқылдақ денелілер және шаян тәрізділер жатады. Мұхиттарда планктондар және басқа да тіршілік ететін жануарлардан басқа су түбіне бір нәрсеге бекініп немесе жорғалап жүріп тіршілік ететін ағзаларды бентостар дейді. Мұхитта ірі жануарлар негізгі тіршілікті құрайды. Оған балықтар, тасбақалар, ескек аяқтылар және дельфиндер киттер жатады.Мұхит тіршілігі шашырап таралған және барлық қабаттарда біркелкі болмайды. Мұхит суының беткі екі жүз метрге дейінгі қабаты тіршілік үшін қолайлы. Мұхитта тіршілік ететін кейбір қарапайымдылардың және былқылдақ денелілердің денесінің сырты кремний немесе әктаспен қапталған қабыршақтан және бақалшақтан тұрады. Әлемдік мұхиттарда ағзалар биомассасы мың есе аз. Бұл мұхит суының тірі ағзаларға бай еместігін көрсетеді. Әлемдік мұхит суы жер шарының климаттық жағдайын реттейді. Бір жасушалы балдырлар ауа құрамындағы оттегі мөлшерінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Мұхитта тіршілік ететін кәсіптік мәні бар жануарларды қорғау мәселесі қолға алынып отыр. Дүние жүзілік мұхиттар ішінде Үнді мұхиты жануарлар дүниесіне өте бай болып келеді. Гидробионттардың барлық түрлері кездеседі. Мұхит суы тіршіліктің таралуына өте қолайлы өйткені, жылы климаттық белдеулер мұхит үстінен өтеді. Солтүстік мұзды мұхит басқа мұхиттарға қарағанда биомассаға кедейлеу болып келеді. Климаты қолайсыз болғандықтан жануарлар дүниесі аз. Төменгі температураға бейімделген жануарлар ғана тіршілік етеді. Сүйекті және шеміршекті балықтар сүткоректілер, және басқа да биомасса түрлері. Тынық мұхит көлемі жағынан үлкен мұхитқа жатады. Жануарлар әлемі алуантүрлі және литоральді, бентостік тіршілікпен ерекшеленеді. Мұхитта алып жануарлар соның ішінде киттер, кашалот, дельфиндер, акулалар, басқа да сүткоректілер омыртқасыздар тіршілік етеді. Тынық мұхиты биомассасының байлығынан сол маңында тұратын халықтарды негізге азық түліктермен қамтамассыз етеді. Атлант мұхиты жануарлар дүниесіне өте бай. Балдырлар, фитопланктон, зоопланктон және балықтар әлеміне өте бай бентос жылсайын үш миллион тонна былқылдақ денелілермен қамтамасыз етеді. Балықтардан жыл сайын үш-бес миллион тонна өнім беріп тұрады. Пелагиальда тіршілік ететін балықтар — акула мен скаттар химералар, сүйекті балықтар өте көп мекен етеді. Бентостық тіршілік ететін жан жануарлар өзінің биологиялық ерекшелігімен тіршілік әрекетін жасайды. Мұхит жағалауындағы өркениетті елдер мұхиттағы балықтарды аулауды кәсіп етеді. Заңсыз және ретсіз гидробионттарды аулау олардың санын азайтуда.
Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау әлемдік мұхитқа жылына он миллион тонна мұнай төгілуне алып келеді. Төгілген мұнай судың бетін тұтас жауып ондағы тіршілікке орасан зиян келтіруде Атлант мұхитының ластануы ерекше көзге түседі. Сондықтан әлемдік мұхитты қорғау бүкіл адамзаттың міндеті. Егерде гидробионттар саны азайып кетсе Ғаламшарда құрлық мұхит арасындағы тепе теңдік бұзылады. Биоресурстар азайып кету қауіпі бар. Сондықтан Дүниежүзілік мұхит суының байлығын ретпен пайдалану әр бір азаматтың борышы.